Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет31/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47

90
қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдарының  өкілдерімен  жоспарды 
қайта  қарау  бойынша  жыл  сайынғы  тексерулерді  ұйымдастыруға  бірге 
қатысады .
Әлеуметтік патронат қызметі
Қызмет  баланың  денсаулығы  мен  өміріне,  оның  қалыпты  дамуына 
қауіп бар әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылармен профилактикалық 
жұмысты  ұйымдастырады,  балалар  үйіне  –  өкілетті  мекемеге  түскен  ба-
ланы  қайтару  мақсатында  оның  туған  отбасымен  жұмыс  жүргізеді,  бала 
құқығын  қорғау  бойынша  жоспар  жобасын  дайындайды,  қорғаншылық 
және  қамқоршылық  органы  өкілімен  бірге  жоспарды  қайта  қарау  бой-
ынша  жыл  сайынғы  тексерулерді  ұйымдастыруға  қатысады,  әлеуметтік 
патронат  бойынша  жұмысты  жүзеге  асырады,  әлеуметтік  патронаттағы 
баланың  дамуы  және  дамуы  мен  тәрбиелену  мониторингін  бағалайды, 
бұл  балалар  мен  олардың  отбасыларының  басқа  қызметтермен  байла-
нысын  ұйымдастырады,  отбасымен  жасалған  әлеуметтік  патронат  ту-
ралы  келісімшарт  шеңберінде  осы  балалардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерінің қорғалуына жауап береді . 
Баланы асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру жөніндегі бөлім
Балаға  жаңа  отбасын  іздеу  және  осы  жаңа  отбасын  қолдау  міндетін 
балаларды  отбасыларға  орналастыру  қызметі  шешеді .  Бұл  –  баланы 
тәрбиелеуге алғысы келетін отбасылармен жұмыс істейтін жүйе, сондай-
ақ  баланы  орналастырғаннан  кейін  бала  мен  отбасыны  әлеуметтік-
психологиялық  қолдау  жүйесі .  Жобада  баланы  тәрбиелеуге  алғысы 
келетін  отбасылардың  қабілеті  мен  дағдыларын  бағалауға  бағытталған 
тәсіл  қолданылады .  Қабілеті  мен  дағдыларының  болуы  тұрғысынан 
үміткерді  бағалау  тәсілінің  принциптері  (бала  қауіпсіздігі  бәрінен  жоғары, 
тұлғаны  сыйлау,  құпиялылықты  сақтау,  кеңестер  мен  кері  байланыстың 
конструктивтілігі, қабілеттерін көрсетуде үміткерлерге көмек көрсету, бала-
ны тәрбиелеу стандарттарының айқындылығы мен келісілгендігі) .
Бұл  бөлім  қоғамды  алмастырушы  тәрбие  туралы  хабардар  етеді,  ба-
ланы  өз  отбасына  алғысы  келетін  азаматтарды  іздеу,  іріктеу,  тестілеу 
және тренингтік дайындық жүргізеді (асырап алушы ата-аналар мектебі), 
сондай-ақ  оларға  қажетті  көмек  көрсетеді,  алмастырушы  ата-аналарға 
кеңес береді, отбасылық терапевтік сессия жүргізеді .
Отбасын  іріктеу  отбасы  мен  баланы  тексеру  мәліметтерінің  негізінде 
жүргізіледі  және  оған  балалар  үйінің  барлық  қызметі  қатысады .  Баланы 
қабылдауға келіскен жағдайда отбасының бір мүшесі балалар үйімен еңбек 


91
келісімшартын жасайды . Осы сәттен бастап ол асырап алған тәрбиелеуші 
болады, ал бала – оның асырап алған тәрбиеленушісі болады . 
Бұл  кезде  бала:  асырап  алған  тәрбиелеушінің  отбасында  тұрады, 
тәрбиелеушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша әдеттегі мектепте оқиды, 
аудандық балалар емханасына тіркеледі, заңды түрде балалар мекемесінің 
тәрбиеленушісі  болып  қалады,  балалар  үйінің  тәрбиеленушісіне  тиесілі 
барлық жеңілдіктері сақталады: 18 жасқа толғанда баспана алу құқығы, оқу 
орындарына  түсетін  кездегі  жеңілдіктері,  жазғы  және  қысқы  каникулдар-
да  мемлекет  есебінен  демалу  құқығы,  тегін  жүріп-тұру  және  көрмелерге, 
мұражайларға және т .б . тегін бару . 
Асырап  алған  тәрбиелеуші  (отбасы):  еңбекақы  алады,  балаға 
жәрдемақы алады, әлеуметтік кепілдіктер, оған еңбек өтілі есептеледі, ол 
балалар  үйінің  қызметкерлерімен  бірге  баланы  тәрбиелеу  мәселелерін 
шешеді  –  қажет  болған  жағдайда  баланы  балалар  психологына  әкеледі, 
«ересектер» психологына барады, «ата-аналар университетіне» және т .б . 
барады, жаңа қарым-қатынас ортасына енеді . 
Баланы отбасына орналастырғаннан кейін отбасы мен балаға кешенді 
әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетіледі  (отбасына 
әлеуметтік  қызметкер  барады,  психологтардың,  педагогтардың  жұмысы, 
оқуын ұйымдастыру, тәрбиелеушілер мен балаларды дамыту және қарым-
қатынас ортасын құру, бақылау жүйесі) . 
Орталық мамандары баланы жыл сайын тексеруден өткізеді, қажеттілігіне 
қарай  заңгерлік,  психологиялық,  медициналық  және  материалдық  көмек 
көрсетеді, туған туыстарымен қарым-қатынасты реттейді, мектеппен өзара 
байланысына  көмек  көрсетеді,  балалардың  қысқы  және  жазғы  демалы-
старда демалуын қамтамасыз етеді . 
Осылайша,  ОҚО-да  (ОҚҚ)  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  бала-
ны  бейімдеу  және  әлеуметтендіру  үшін  ұйымдастыру  және  әлеуметтік-
педагогикалық негіздерін қамтитын, баламен және отбасымен жүргізілетін 
жұмыстың жаңа тәсілдері пайдаланылады . Ол баланы оңалту, өзінің туған 
ата-анасымен  қарым-қатынасын  қалпына  келтіру,  баланы  патронаттық 
тәрбиеге  алған  отбасыны  кәсіби  тұрғыдан  дайындап,  одан  әрі  қолдау 
көрсету бойынша жұмыстарды қамтиды . Барлық жұмыс түрлері келісілген 
бірыңғай жоспар бойынша жүзеге асырылады және жұмыс нәтижелеріне 
мониторинг жүргізіліп, бақыланып отырады . Бақылау түрлері мен формала-
ры, қажетті құралдары мен оның бағдарламалық-әдістемелік жасақтамасы 
әзірленеді . 
Мұндай  профилі  қайта  өзгертілген  мекеме  көрсететін  қызметтер 
стационарлық мекеменің стандартты қызметтер жинағынан ерекшеленеді . 
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің


92
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
«ИТБМ  желісін  өзгерту  және  Отбасын  қолдау  орталықтарын 
(қызметтерін) құру»
1 .  Қазақстанда  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен  жетім 
балалардың өмір сүру және тәрбиесінің сапасын жақсарту .
2 .  Интернат типіндегі балалар мекемесінің санын қысқарту .
3 .  Балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің санын азай-
ту,  сондай-ақ  балалардың  интернат  мекемелерінде  тұру  мерзімін 
қысқарту .
4 .  Білім  беру  мекемесінің  –  балаларды  отбасыларға  орналастыру 
жөніндегі кәсіби орталықтың жаңа үлгісін құру .
5 .  Алмастырушы  отбасыларға  (асырап  алған,  қамқоршылық, 
патронаттық отбасы, қазақстандық асырап алушылардың отбасы-
лары) көп деңгейлі түрлі көмек көрсету жүйесін құру .
6 .  Алмастырушы отбасылар мен жетім балаларға көмек көрсету са-
ласында бірыңғай білім беру, ақпараттық-әдістемелік кеңістік құру .
7 .  Қазақстан  Республикасында  отбасылық  алмастырушы  тәрбиені 
дамыту  мәселелерімен  айналысатын  мамандардың  кәсіби 
қауымдастығын құру .
8 .  Алмастырушы отбасыларды қолдау және балалардың отбасылар-
да тұру және тәрбие алу жағдайын бақылаудың тиімді мемлекеттік 
жүйесін құру .


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау