42.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі мен халықаралық жағдайы.
Тәуелсіздік алысымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа өзін танытуға белсене кірісті. Осы мақсатта еліміз халықаралық беделді ұйымдардың жұмысына араласа бастады. 1992 жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құндылықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 3 наурызда БҰҰ-ға мүшелікке енуі ел үшін тарихи маңызды оқиға болғаны ақиқат. Біріншіден, еліміз әлемдік қауымдастықтың белсенді субъектісіне айналды. Қазақстанды әлем танып, мойындады. Біз өзімізді толғандырған өзекжарды мәселелерді әлем халықтарымен бірге талқылау мүмкіндігіне ие болдық. Бұлай болуы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін біршама нығайтты. Екіншіден, Қазақстан өзінің мүдделеріне сәйкес әлемнің мемлекеттерімен екіжақты, көпжақты қарым-қатынастар жасуына, өзі қалаған халықаралық саяси, экономикалық, мәдени және қаржылық ұйымдарға кіруге зор мүмкіндіктерге ие болды. Үшіншіден, БҰҰ-ға мүшелік елде демократия, бостандық, бейбітшілік пен этникалық татулық идеяларының неғұрлым кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Себебі БҰҰ-ның мақсаттары мен құндылықтары Қазақстанның арман-мақсаттарымен үндес болды. Төртіншіден, Қазақстан БҰҰ-ға мүше болуы арқылы әлемдік қауіптер, қайшылықтар мен қиыншылықтарға қарсы бірлесіп күресу үшін одақтастар тапты. Өзінің көпвекторлы сыртқы саясатын баянды етуге бағытталған мүмкіндіктерге ие болды.
БҰҰ-ның Қазақстанда 15 ұйымы жұмыс істейді:1)БҰҰ-ның Даму бағдарламасы;2) БҰҰ Балалар қоры(ЮНИСЕФ);3)БҰҰ Халық қоныстану қоры(ЮНФПА);4)БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы;5)БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы;6)БҰҰ еріктілері;7)Әйелдер қоры ЮНИФЕМ;8)Халықаралық еңбек ұйымы;9)БҰҰ білім,ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым ЮНЕСКО;10)Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;11)БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымыЮНИДО;12)Дүниежүзілік банк;13)Халықаралық валюта қоры;14)ЮНЭЙДС ұйымы;15)Қоғамдық ақпарат жөніндегі департаменті
Достарыңызбен бөлісу: |