Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет5/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

15
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
Өмірлік қиын жағдайларға тап болған 
отбасыларына қаржылық қолдау
Әлеуметтік  жетімдікті  алдын  алу  формаларының  бірі  ақшалай 
жәрдемақы  төлеу  түріндегі  кейбір  әлсіз  отбасылар  мен  балалар  са-
натына  қаржылық  көмек  көрсету  болып  табылады .  Жергілікті  бюджет 
қаражатынан  қаржылық  көмек  көрсетуді  Бюджеттік  Кодекске,  «Қазақстан 
Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  заңына,  жергілікті  өкілдік  және  атқарушы  органдардың 
басқа да нормативтік-құқықтық актыларына сәйкестікте жергілікті атқарушы 
органдар жүзеге асырады
Ақшалай жәрдемақының түрлері:
• Баланың тууына жәрдемақы;
• 1 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы;
• 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы;
• Мүгедек балаларға мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
• Мүгедек балаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы; 
• Мүгедек балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы (мүгедек балаларды 
тәрбиелеп отырған отбасыларына);
•  Үйде  оқытылып,  тәрбиеленетін  мүгедек  балаларға  арналған 
жәрдемақы;
• Қорғаншылықпен қамқоршылық жасау бойынша жәрдемақы;
• Асыраушыны жоғалту бойынша жәрдемақы;
• Көпбалалылық бойынша жәрдемақы;
• Мекенжайлық әлеуметтік көмек (МӘК) .
Жәрдемақы алу кезіндегі қиындықтар: баланың минималды қажеттілігін 
жабу үшін жәрдемақының жеткіліксіз мөлшері . Жәрдемақы алу барысының 
қиындығы,  көптеген  құжаттардың  талап  етілуі,  мүгедектікті  растау 
қажеттілігі (мүгедектік бойынша жәрдемақы алу үшін), табыстың жоқтығы 
мен кедейлікті растау (МӘК алу үшін) қажеттілігі .
Отбасыны күшейтуге бағытталған бастамашылықты қолдау 
бойынша заңнамалық шаралар 
ҚР  Президентінің  Жолдауы,  2012  жылғы  желтоқсан,  «Балаларды 
қорғау» бөлімі
«Жастарды  отбасы  құндылығы  түсінігімен,  ажырасудың  зияндығын 
түсіндіру арқылы тәрбиелеу керек, себебі ажырасқанда ең бірінші балалар 
зардап шегеді . Балалардың тәрбиесі – бұл тек ананың ғана емес, ең ал-
дымен екі ата-ананың да мендеті болып табылады . Сол себепті Үкіметке: 


16
аналық пен балалықты қорғау саласында, сонымен қатар отбасы мен неке 
саласындағы заңнаманы толығымен қайта қарастыруды тапсырамын» .
«Қазақстан Балалары» Мемлекеттік Бағдарламасы  
5 б . 5 т . жетімдікті алдын алу, отбасы құндылығы мен отбасылық тәрбиені 
үгіттеу бойынша теледидарлық және радио бағдарламаларды құру жолы-
мен  әлеуметтік  жетімдікті  алдын  алу  бойынша  алдын  алу  жұмыстарын 
жетілдіру .
2006-2016  жылдарға  арналған  ҚР  Гендерлік  теңдік  стратегиясын 
бекіту туралы  
Стратегияның  міндеттері:  ұлттық  некелік-отбасылық  заңнаманы 
одан  әрі  жақсарту  мен  отбасын  әлеуметтік  қолдауды  жақсарту;  отбасы 
мүшелерінің  өзіндік  дамуы  мен  баланың  тәрбиесі  үшін  тиісті  әлеуметтік-
экономикалық,  күнделікті-тұрмыстық  жағдайларды  жасау;  отбасы  абы-
ройын  көтеру,  некелік-отбасылық  қарым-қатынасты  нығайту,  отбасы  мен 
неке құндылығын насихаттау; отбасы мен некенің позитивті бейнесін сіңіру 
мен  адамгершілік  құндылықтарды  жаңғырту;  некелік-отбасылық  қарым-
қатынастарда  гендерлік  теңдік  мәселесі  бойынша  халықтың  ақпараттық-
құқықтық хабардар болуын жақсарту болып табылады .
Бұл  үшін  неке  мен  отбасының  рухани  және  адамгершілік  негіздерін 
бекітуге  көмектесетін  жақсы  деген  отбасылық,  этно-мәдени  дәстүрлерді 
жаңғырту 
қажет . 
Жаңа 
жағдайларға 
әлеуметтік-психологиялық 
бейімделу  мен  дағдарыс  жағдайынан  шығу  бойынша  отбасыларына 
мамандандырылған  психологиялық-педагогикалық  қызметтер,  отбасылар 
мен  балаларды  әлеуметтік  қамтамасыз  етудің  жаңа  мамандандырылған 
институттарын құру мен қолданыстағыларын дамыту керек .
Әлеуметтік жетімдікті алдын алу мен отбасыларын нығайту бойын-
ша Ұлттық бағдарлама (SOS Балалар ауылдары)
Бұл бағдарламаның мақсаты отбасыларын нығайту мен ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалу  қаупі  бар    балаларға  қолдау  көрсету  болып  табы-
лады .  Яғни  балаларды  олардың  биологиялық  отбасынан  айыруды  алдын 
алуға  бағытталған  шаралар  тізбегі  жүзеге  асырылады .  Ата-аналарды  білім, 
білік және ресурстармен қамтамасыз ету, өз балаларының үйлесімді дамуы 
мен отбасылық ортада өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету . Бағдарлама отбасы-
ларына  толыққанды  және  өз  балаларына  қамқорлық  пен  қорғаншылықты 
қамтамасыз ете алатындай болуға көмектесуге бағытталған . Сонымен қатар, 
осы Бағдарлама аясында жергілікті қоғамның әлеуетін нығайту бойынша ша-
ралар жүргізіледі . 


17
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
Отбасын қолдау мен нығайту бағдарламасы, балалардан бас тартуды 
алдын алу
Қазақстанның  әрбір  аймағында  мемлекеттік  Кәмілетке  толмағандардың 
бейімделу  орталықтары  бар .  КБО  міндеттеріне  кәмілетке  толмағандардың 
дағдарыстық жағдайдан шығуында жедел көмек көрсету, оларды орналасты-
ру, баланың отбасымен қайта қосылуы жатады .
Балалар үйінде «Үміт» тобы қызмет жасайды, оның мақсаты – жетімдікті 
алдын алу, баланың үйлесімді дамуына, денсаулығы мен өмірінің қорғанысына 
мемлекеттік кепілдік жасау [3] .  
  ҚР  БҒМ  Балалардың  құқығын  қорғау  комитеті  бастамашылығы  бой-
ынша  Кәмілетке  толмағандардың  бейімделу  орталықтарында,  балалар 
үйінде асырап алған ата-аналар мектептері мен отбасыларды қолдау бой-
ынша  37  қызмет  құрылған,  олар  қоғамдық  бастамада  қызмет  атқарады 
және  осы  күнде  мекемелерде  бар  (балалар  үйінде,  КБОда)  балалардың 
отбасыларымен  жұмыс  жасауды  қамтамасыз  етеді,  сонымен  қатар  ерте 
жастан отбасылық төмен жағдайдайды алдын алуға мұқтаж отбасыларды 
қарастырмайды . Қолданыстағы Қызметтердің қызметкерлері мекемелердің 
тәрбиелеушілер мен мамандары болып табылады . 
Осыған бірден бір тәжірибе Шығыс-Қазақстандағы бірнеше жыл жұмыс 
істеп  келе  жатқан  Усть-Каменогорск  қаласы  әкімдігіндегі  «Отбасы  мен 
балалық шақты қолдау орталығы» .
Орталық  2008  жылы  ЮНИСЕФ  бастамашылығы  бойынша  «Балаға 
мейірімді қала» халықаралық жобасы аясында құрылған . Оның қызметінің 
мақсаты  өмірлік  қиын  жағдайға  тап  болған  отбасылар  мен  балаларға 
психологиялық, әлеуметтік және заңды көмек көрсету болып табылады
Орталықтың міндеттері:
1 .  Күтілетін  жағдайды  зерттеу  және  отбасылар  мен  балалардың 
әлеуметтік-психологиялық қолдауға мұқтаждылықтарын бағалау . Тиісті 
қызметтерді жасап, ендіру .
2 . Осы әлеуметтік-демографиялық топқа қатысты мәселелер шеңберін 
анықтау .
3 .  Ата-аналарды,  педагогикалық  қызметкерлерді  баланың  отбасында 
тәрбиеленуі мен отбасыларының жемісті қызмет жасауын қамтамасыз 
ететін технологияларға оқыту .
4 .  Өмірлік  қиын  жағдайларға  тап  болған  жасөспірімдермен  және  ба-
лалармен  жұмыс  жасайтын  орталықтың  әлеуметтік-психологиялық 
қызметінің алдын алу мен түзету-дамыту қызметін ұйымдастыру .
5 . Балалар өздері тұрып жатқан қалаға қатысты мәселелерді шешуде 
қатысуын қамтамасыз ету .


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау