Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет14/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47

39
кәмелетке  толмаған  баланың  ата-анасын  алмастырушы  (in  loco  parentis) 
ретінде сөйлейді . Мекеме, үй тобы немесе асырап алушы (фостерлық) ата-
аналарға шығындар өтемі төленеді . 
АҚШ жетім балаларды орналастырудың негізгі түрлері мыналар: 
• фостерлық (асырап алушы) жанұялар (foster families) – 75% балалар;
• оңалту орталықтары (Residential Treatment Centers);
• топтық үйлер (Group Homes) .
Фостерлық жанұя құрылымның ең тиімді түрі болып табылады . Қандай да 
бір себептермен фостерлық жанұяға орналастыру үшін жарамсыз балалар 
топтық үйлер немесе оңалту орталықтарына беріледі . Бұндай үйлер өзінен 
институционалдық мекеме ретінде келіп, онда алты баладан көп емес және 
минимум бір тәрбиешіден тұратын, балалармен тәулік бойы болатын мекеме 
болып табылады . Бұл мекемеде уақытша болуы, кейін фостерлық жанұяға 
анықтауға, баланы асырап алуға немесе ата-анасының жанұясына оралу-
ына мақсатталған . Осындай мекемелерде балалардың болуының мақсатқа 
лайықтылығы балалардың дамуы мен бейімделуі туралы сұрақтармен айна-
лысатын ғалымдарда үлкен күмән туғызады . 
АҚШ-та  баланы  асырап  алу  тәуелсіз,  тәртіптен  тыс  (independent 
adoption) немесе баланы асырап алушы Агентік (adoption agency) арқылы 
жүзеге асады . Баланы асырап алушы Агенттігі өздері жұмыс істейтін штат-
тан  лицензия  алады .  АҚШ  үкіметі  арнай  вебсайт  (the  Child  Information 
Gateway) қолданады, онда лицензиясы бар агенттіктердің тізімі ұсынылған . 
Баланы асырап алу бойынша агенттіктер жекеменшік секілді мемлекеттік 
те болып келуі мүмкін . Жеке меншік агенттіктер кішкентай балаларды асы-
рап алуда мамандандырылса, ал мемлекеттік агентіктер әдетте қазіргі кез-
де асырап алушы жанұяларда немесе институционалдық мекемелерінде 
тұратын  балаларға  көмектесуге  мамандандырылады .  Тәуелсіз  баланы 
асырап алу заңды тұлғаның (attorneys) қолдауымен жүзеге асады . Осын-
дай жағдайда асыранып алушы балалардың негізгі тобын жаңа туған ба-
лалар құрайды . Жаңа туған балалардың 55% жуығы асырап алынуға осын-
дай  түрде  беріледі .  Негізінен  асырап  алушылар  балалар  тәрбиеленген 
фостерлық  жанұядан  болуы  мүмкін  немесе  баланың  туған-туысқандары 
болып табылады . Егер АҚШ мемлекеттік фостерлы қамқорлық жүйесіндегі 
бала  18  жасқа  толғанға  дейін  ата-ана  жанұясына  оралмаса  немесе  асы-
ранып алынбаса, олар осы жүйенің бөлігі болудан қалады және мемлекет 
олар үшін жауапты болудан қалады .
2-тарау. Халықаралық тәжірибе


40
Ұлыбританияда кәмелетке толмаған балаларға (childrenlookedafter не-
месе  childrenincare)  күтімнің  орнын  басу  сұрақтары  муниципалдық  білім 
беруді  жүргізуде  орналасқан .  Муниципалдық  кеңес  «біріккен»  ата-ана 
статусын алады және осындай балаларға заңдық шешімдердің барлығын 
қабылдайды .  Біріккен  ата-ана  міндеті  Кеңестік  комитетке  (Corporate 
Parenting  Advisory  Committee)  жүктеледі .  Комитет  муниципалды  кеңестің 
қамқорлығында жүрген қамқорлықтағы балалармен үнемі кездесіп отыра-
ды .  Күтуді  алмастырушы  жүйеде  баланың  барлық  болу  уақытында  әрбір 
балаға  бекітілген  әлеуметтік  жұмысшы  бала  үшін  тікелей  жауапкершілік 
алады . Әлеуметтік жұмыскер балаға күтім бойынша жеке жоспар құрады, 
онда баланың қызығушылықтары мен хоббиін қолдау, жанұясымен, доста-
рымен байланысын қамтамасыз ету, діни және мәдени тәрбие, денсаулық,  
білім беру саласының қажеттіліктері қандай түрде қанағаттандырылатыны 
сипатталады . Күтуді алмастырушы жүйеге бала түскеннен кейін 4 жұмадан 
кейін жоспарды бағалау жүргізіледі, одан соң 3 айдан кейін және әрбір 6 
айдан кейін бағалау жүргізіліп отырады .
Ұлыбританияда күтуді алмастырудың негізгі түрлері: 
• 
фостерлық жанұя (75%  бала);
• 
кішкентай балалар болашақ асырап алушылармен бірге өмір сүре 
алады, егер бұндай шешім бала мүддесі үшін оңтайлы екеніне сот 
келіссе немесе егер ата-ана баланы асырап алуға құжаттарын тап-
сырса;
• 
үлкен  жастағы  балалар  және  ерекше  қажеттілігімен  (мысалы, 
мүгедек  балалар)  балалар  арнайы  мектеп-интернаттарына  неме-
се балалар үйіне орналастырылуы мүмкін . Ұлыбританияда АҚШ-та 
секілі осындай құрылым түрлерінің тиімділігі сыналады;
• 
16  жастан  бастап  балалар  жартылай  тәуелсіз  шартында 
(әлеуметтік  жұмыскердің  бақылауымен)  өзінің  үйінде  немесе 
мамандандырылған жатақханаларда бөлек өмір сүре алады .
Туған ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды тұрақты орналастыру 
спектор түрлерінің көбейуі 1990 жылдардың аяғындағы саясаттың басым 
жақтарының бірі болып табылады . Балалар туралы Заңды (1989 г .) еңгізу 
уақытынан бастап, балаларды тұрақты орналастырудың негізгі нұсқалары 
мыналар болып табылды:
1) баланы асырап алу
2) фостерлық жанұяда ұзақ уақыт тұру
3)  соттың  шешімі  бойынша  ұзақ  уақыт  тұру .  Балалар  туралы  Заңның 


41
(2002)  жаңа  редакциясында  2005жылдан  бастап  балаларды  тұрақты 
орналастырудың  тағы  бір  түрі  қарастырылған  –  ерекше  қамқорлық 
(Special Guardianship) . 
 
Берілген  форма  асырап  алуға  беру  мақсатына  сәйкес  емес  балалар 
үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етеді .Қамқоршы оның тәрбиесіне 
байланысты кез-келген шешім қабылдауға құқық алады және балаға күтім 
бойынша  барлық  аспектілері  бойынша  өзіне  толық  жауапкершілік  ала-
ды .  Берілген  орналастыру  формасы  бала  мен  оның  туған  ата-анасының 
арасындағы  заңды  байланысты  бұзбаса  да,  қамқоршы  ата-ана  міндетін 
жүзеге асыруға айрықша құқығы бар . Бала құқығын қорғаумен байланысты 
жалпы сипаттағы араласудан басқа, олар тәрбие процесіне тікелей арала-
суды тоқтатады және бала жергілікті билік органдарының қорғау объектісі 
болудан  қалады .  Сонымен  қоса  жергілікті  билік  өздеріне  қамқорлық 
міндетін  алған  адамдарды  қолдау  үшін  қызмет  спектрін  қамтамасыз  ету 
міндетті . Берілген баланы орналастыру формасы соттың шешімінде қарсы 
келтірілмесе  де,  ол  бала  мен  ата-анасына  немесе  басқа  да  туыстарына 
(байланысқа ата-ана құқығы сотпен шектелген жағдайдан басқа) ешқандай 
шектеу  қарастырылмайды .  Осы  жағдайда  қамқоршылардың  асырап 
алушыларға қарағанда баланың өмір сүру жағдайы туралы әрі қарай сотың 
қайта қарауынан аз қорғалған және баламен құқық қарым-қатынасы шек-
телген болып келеді . 
Ұлыбританияда  балалардың  фостерлық  жанұяда  тұрудың  мынындай 
формалар кең таралған:
• Жедел қысқа уақыт тұру: егер баланы бірнеше күнге бір жерде қалдыру 
керек болса; 
• Қысқа уақыт тұру: бала үшін болашаққа жоспар дайындалғанға дейін, 
ол жанұяда бірнеше жұма немесе бірнеше ай өмір сүреді; 
• «шағын каникулдар»: егер бала мүгедек болса, егер тәртібіне байла-
нысты  ерекше  қажеттіліктер  немесе  қиындықтар  болса,  оны  уақытша 
(оның ата-анасы немесе тұрақты асырап алушы жанұя демалып жатқан 
уақытта) фостерлық жанұяға бағыттай алады;
•  Арнайы  дайындалған  фостерлық  ата-анамен  тұру:  егер  сот  балаға 
кәсіби  күтім  (мысалы,  тәртібімен  қиындықтар  болған  жағдайда)  қажет 
деп шешсе;
• Ұзақ уақыт тұру: бөтен жанұяда амалсыздан тұратын кейбір балалар 
асыранып алынғылары келеді, осындай жағдайда олар асырап алушы 
жанұяларда кәмелеттік жасқа толғанға дейін өмір сүруге қалады;
2-тарау. Халықаралық тәжірибе


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау