33
•
Ішкі құжаттама барлық жерде дұрыс жүргізіле бермейді (балалар
туралы ақпараттар жинау мен дайындау, есептер және т .б .)
•
Тәрбиелеуші-ата-аналардың
арнайы
педагогикалық,
психологиялық, заңгерлік білімдері мен біліктіліктері жоқ .
4 . Жеке ОТБҮ айрықша қажеттіліктерімен және психикалық
дамуының кідірістері бар балалардың инклюзивті білімге қолжетімділігі
әрдайым бола бермейді . Мұндай балалардың қажеттіліктері жергілікті
билік тарапынан мүлдем ескерілмейді десе болады . Балаларды қолдау
мен мониторинг жүйесі жоқ .
5 . Жергілікті басқару органдарының тарапынан өзара әрекеттестік
пен қолдау қаналдары жоқ, сонымен қатар балалар құқығын сақтау
бойынша уәкілетті органдардың тарапынан бақылау да жоқ . Жергілікті
билік органдары осындай үйлер мен жетімханаларға жасалған көмек
адекватты болатындай жаңа құқықтық және әлеуметтік тәсілдерді
түсіндіруге мұқтаж .
6 . Жергілікті бірлестіктердің осындай асыранды отбасыларға
қарым-қатынасы күрделі болып қалуда . Асырап алған ата-аналар осы
балалардың есебінен ақша табады және олардың еңбегін қолданады
деп саналады .
ОТБҮ оңтайландыру үшін мүмкіндіктер
1 . ОТБҮ тәрбиешісі қызметіне маңызды таңдау аса жоғары білім
беру деңгейімен тұлғалар, әсіресе – психологиялық-педагогикалық
білімімен, балалықты қорғау жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен; ТЕ:
«Баланы отбасына беру кезінде балаларды тәрбиелеу тәжірибесі
ескеріледі» .
2 . Орындардағы отбасыларын қолдау орталықтарын құру
есебінен әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау, ОТБҮ
тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру мен мамандандырылған
дайындықтары жүйесін құрау .
3 . Мектептерде (жалпы оқыту жүйесі), мектепке дейінгі және мектеп-
тен тыс мекемелерде мекенжайлық көмек базасында ОТБҮ әлеуметтік
қолдау .
4 . Отбасылық типтегі мамандандырылған балалар үйін (МШБ үшін)
құрау . Тиісті Стандартты жасау .
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
34
5 . Қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының қызметкерлер
штатын көбейту .
6 . ОТБҮ тәрбиелекшілерін мемлекеттік көтермелеу (мемлекеттік
сыйлық, марапат, қаржылық қолдау)/
ОТБҮ нормативті-әдістемелік қолдау бойынша ұсыныстар
1. ОТБҮ Әлеуметтік-педагогикалық қызметтерінің стандартта-
рын жасау:
ОТБҮ тәрбиешісі лауазымына үміткерлерді іздеу, таңдау және
оқытудың тәжірибелік талаптары, еңбегін бағалау (асырап алған ата-
аналарды аттестациялау және асырап алынған балалар жағдайының
мониторингісі), ОТБҮ тәрбиешілерін мамандық ынталандыру (санат
беру), асырап алған отбасыларға әдістемелік, әлеуметтікгикалық,
заңды және басқа да көмек көрсету .
2. Кәсіби алмастырушы отбасыларын құру мен қолдаудың
технологиялық алгоритмдерін ендіру, қорғаныш органдары
мамандарының жұмысына асыранды балалардың жағдайының
мониторингісін ендіру/
3. ТЕ келесі нақтылауларды ендіру:
5 б . Отбасылық типтегі балалар үйі 23 т . Отбасылық типтегі бала-
лар үйі жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін
қамтамасыз ету нормаларынан шыға отырып, қаржыландырылады .
Ред.:
•
Отбасылық типтегі балалар үйі жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін қамтамасыз ету
нормаларынан шыға отырып, жергілікті немесе мемлекеттік
бюджет қаражатымен қаржыландырылады .
•
Ғимарат пен үй-жайдың шаруашылық қызмет көрсетілуіне,
жылыту, жарықтандыру, ағымдағы жөндеу, байланыс
қызметтеріне төлем, тұрмыстық қызметтерге қаражат осы
аймақта қолданылатын нормалар мен тарифтер бойынша
бөлінеді .
•
Дәрілік заттарды алуға ақшалай қаражат негізгі қажеттіліктерге
бөлінген қаражаттан бөлінеді .
•
Отбасылық типтегі балалар үшін құрау кезінде қорғаныштық
35
және қамқорлық жасау органы оны қажетті құрылғылармен,
жиһаз және жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз етеді .
•
Балалар үйіне қосымша қаражаттарды тарту оның
құрылтайшысы (құрылтайшылары) есебінен балалар үйін
қардыландырудың нормативтік және (немесе) абсолюттік
көлемдерінің төмендеуіне әкелмейді .
4 . «АҚША БАЛАНЫҢ АРТЫНАН ЖҮРЕДІ» принципі жұмыс жасау ке-
рек . Жетім статусы бар бала қайда жүргеніне қарамастан . Балаларды
отбасылық орналастыру формаларында, сонымен қатар ОТБҮ күтілуін
қаржыландыру мақсатында әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден транс-
ферттерге рұқсат беру керек .
5 . Сәйкесінше төрт немесе одан артық бала, сонымен қатар
қорғаншылық пен қамқоршылық орнатылған балалар бір жылдай тұрып
жатқан отбасылық титегі балар үйіне жеңілдіктер берілуі керек, мыса-
лы:
•
қолданыстағы заңнамамен орнатылған нормалар шегінде
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді (пәтерлік төлем) 50%
төмендету
•
қолданыстағы заңнамамен орнатылған нормалар шегінде
коммуналдық қызметтерді (газбен жабдықтау, электр энергия-
сын пайдалану және басқа да қызметтер) пайдаланғаны үшін
төлемді 50% төмендету;
•
егер сәйкесінше үйлер орталықтандырылған жылумен
жабдықталмаған
жағдайда,
қолданыстағы
заңнамамен
орнатылған нормалар шегінде отын құнын 50% төмендету;
•
пәтерлік телефондарды кезексіз орнату . Пәтерлік телефонды
пайдаланған үшін абоненттік төлемді бекітілген тарифтен 50%
көлемінде төмендету .
Отбасына қонаққа (Меймандос отбасы)
Әлі заңнамалық бекітілім алмағанына қарамастан «меймандос
отбасы» сияқты түсінік (форма) соңғы кезде Қазақстанда кеңінен
қолданысқа ие болуда13 . Меймандос режимін пайдалану мүмкіндігі үшін
ҚР БҒМ балалардың құқығын қорғау комитетімен арнайы Әдістемелік
ұсыныстар жасалған болатын [11] .
Халықаралық тәжірибеде меймандос режимі көбінесе «меймандос
патронат» немесе тәлімгер ретінде пайдаланылады, бұл баланы отба-
сына тұрақты тұруға рәсімдеусіз көмек көрсету формасы болып табы-
лады . Демалыс, мейрам немесе оқу демалысы кездерінде бала қонақ
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
Достарыңызбен бөлісу: |