«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы»
________________________________________
Жүріп-тұру сипатындағы жұмыс не болмаса өңірдің қызмет көрсету шекарасында қызметтік жол жүрумен байланысты жұмыс үшін үстеме ақы төленетін кәсіптер мен лауазымдар тізбесі 1. Компанияның филиалдарының («ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Магистральдық желі дирекциясы», «Ақпараттық технологиялар дирекциясы», «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция», «Жобалау және күрделі құрылыс жөніндегі дирекция» филиалдарының қызметкерлерінен басқа), департаменттері мен дербес басқармалары өңірлік бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері филиалдың шекарасы шектерінде; 2. Барлық атаудағы ревизорлық аппараттың қызметкерлері. 3. Вагон-зертханалардың және арнайы тағайындалған вагондардың, қалпына келтіру, өрт, сумен жабдықтау, қызмет көрсету учаскесі (өңір) шекараларында қызметтік сапарға шығатын поездардың қызметкерлері; 4. Қызметтік вагондар жолсеріктері, почталық экспедиторлар; 5. Жабдықтау жөніндегі агенттер, автомашиналардың жүргізушілері мен материалдық-техникалық жабдықтау және қызмет көрсетілетін өңір шекараларында жол жүргенде жүктерді экспедициялау мәселелерімен айналысатын басқа да қызметкерлер. 6. Станциялар бойынша запастағы кезекшілер, бағыттама қосынының кезекшілері, сигнал берушілер, филиалдың шекараларында орналасқан станцияларға жол жүргенде жүк поездарының кондукторлары. 7. Машиналандырылған жол дистанциялары, рельсдәнкерлеу кәсіпорындарының, көпрілік отрядтың және мөлшерлегіш зарылдауық хоппер қызметкерлері, тікелей зерттеу жұмыстарымен, дефектограммаларды ашып жазумен, талдаумен, диагностикамен және жол күйін бақылаумен айналысатын қызметкерлер (қызмет көрсету шекаралары Қазақстан Республикасының бүкіл теміжол желісі болып табылатын). 8. Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол учаскелеріне қызмет көрсетуге шығатын қызметкерлер. Ескертулер: 1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұратын сипатта болатын, олар қызмет көрсетін учаскелер шегінде қызметтік жол жүретін қызметкерлердің шығыстарын өтеу мақсатында7-тармақта аталған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде үстеме ақы төленеді. Компанияның Ресей Федерациясының аумағында орналасқан филиалдарында Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен, үстеме ақы төленеді. Осы қосымшаның 7, 8-тармақтарында аталған қызметкерлерге Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген 2 АЕК мөлшерінде үстеме ақы төленеді. 2. Қызметтік сапарлар кезіндегі жұмыстар орындау орнына барумен және тұрғын жайды жалға алумен байланысты шығыстар ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес Жұмыс берушінің іссапарлар туралы актісінде көзделген мөлшерлер шектерінде өтеледі. 3. Жылжымалы құрамды жөндеуге тапсыру және қабылдап алу үшін жөндеу пунктінде тұрған уақыты үшін және Қазақстан Республикасының аумағында жолаушы болып жүргенде қызметтік іссапарларға көзделген тәуліктік шығындар толық мөлшерде төленеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларының аумағында осындай шығыстар шетелге уақытша іссапарларға шығатын қызметкерлер үшін белгіленген нормалар бойынша өтеледі. 4. Егер қызметкерлердің жұмыс орнына және кері қайтуға жұмыс уақытында емес жол жүруінің ұзақтығы бір күнде 3 сағаттан артық болса, үстеме ақыны төлеу 0,1 айлық есептік көрсеткіш, ал екі сағаттан артық болса АЕК-тің 0,075 мөлшерінде жүргізіледі. 5. Қызметкерлердің шыққан сәттен бастап тұрақты жұмыс орнына (тұратын жеріне) қайтқанға дейінгі жол ұзақтығы 12 сағаттан артық, бірақ толық тәуліктен аз болатын немесе екі күнтізбелік күні 12 сағаттан артық қызметтік сапарда болған уақыты бір тәулік ретінде есептеледі. 6. ФРУ № 12-нысанды жүріп-тұруларды есепке алу тізімдемесі, маршруттық қағаз немесе іссапар куәлігі, сондай-ақ жүріп-тұруларды есепке алу кітаптары үстеме ақы төлеу үшін негізгі құжаттар болып табылады. 7. Жүріп-тұру сипатындағы жұмыс үшін үстеме ақылар уақытша жұмысқа жарамсыз күндері үшін тұрақты тұратын жерінен тыс жерде төленеді. 8. Сыртқы сауда жүктерін және жылжымалы құрамды берумен айналысатын шекаралық станциялардың ауысымдық қызметкерлеріне, сондай-ақ шетелде орналасқан қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі жұмыс орындарын автоматтандыруда қызмет көрсетумен айналысатын өңірлік ақпараттық-есептеу орталықтары ақпараттық жүйелерінің желілік бөлімшелерінің қызметкерлеріне жүріп-тұру сипатындағы жұмысы үшін үстеме ақы шетелдік валютамен, төмендегі мөлшерлерде төленеді: 1) шетелдік темір жолдың іргелес шекаралық станциясында болған әр тәулік үшін – 60 пайыз, 4 сағаттан артық, бірақ бір тәуліктен кем болғанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге уақытша іссапарларға баратын қызметкерлерге белгілеген тәуліктік шығындар нормасынан 15 пайыз; 2) 4 сағаттан кем болғанда үстеме ақы төленбейді.
Еңбек демалыстарының ұзақтығы
Басшылар кәсіподақ комитеттерімен келісу бойынша еңбек шарттарын жасасқан кезде, жұмыс учаскесінің жұмыс жүктемелігіне қарай мамандар мен қызметшілерге еңбек демалысының ұзақтығын дербес 24 немесе 28 күнтізбелік күн мөлшерінде белгілейді. Ресей Федерациясының аумағында орналасқан филиалдардың қызметкерлеріне еңбек демалысының ұзақтығы басшыларына күнтізбелік 3 қосымша демалыс күн бере отырып, 28 күнтізбелік күн болып белгіленеді. Бұл ретте жұмыс өтілі үшін қосымша демалыс берілмейді.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа 6-қосымша
2.1.1. Мүліктің сақталуы үшін Жұмыс берушінің алдында толық материалдық жауапты болуға; 2.1.2. Мүлікті ұқыпты ұстауға және Мүлікке зиян келтірудің алдын алуға шаралар қабылдауға; 2.1.3. Жұмыс берушіге Мүлікті сақтауды қамтамасыз етуге қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы уақытында хабарлауға; 2.1.4. Мүлікті есепке алуды жүргізуге, Жұмыс берушіге белгіленген тәртіппен тауарлық-ақшалық және Мүліктің қозғалысы және қалдықтары туралы басқа да есептерді жасауға және беруге; 2.1.5. Мүлікті түгендеуге қатысуға; 2.1.6. Жұмыс берушінің бірінші талап етуі бойынша Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. 2.2. Жұмыс беруші: 2.2.1. Қызметкерге Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасауға; 2.2.2. Қызметкерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, өндіріс процесінде Мүлікті қабылдау, сақтау өңдеу, сату (босату), тасымалдау және қолдану тәртібін реттейтін, сондай-ақ Мүлік сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда Қызметкердің материалдық жауакершілігін көздейтін Жұмыс берушінің жергілікті актілерімен таныстыруға міндетті. 2.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімінің 2.2-тармағында аталған міндеттерді Жұмыс берушінің орындауын талап етуге құқығы бар. 2.4. Жұмыс беруші: 2.4.1. кез келген уақытта Мүлікті түгендеуді жүргізуге; 2.4.2. Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруды Қызметкерден талап етуге; 2.4.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімі 2.4.-тармағының 2.4.2-тармақшасында аталған Жұмыс берушінің талаптарын дұрыс мерзімде қанағаттандырмаған жағдайда осы талаптарды сотқа беру арқылы қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдауға құқығы бар.
4.2. Тойтарылмас күш жағдайларының пайда болу себебінен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайтын Тарап, басқа Тарапқа тойтарылмас күш жағдайларының басталуы/аяқталуы туралы, бірақ олардың басталуы/аяқталуынан кейін 3 (үш) күннен қалмай дереу жазбаша нысанда хабарлауы, сондай-ақ осындай жағдайлардың басталуы және аяқталу фактісін растайтын құжаттарды беруі керек. 5. Шарттың қолданылу мерзімі 5.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзім ішінде қолданылады. 6. Қорытынды шарттар 6.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері Шарт Тараптарының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді. 6.2. Осы Шарттың жағдайлары әр үшінші Тарапқа құпия болып табылады. 6.3. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады. 6.4. Осы Шартпен байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады. 6.5. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, екі сәйкес келетін данада, әр Тарап үшін бір данадан жасалған. жүктеу 1,38 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |