8. Тәуелсіз Қазақстандағы Парламентаризмнің бастаулары және олардың Заң шығарушы қызметі.
Қазақстандық парламентаризмнің жаңа кезеңі 1995 жылы екіпалаталы Парламент құрудан бастау алады. Парламенттің бірінші шақырылған Сенаты мен Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. Сенатқа 19 облыстан және ҚР астанасынан 2 депутаттан, барлығы 40 депутат сайланды. Сенаттың 7 депутатын ҚР Презиенті тағайындайды. 1996 жылы 30 қаңтарда ҚР Парламентінің бірінші шақырылған Сенатының отырысында ел президенті үсынуымен Сенат төрағасы Өміргелді Байгелді сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісіне 67 депутат сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы болып Марат Оспанов сайланды.
1996жылы 30 қаңтарда өткен Парламенттің бірінші отырысында ҚР Президенті: «Біз Қазақстандағы шынайы өркениетті парламентаризм қызметінің бастауы алдында тұрмыз»,- деген. Елде кәсіби парламенттік орта қалыптаса бастады. Парламентаризм дамуының негізгі бағыттары: жекелеген депутаттар деңгейінде де, Парламент деңгейінде де заң шығару қызметін кәсіптік дәрежеге көтеру; бірпалаталы құрылыстан екіпалаталы құрылысқа көшу; Парламенттің ішінде депутаттық топтар құру деп белгіленді. Екіпалаталы Парламент елдің заң шығару қызметін жүзеге асыратын, тұрақты жоғарғы сайланатын органға айналды. 1995 жылы сайланған Парламент 500-ге жуық заң қабылдады.
ҚР Конституциясының 61-бабы 1-тармағына сәйкес, заң шығару бастамасы құқы ҚР Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке берілген. Заң шығару қызметімен бірге Парламент заңдардың орындалуын бақылайды. ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес, Парламент Үкіметтің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін қарап бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі оның Үкіметке сенімсіздігін көрсетеді. Конституцияның 57-бабына сәйкес, Парламенттің әрбір палатасы дербес, басқа палатаның қатысуынсыз республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 3 мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
Қазақстандық парламентаризмнің 1998жылы басталған және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезеңінің маңыздылығын Парламенттің қоғамды реформалау ісінде Президенттің толыққанды саяси одақтасына айналғанын көруге болады. 1995 жылдан кейін Президент пен Парламенттің өзара қарым-қатынастарының сипаты оң нәтиже берген-ді.
Жаңа Парламенттің 1990 жылдардың ІІ-жартысындағы жұмысында Мәжіліс спикері М.Оспанов маңызды рөл атқарды. Еуропадағы қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының паламенттік ассамблеясының вице-президенті Игорь Осташ: «Біз Қазақтандағы оқиғаларды жіті қадағалап отырмыз, өйткені олар бізге жақын. Республикада терең демократиялық үдерістер жүріп жатыр»,- деген.
Парламентаризмнің дамуында және Парламенттің заң шығарушы, бақылаушы қызметтерін жетілдіру ісінде 1990 жылдар ҚР Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтрулардың маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |