81
Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілетті мекемесінің
Концепциясы (Отбасын қолдау орталығы (қызметі)
ОҚорғаншылық және қамқоршылық органының жаңа моделінде негізгі
құрылымдық бөлім ретінде балалар мен отбасыларды зерттеу және оларға
көмектесу (баланың туған отбасы мен алмастырушы отбасылар) бойын-
ша кәсіби жұмыстарды атқаратын «Орталық (Қызмет)», «Өкілетті мекеме»
қарастырылады .
Міндеттер шартты түрде келесідей бөлінеді:
1 . Қорғаншылық және қамқоршылық органы шешім қабылдайды .
2 . «Отбасын қолдау орталығы (қызметі)» бұл шешімдерді дайындайды
(зерттеу жүргізіп, бақылайды, дайындық жұмыстарын жүргізеді) және
бұл шешімдердің орындалуы бойынша жұмыстарды жүргізеді .
3 . Бұл жұмыстардың қорытындысы да бағаланады және қорғаншылық
және қамқоршылық органы тұрақты түрде жұмыс қорытындыларын
тыңдаудан өткізіп, әрі қарайғы араласу және көрсетілетін көмек
түрлеріне қатысты шешім қабылдайды .
Мұндай қызметтер ретінде білім беру, денсаулық сақтау немесе халықты
әлеуметтік қорғау органдары жетекшілік ететін кез-келген бағыныштылық
формасындағы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім
балаларға арналған, профилі өзгертілген/өзгерген мекемелерді пайдалану
жоспарлануда .
Мекеменің бала мен отбасыны оңалту тұрғысындағы қолдау
жұмыстарын орындау үшін мемлекеттік қамқоршы өкілеттігі болу тиіс .
«Отбасын қолдау орталығының (қызметінің)» мақсаты:
- баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз
ету,
- отбасыны сақтап қалу және баланың отбасында қалуы үшін (әлеуметтік
патронат) әлеуметтік тұрғыдан қауіпті жағдайдағы отбасылармен
жұмыс .
- егер мүмкін болса баланы
өз туған отбасына қайтару,
- баланы қамқоршы, асыраушы, патронаттық немесе меймандос отба-
сына орналастыру .
Жұмыстың базалық идеясы – баланы асырап алатын немесе мейман-
дос отбасына орналастыру және оның осы отбасына сәтті бейімделуі үшін
жағдай жасау болып табылады .
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің
82
1.
Әлеуметтік тұрғыдан қауіпті жағдайдағы және туған отбасында тұратын бала-
ны оңалту тұрғысынан қолдау: әлеуметтік патронат қызметін жүзеге асыру .
2.
Баланы асырап алушы немесе меймандос отбасына орналастыруға дайын-
дау
мақсатында, туған отбасынан бөлек орналастыруды қажет ететін бала-
мен педагогикалық және оңалту жұмыстарын жүргізу .
3.
Отбасылар мен алмастырушы ата-аналарға берілген, ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалар мен
жетім балаларға психологиялық,
педаогогикалық, әлеуметтік, медициналық және заңгерлік көмек көрсету .
4.
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, қамқоршылар
(қорғаншылар),
асырап алған ата-аналар, патронаттық және меймандос
тәрбиелеушілерге ақпараттық-құқықтық кеңес беру .
5.
Жетім баланың психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік даму
деңгейіне кешенді диагностика жүргізу немесе қатысу .
6.
Баланы асырап алушы және меймандос отбасына
орналастыруға дайындау
мақсатында баланың құқықтарын қорғау жоспарын әзірлеу .
7.
Әлеуетті асырап алушы және меймандос тәрбиелеушілерді іздеу, іріктеу және
дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру .
8.
Баланы асырап алушы және меймандос отбасыларға беруге дайындық
жұмыстарына қатысу .
9.
Баланы отбасында тұрғызуға/тәрбиелеуге қабылдайтын асырап алушы ата-
аналар мен меймандос тәрбиелеуші санатына үміткерлердің дайындығын
кешенді бағалау .
10. Асырап алушы ата-аналар мен меймандос тәрбиелеуші үміткерлерді
әзірленген
бағдарламалар бойынша оқыту;
11. Асырап алушы ата-аналар мен меймандос тәрбиелеуші үміткерлермен
жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық
органдарына ұсыныстар беру .
12. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың алмастыру-
шы отбасыларға бейімделу процесіне мониторинг жүргізу .
13. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету,
кәсіби
тұрғыдан бағыттау, мамандық алу және еңбекке бейімделуде, баспана
құқықтарын қорғауда көмек көрсету .
14. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға интернаттан
кейінгі бейімделу кезеңіне мониторинг жүргізу .
15. Отбасындағы тәрбие мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік
материалдар-
ды жинау, тарату, қорғаншы, асырап алушы және меймандос отбасылардағы
позитивті отбасылық тәрбие тәжірибесін насихаттау .
16. Әзірлемелерді және алынған жұмыс тәжірибесін тарату, балалар құқықтарын
қорғау және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын
ұйымдастыру мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларды өткізу .
ОҚО (ОҚҚ) қызметінің негізгі бағыттары:
83
Отбасын қолдау орталығының (қызметігің) құрылымы
1 . Басшылық құрам .
Қызметтер:
2 . Оқу-тәрбие бөлімі:
3 . Оңалту қызметі:
4 . Әлеуметтік-құқықтық қызмет:
5 . Отбасына орналастыру қызметі:
6 . Әкімшілік-шаруашылық бөлім .
Құрылымдық бөлімшелердің қысқаша сипаттамасы:
1)
Консилиум – баланың дамуы мен қолданылатын шаралардың
тиімділігін ұжымдық бағалау формасы ретінде .
Консилиум (әкімшілік, мамандар, әлеуметтік қызметкерлер мен
тәрбиешілер жиналысы) алқалық орган болып табылады .
Консилиум
шешімі – бұл әлеуметтік қызметкерлердің, мамандар мен тәрбиешілердің
алдын ала үлкен жұмысының жиынтығы . Баланың өмірі мен дамуы жарты
жылда бір рет консилиумда талқыланады . Бұл жиналысқа әр маман ақпарат
неғұрлым толық болуы үшін өз профилі бойынша баланың жағдайы тура-
лы қорытынды дайындайды . Әлеуметтік қызметкер үйге тексеру жүргізіп,
баланың өмірі мен дамуын бағалау бойныша форма толтырады . Тексер-
геннен кейін әлеуметтік қызметкер консилиум шешімінің жобасын және
бала мен отбасының өмірі мен дамуын жақсартуы тиіс қажетті шаралар
тізімін дайындайды .
Консилиумға дайыдық кезінде өте маңызды бірнеше міндеттер шешімін
табады:
- тәрбиеленушінің асырап алушы отбасында өз-өзін қалай сезінетіні ту-
ралы
тұжырым жасалады,
- баланың қажеттілігі қаншалықты өтеліп жатқандығы анықталады,
- отбасы мен отбасы мүшелерінің өзін-өзі қалай сезінетіндігі, өзара
қарым-қатынас пен патронат балаға деген қарым-қатынас анықталады,
- асырап алған отбасында осы уақытта орын алған, әкімшілік білуі тиіс
өзгерістер анықталады .
2) Оқу-тәрбие бөлімі
Диагностикалық класс, оның мақсаты балаларды мектепке бейімдеу,
балаға біраз уақыттан кейін жалпы білім беретін мектепке, жасына сай
келетін класқа оқуға баруына мүмкіндік беру .
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің