Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау. 1990 жылы «республика Президенті»


Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшудің ерекшеліктері мен жүру барысы



жүктеу 160,17 Kb.
бет16/48
Дата07.01.2022
өлшемі160,17 Kb.
#37033
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
ТАРИХ РК-2

13. Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшудің ерекшеліктері мен жүру барысы.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтар кездесті. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті. Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік. алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. 1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып,республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгiзiлyiмен тауарлардың барлыө түрі бірден қымбаттады. Қабылданған нарыққа өту баңдарламасын кәсіпорындардың, сауда орындарының бірқатар жетекшілері өнім бағасын шектен тыс қымбаттату деп түсінді. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы, кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы баланың күрт жоғарылауына әкеп соқты. Тек бағаны босатудың алғашқы кезеңінде (1992 жылғы қаңтар) ол 186.4 есе, ал сәуірдегі (1991) реформадан кейін - 554,6 есе өсті. Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасының өсуіне ықпал еткен факторлар энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме баланың алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе қымбаттады. Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті. Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы бір айлықтан екіншісіне дейін зорга жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда калды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді.

1992 жыл өте күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауына Ресейде жасалған реформаны сол қалпында қайталау да біршама әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады. Нарықтық экономиканы қалыптастыру. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа экономиканы басқару құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметі мен рөлін түбірлі өзгертуді қарастырды. Жаңа нарықтық қатынас жағдайында министрліктер қызметі түбірімен өзгерді. Ендігі олардың міндеті кәсіпорындарды басқару емес, саланың дамуын үйлестіру, техникалык прогрестің маңызды бағытын таңдауды және өндірісті дамытуды негіздеу болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық, икемді өндірістік құрылым жасау мақсатымен терең экономикалық реформа жағдайында 1992 жылға қарай 35 тұрақты қоғам, 75 салааралық және сыртқы экономикалық қауымдастықтар, 30 концерн мен консорциум, 30-дан аса коммерциялық банк құрылды.

Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе - меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Жекешелендіру экономикалық дағдарыстың тереңдеуімен қатар келді. Республикада ірі кәсіпорындардың үлестік салмағы жоғары болатын. Шикізат шығаратын және өңдеуші өнеркәсіп саласы басым еді. Сондықтан жекешелендіруге өтуде республиканың экономикалық даму ерекшелігін ескеру қажет болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті жойылды. «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» Заң мемлекеттік меншік түрлерін төмендегідей өзгертуді қарастырды. Олар: мүлікті жалға беру; жалға берілген мүлікті сатып алу; мүлікті еңбек ұжымдары мүшелерінің сатып алуы; мүлікті конкурс немесе аукцион арқылы сатып алу; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдырып қайта құру еді.

Meншік құрылымдары түрлерінің артықшылығымен қатар кемшіліктері де болғанын айтып өту керек. Орта және ірі мемлекеттік касіпорындарды жекешелендіруде акционерлік қоғам құру (АҚ) басым болды. Ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіруде сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері тікелей сатуға шығарылды.




жүктеу 160,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау