Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау. 1990 жылы «республика Президенті»


Қазақстандағы индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік Бағдарламасы



жүктеу 160,17 Kb.
бет15/48
Дата07.01.2022
өлшемі160,17 Kb.
#37033
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
ТАРИХ РК-2

11. Қазақстандағы индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік Бағдарламасы.
12. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы әлемдік стандарттарға кірігу жолындағы реформалары және «Интеллектуалды ұлт-2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуы.
1990 жылдардың бірінші жартысында республиканың әлеуметтік саласындағы жағдай шын мәнінде нашарлай берді. Жыл өткен сайын мемлекеттің білім беру саласына бөлетін демеу қаржысы азая түсті: мысалы, 1990 жылғы 6%-тен 2000 жылы 3,5%-ке дейін төмендеді. Қаржыландырудың қысқаруы, өз кезегінде, педагогтардың әлеуметтік жағдайының және білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуының нашарлауына келтірмей қоймады. Нәтижесінде, білім беру саласының төмендеуі, білім беру мекемелері мен кұрылымдарының қысқаруы орын алды.

1991 жылмен салыстырғанда, 1998 жылы республикада мектепке дейінгі мекемелер саны 70%-ке дейін қыскарды. Дағдарыс жағдайында ауылдық мектептердің жабылуы ауылдың білім беру және мәдениет саласындағы дамуы денгейінің құлдырауына келтірді, өйткені ауылдық мектептер кашанда білім беру мекемелері ғана емес, соны мен қатар мәдени ағарту орталықтары да болып келген. Алайда дағдарысты жағдайға қарамастан, ҚР Президенті «Қазақстан-2030» Жолдауында білім беру саласына ерекше назар аударды.Білім беру жүйесін 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленіп білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын ауқымды жоспарлар жасалды. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің кұкықтық негіздерін калыптастыру үшін, 1992 жылы - «Білім туралы» 1993 жылы «Жоғары білім туралы» заңдар қабылданды. Содан кейінгі жылдарда білім берудің әр саласы үшін он сегіз тұжырымдама жасалды. Мемлекеттік емес білім беру мекемелері ашылды. Басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты реттейтін Білім беру комитеті құрылды. Жаңа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер әзірлейтін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы есік ашты. 2000 жылдың мамырынан бастап аталган академияда ғылыми-педагогикалық «Білім» журналы басылып шығады.

1990 жылдардың соңында бюджет саласы мен экономиканың тұрақталуымен бірге білім беру жүйесі де белгілі бір дәрежеде нығайды. 1998 жылы талантты балалармен жұмыс жөніндегі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық және білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды. 1999 жылы республика үкіметі жалпы білім беретін мектептердің оқуда үздік жетістіктер көрсеткен түлектері үшін «Алтын белгі» медалін тағайындау туралы ереже бекітті. Білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа құрылымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына, сондай-ақ Ағарту, ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (юнеско) ұсынатын Білім берудің халықаралық стандарттық жіктеліміне сәйкес кұрылған. Білім берудің үздіксіздік пен өзара байланысқа негізделген жаңа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері құрылды. Қазақстандағы міндетті орта білім беру 11 жыл құрайды. Бұрын оқушылар мектепке 6-7 жастан қабылданып, бастауыш білім төрт сыныптан тұратын. Шәкірттер орта білімді 17-18 жасында алып шығатын. Енді 1990 жылдардың ортасында жоғары оку орындарына емтихан тапсырудың тестілеу әдісіне көшу орын алды. Сөйтіп, 1990 жылдардың реформалары мен өзгерістерінің нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардан тұратын жалпы орта және жоғары білім беру жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің басты міндеттері жалпы да, арнаулы да сапалы білім беруді ары қарай дамыту мақсатынан туған, ал бұл еліміздің ХХІ ғасырда тұрақты өркендеуі үшін өте қажет.

2000 жылдары орта білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды. 2003 жылдан бастап оқушылар бір мезгілде мектепті бітіру емтихандары және жоғары оқу орнына түсу емтихандары болған ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өтетін болды. 2000 жылдары білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі қалыптасып, оқу үдерісіне жаңа ақпараттық және кредиттік технологиялар енгізілді. Қоғамда он екі жылдық орта білім беруге көшу туралы пікірсайыстар жүріп жатты. Қазақстанда он екі жылдық орта білім жүйесін енгізу 2019 жылға жоспарланды. Ол кезде барлық мектептерде нөлінші сыныптар кұрылатын болады. Барлық сыныптардың білім берудің жаңартылған мазмұнына өтуін 2020 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл жайында 2016 жылы қарашаның 2-сінде өткен ОКҚ Орталық Коммуникациялар қызметі) брифингі барысында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді. Оның сезі бойынша, 2015 жылдың қаңтарында-ақ



республикамыздағы барлық бірінші сыныптар жаңартылған оқу жүйесіне көшкен. Жаңа жүйе кезең-кезеңмен: екінші, бесінші, жетінші сыныптарда - 2017-2018 оқу жылында, үшінші, алтыншы, сегізінші, оныншы сыныптарда – 2018 2019 оқу жылында, төртінші, тоғызыншы және он бірінші сыныптарда 2019 жылы енгізілмек. Сөйтіп, барлық мектептер кезең-кезеңмен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетін болады. Қазақстанда үш тілді оқытуға қатысты айтсақ, ол 2018 жылы және жоғарғы сыныптар аясында ғана енгізілді. Сонымен бірге 3.Максутова мәлімдегендей, үштілді білім беру 10-11-ші сыныптарға оқушылардың өздері таңдайтын пәндер бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта республикамызда 7307 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді. Оларда 2,5 миллион оқушы, яғни елдің әрбір жетінші тұрғыны білім алып жатыр. Ел мектептерінде 300 мыңға жуық мұғалім еңбек етеді. 2009 жылдың ақпанында Астанада Тұңғыш Президентінің физика-математика және химия-биология бағытында оқытатын Зиярткерлік мектебінің ашылуы болды.


жүктеу 160,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау