Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы



жүктеу 438,72 Kb.
Pdf просмотр
бет14/14
Дата01.01.2018
өлшемі438,72 Kb.
#6576
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

42 

 

 



9) құрамында орнықты органикалық  ластағыштар мен басқа да қауіпті 

қалдықтар  бар  қалдықтарды  жою  жӛніндегі  технологияларды  қоса  алғанда, 

экологиялық  қауіпсіз  технологиялар  мен  процестерді  енгізуді  қамтамасыз 

ету;  


10) химиялық заттарды жіктеу мен таңбалаудың халықаралық жүйесін 

енгізу; 


11)  шығарындылардың  тізілімін  жасай  әрі  химиялық  заттарды  ӛңірлік 

және  ұлттық  деңгейлерде  ауыстыра  отырып,  химиялық  заттардың 

статистикалық есептілігі мен есебін жетілдіру; 

12)  жерүсті  және  жерасты  суларының,  топырақ  пен  атмосфералық 

ауаның  ластануы  туралы  дұрыс  деректерді  жедел  алу  үшін  аумақтық 

талдамалық  зертханалардың  материалдық-техникалық  жарақтандырылуын 

қамтамасыз ету. 

ТҚҚ проблемасын шешу үшін мынадай іс-шараларды іске асыру қажет: 

1)  ТҚҚ-ның  үлкен  үйінділерінің  бәрінде  мұқият  аудит  жүргізу  және 

оларды қопсыту жӛніндегі шараларды айқындау; 

2)  ТҚҚ-ны  қайта  ӛңдеу  мен  кәдеге  жарату  жӛнінде  мемлекеттік 

бағдарлама әзірлеу, ол мынадай аспектілерді қамтиды: 

2050 жылға қарай 50 пайызға дейінгі кӛлемде ТҚҚ-ны қайта ӛңдеудің 

және 2050 жылға қарай үлесі 100 пайызға дейін ӛсуге тиіс экологиялық және 

санитариялық талаптарға сай келетін полигондарда ТҚҚ-ның қалдық кӛлемін 

жинақтаудың нысаналы деңгейін айқындау, яғни елдегі полигондардың бәрі 

2050  жылға  қарай  ең  заманауи  экологиялық  және  санитариялық  талаптарға 

сай келуі тиіс; 

тұтынушылардан тұрмыстық қалдықтарды бӛлек жинауды енгізу;  

қайта  ӛңделген  материалдардан  алынатын  пайданы  ескере  отырып, 

рентабельділік нормасы айқындалған операциялық шығындар мен осы салаға 

инвестицияларды  жабуға  кепілдік  беретін  тарифті  есептеу  әдістемесін 

айқындау;  

ораудың,  электрондық  және  электрлік  жабдықтардың,  кӛлік 

құралдарының,  аккумуляторлардың,  жиһаздың  және  басқа  да  тауарлардың 

пайдаланылғаннан  кейінгі  қалдықтарын  жинауға  және  кәдеге  жаратуға 

жұмсалатын  шығыстардың  бір  бӛлігін  жабу  мақсатында  ӛндірушінің 

кеңейтілген жауапкершілігі қағидатын енгізу;  

саланы дамыту үшін бюджет ресурстары есебінен инвестициялар тарту 

тетігін,  оның  ішінде  ірі  қалаларда  мемлекеттік-жекеше  әріптестік  арқылы 

және  шағын  елді  мекендерде  муниципалдық  құрылымдар  деңгейінде  тарту 

тетігін әзірлеу; 

аумақтарды  кеңінен  қамти  отырып,  тұрмыстық  қалдықтарды  бәсекелі 

негізде басқаруға келісімшарттар жасасу;   




43 

 

 



ТҚҚ-ны  жинау  мен  кәдеге  жаратуға  тарифтерді  белгілеу  кезінде 

халықтың  әлеуметтік  осал  топтарына  арналған  мемлекеттік  қолдау 

шараларын айқындау; 

3) 


анаеробика, 

компостинг 

немесе 

биогаз 


сияқты 

жаңа 


технологияларды  пайдалана  отырып,  ТҚҚ-ны  қайта  ӛңдеу  мен  сақтау 

стандарттарын жаңарту; 

4)  2015  жылға  дейін  ТҚҚ-ны  жинауды,  тасымалдауды,  қайта  ӛңдеуді, 

кәдеге  жаратуды  және  сақтауды  бақылау  үшін  нормативтік-құқықтық  база 

жасау; 

5)  ТҚҚ-мен  жұмыс  істеу  саласындағы  нысаналы  кӛрсеткіштерге  қол 



жеткізуді  мониторингтеу  үшін  статистикалық  ақпарат  жинауды,  ӛңдеуді 

және беруді жетілдіру. 

 

3.6. Ауаның ластануын азайту  

 

Ауаны  ластайтын  заттардың  негізгі  түрлері  –  бұл  қатты  бӛлшектер, 



күкірттің  қостотығы  және  азот  тотығы.  Сонымен  қатар  ауаға  сынап,  озон, 

қорғасын,  улы  газ  қосындылары  мен  диоксиндер шығарылады.  Шаң,  күкірт 

қостотығы  мен  азот  тотығы  шығарындыларының  негізгі  кӛлемі 

Қазақстанның  үш  негізгі  секторына  келеді:  қазба  отын  пайдаланылатын 

электр энергетикасы, ӛңдеуші және тау-кен ӛндіру саласы, кӛлік. 

Шаң, күкірт қостотығы мен азот тотығы шығарындыларының қомақты 

бӛлігін  электр  энергетикасы,  сондай-ақ  қазандықтар,  яғни  табиғи  отынды 

жағу кӛздері шығарады. Олар атмосферадағы ластаушы заттардың жиынтық 

шығарындыларының неғұрлым елеулі бӛлігін құрайды – шығарындылардың 

жалпы 


кӛлемінің 

40 


пайызы, 

оның 


ішінде 

қатты 


бӛлшектер 

шығарындыларының  50  пайызы,  күкірт  қостотығы  шығарындыларының      

47  пайызы  және  азот  тотығы  шығарындыларының  60  пайызы. 

Шығарындылардың  елеулі  бӛлігі  сапасы  тӛмен  кӛмірді  пайдалануға  және 

электр  станциялары  мен  аудандық  жылу  орталықтарында  ластануды 

бақылауға арналған тиімді жабдықтың болмауына негізделген.  

 

1-кесте: Қазақстанда негізгі секторлар бойынша 

2010 жылғы шығарындылар, мың метрлік тонна 

Сектор 

Жиыны  

ҚБ 

SO

2

 

NO

x

 

Электр энергетикасы және 

орталықтандырылған жылумен 

жабдықтау 

845,9 

320,7 


339,4 

128,6 


Ӛңдеуші сала 

718,4 


139,7 

275,5 


41,1 

Тау-кен ӛндіру саласы 

340,8 

80,1 


87,7 

30,2 


Ӛнеркәсіптік секторлар бойынша 

аралық жиыны 

1 926,0 

540,5 


702,7 

200,0 



44 

 

 



Кӛлік 

118,3 


7,1 

1,6 


4,8 

Қазақстан бойынша жиыны* 

2 226,5 

639,3 


723,6 

215,6 


*  «Қазақстан  бойынша  жиыны»  кӛрсеткіші  «Ӛнеркәсіптік  секторлар 

бойынша  аралық  жиыны»  және  «Кӛлік»  кӛрсеткіштерінің  сомасы  болып 

табылмайды 

 

Ауаның  ластануы  –  Қазақстанның  қалалық  аймақтарындағы,  әсіресе, 



ӛндірістік 

кәсіпорындардың 

орналасу 

орталықтары 

болған 

және 


индустрияландырылған  облыстарда  орналасқан  ӛнеркәсіптік  аймақтардағы 

елеулі 


экологиялық 

проблема. 

Қазақстанның 

облыстарындағы 

шығарындылардың негізгі кӛлемі қалалық аймақтарға келеді. Ауа сапасының 

тӛмен  болуынан  қала  халқының  қомақты  бӛлігі  зардап  шегетіндіктен,  дәл 

осы қалалық аймақтардағы ахуалды жақсартуға ерекше кӛңіл бӛлу қажет. 

Соңғы жылдары Қазақстанда ауаның ластану деңгейінің едәуір ұлғаюы 

байқалды. Ауаны ластайтын заттар аурудың жиілеуін ұлғайтуға ықпал етеді 

және  осының  салдарынан  ұлттық  экономикаға  денсаулық  сақтау 

қызметтеріне  шығындар  және  еңбек  ӛнімділігінің  тӛмендеуі  нысанында 

тікелей  және  жанама  залал  келтіруге  әкеледі.  Шығарындылар  бойынша 

республика  нормативтері  еуропалықтардан  айтарлықтай  асып  түседі. 

Сондықтан  да,  Қазақстандағы  ауа  сапасын  жақсарту  үшін  шаң,  күкірт 

қостотығы  мен  азот  тотығы  шығарындылары  бойынша  мейлінше  қатаң 

стандарттар белгілеу мәселесін қарау керек. 

 

22-сурет. Электр станцияларының атмосфераға шығарындылары:  

бүгінгі деңгей, Қазақстан стандарттары және еуропалық стандарттар 

 



45 

 

 



 

Ӛнеркәсіп  пен  электр  және  жылу  энергиясын  шоғырландыру 

объектілерінен  шығарылатын  шығарындылардың  қазіргі  деңгейін  талдау 

негізінде Қазақстанда мынадай шараларды іске асыру қажет: 

1)  2014  жылдың  соңына  дейін  электр  энергиясын,  жылу  энергиясын 

ӛндірушілермен  және  ӛзге  де  ірі  индустриялық  компаниялармен  бірлесіп 

шығарындылар 

бойынша 


еуропалықтарға 

жақындатылған 

жаңа 

стандарттарға кӛшудің қағидаттары мен жол картасын әзірлеу; 



2)  Еуропалық  Одақ стандарттарына  қарай  жақындатылған стандарттар  

әзірлеу және енгізу; 

3)  ірі  қалаларға  таяу  орналасқан  генерация 

мен  ӛнеркәсіп 

объектілерінде  шаң-газ  тазарту  жабдығын  жаңғырту  мен  орнату  және 

шығарындылар  бойынша  кӛрсеткіштерді  әзірленген  жол  картасына  сәйкес 

қолданыстағы нормативтерге дейін жеткізу; 

4)  қолжетімді  инфрақұрылым,  газ  кӛлемі  мен  экономикалық 

лайықтығы  бар  болған  жағдайда,  кӛмірмен  жұмыс  істеп  тұрған  электр 

станцияларын газға ауыстыру; 

5) кӛмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының ірі қазандықтарын, 

бірінші кезекте, шаң, күкірт қостотығы мен азот тотығы шығарындыларының 

деңгейін  бақылайтын  заманауи  жабдық  орната  отырып,  жаңғырту  қажет. 

Электр  энергиясына  сұранысты  қанағаттандыру  үшін  қуаты  аз 

қазандықтардың  қызмет  ету  мерзімі  аяқталғанға  дейін  оларды  қалдыруға 

болады; 


6)  ірі  станциялардың,  қазандықтар  мен  ӛнеркәсіптік  кәсіпорындардың 

атмосфералық  шығарындылардың  сапасын  үздіксіз  ӛлшеп  тұруға  арналған 

жабдықты орнатуы; 

7)  Қазақстан  Республикасының  қоршаған  ортаны  қорғау  жӛніндегі 

уәкілетті  органы  тарапынан  ластаушы  заттар  мен  парниктік  газдар 

шығарындыларын  үздіксіз  мониторингтеу  мен  қадағалаудың  жүзеге 

асырылуы; 

8) кӛлік секторында мынадай іс-шараларды іске асыру қажет:  

кӛлік құралдарын пайдалану әдістерін жетілдірумен, отын балансы мен 

операциялық қызметтің тиімділігін арттырумен қатар, заманауи кӛлік паркін 

енгізу;  

2016  жылғы  шілдеден  бастап  еуропалық  нормативтерге  сәйкес 

автомобиль  кӛлігінен  атмосфераға  шығарылатын  шығарындылар  бойынша 

нормативтерді белгілеу;  

қазіргі  бүкіл  автомобиль  паркінің біржолғы  аудитін 2020  жылға  дейін 

аяқтап,  пайдаланылған  газ  сапасы  тұрғысынан  автомобильдерге  жыл  сайын 

үнемі инспекция жүргізу;  

Алматы қаласында қалалық кӛліктерді сығылған газға кӛшіру; басқа да 

ірі  қалалардағы  (Астана,  Қарағанды,  Шымкент)  қалалық  кӛлікті  газ 



46 

 

 



ресурстарына және газ бағасын субсидиялау туралы шешімдердің қабылдану 

шамасына қарай 2020 жылға дейін газға ауыстыру. 

 

3.7. Экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару  

 

Табиғи экожүйенің маңыздылығын және экономикалық әлеуетті кӛтеру 



мақсатында  оларды  кешенді  басқару  орнықты  даму  қағидаттарына  сәйкес 

жүзеге асырылуға тиіс. 



1) Орман шаруашылығын басқару. Қазақстанда 28,78 млн. га орман 

бар, олардан 1,5 млн. текше м. сүрек ӛндіріледі. Орман алқаптарының алаңы 

кӛптеген  жылдар  бойы  қысқарып  келді  және  әсіресе  заңсыз  кесу,  орман  

ӛрттері  мен  жердің  пайдалану  мақсатын  ауыстыру  салдарынан  осы 

активтердің  ұзақ  мерзімді  құны  тӛмендеді.  Ормандар  ылғал  сақтау, 

кӛмірқышқыл  газын  ұстап  тұру  және  топырақты  тұрақтандыру  сияқты 

маңызды  қасиетін  едәуір  дәрежеде  жоғалтты.  Орман  ресурстарын  тиімді 

сақтауға,  ормансыздануды  қатаң  бақылауға,  орман  шаруашылығын 

басқарудың  заманауи  әдістерін  енгізуге  және  елдегі  тиісті  дағдыларды 

дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру қажет. 



2) Балық шаруашылығын басқару. Балық аулау кӛлемі 1960 жылдан 

бастап 1990 жылды қоса алғанда 111,9 мың тоннадан 68,6 мың тоннаға дейін 

қысқарды, ал 2010 жылдан бастап бұл кӛрсеткіштің тӛмендеуі тағы 51,7 мың 

тоннаны  құрады.  Балық  саласында  жұмыс  істейтіндердің  саны                       

40 жылдардағы 110 мыңнан  4-5 мың адамға дейін қысқарды. Негізінен, бұл 

қысқару Арал теңізінің тартылуына байланысты; басқа  факторлар – балықты 

шектен  тыс  аулау,  ӛзен  суын  ластау  және  артығымен  алып  қою.  Ел              

10-20  жылда  балық  шаруашылығын  табысты  түрде  қалпына  келтірген 

кӛптеген  мысалдар  бар.  Жекелеген  кәсіпшілік  объектілер  санының  қысқару 

үрдісі  жағдайында  кәсіптік  балық  аулау  кәсіпшілігі  үшін  оның  баламасы 

тауарлы  балық  шаруашылығының  дамуы  болып  табылады.  Сондықтан, 

балық  аулаушылықтан  тауарлы  балық  шаруашылығына  ақырындап  қайта 

бағдарлану  табиғи  су  айдындарының  балық  ресурстарынан  кәсіптік 

қыспақты  алып  тастауға  мүмкіндік  береді.  Ӛз  кезегінде  тауарлы  балық 

шаруашылығы  мультипликативтік  әлеуметтік-экономикалық  әсер  береді. 

Сӛйтіп,  тауарлы  балық  шаруашылығын  дамыту  бойынша  іскерлік 

белсенділіктің  ӛсуі,  әсіресе  ауылдық  ӛңірлерде  қосымша  жұмыс 

орындарының құрылуына жәрдемін тигізеді. 



3)  Тірі  табиғатты  басқару.  Қазақстанның  эндемикалық  тірі  табиғаты  

бірегей  және  туристер  үшін  тартымды  объектіні  және  ет  ӛнімдерінің  кӛзін 

(аң аулау арқылы және т.б.) білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда аң аулау 

кӛп емес, бірақ ӛте табысты сектор. Республикада экономиканың олар үшін 

жаңа салаларына – орнықты аң аулау мен спорттық балық аулауды дамытуға, 

экотруизмді  дамытуға,  фото-сафари  ұйымдастыруға,  торда  және  жартылай 




47 

 

 



еркіндікте  ұстау  жағдайында  жабайы  жануарлардың  ӛсімін  молайтуға  және 

басқаларына инвестициялар салу мүмкіндігіне тартылған аң аулаушылардың 

кӛп саны пайда болды, бұл іс жүзінде «жасыл» инвестиция болып табылады. 

Аң  аулау  шаруашылығын  жүргізумен  700-ге  жуық  пайдаланушылар 

айналысуда,  олар  2012  жылы  аңшылық  шаруашылықтарын  дамытуға    

1415,3  млн.  теңге  жіберді,  оның  ішінде  егерлік  қызметті  күтіп-ұстауға   

1229,2 млн. теңге, биотехникалық іс-шараларға 239,9 млн. теңге. 2012 жылы 

республикалық  бюджетке  жануарлар  дүниесін  пайдаланғаны  үшін  тӛлем 

ретінде  145,3  млн.  теңге  түсті.  Қазақстан  экологиялық  және  аңшылық 

туризмді дамыту мен ұсыну үшін бірегей мүмкіндікке ие. Орнықты аңшылық 

туризмді экономикалық пайданы ұлғайту үшін кәсіби негізге қоюға болады. 

4)  Экологиялық  туризм.  Қазақстанның  ғажайып  пейзаждары  елдің 

негізгі туристік активтерінің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстан 

байланыс  пен  инфрақұрылымды  (туристерге  арналған  тұрғын  үй,  кӛлік, 

қызмет  кӛрсету  саласы)  белсенді  түрде  дамытуда,  алайда,  осыған 

байланысты - әсіресе, қысқа мерзімді перспективада - экотуризмге арналған 

ландшафтарды сақтап қалу бірден-бір шарт болып табылады. 

 

4. «Жасыл экономикаға» кӛшу үшін кадрлық қамтамасыз ету және 

халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру   

 

Тұжырымдаманы  ойдағыдай  іске  асыру  үшін,  тиісті  оқудан  ӛткен 

инженер-техник  кадрлар  мен  басқарушы  персонал  даярлауды  қоса  алғанда, 

кадр  ресурстарының,  дағдылар  мен  білімнің  жеткілікті  болуын  қамтамасыз 

ету қажет. 

Бұған қол жеткізу үшін мынадай бағыттар бойынша шараларды кӛздеу 

қажет: 

1)  қоршаған  ортаны  қорғау  және  ресурстардың  ӛнімділігі  мәселелері 



бойынша инженерлердің жеткілікті санын оқыту:  

оқу жоспарында инженер мамандықтарының барлық студенттері үшін 

қоршаған  ортаны  қорғау  және  ресурстардың  ӛнімділігі  мәселелеріне  елеулі 

кӛңіл  бӛлінуі  тиіс.  ЭЫДҰ  елдерінің  кӛпшілігінде  бұл  практика  қазірдің 

ӛзінде  қолданылуда.  Қазақстан  экономикасы  табиғи  ресурстардың  елеулі 

кӛлемін  тұтынатындықтан,  бұл  шешім  ел  үшін  басқа  елдерге  қарағанда 

неғұрлым маңызды болып табылады; 

инженерлердің  санын  едәуір  кӛбейту  қажет.  Бүгінгі  таңда  білікті 

инженерлер  жетіспейді  және  осы кадр олқылығын  толтыру  үшін білім беру 

мекемелерінің тиісті факультеттеріндегі орын сандарын ұлғайту қажет; 

2)  Қазіргі  инженерлерді,  басқару  органдарының  ӛкілдері  мен 

фермерлерді  ӛндірістік  оқыту  және  қайта  даярлау.  Энергия  тиімділігін 

арттыру,  ауыл  шаруашылығы  және  ресурстарды  басқару  саласында 

Қазақстан  бүгінгі  таңда  жұмыс  істейтін  мыңдаған  басқарушылардың, 




48 

 

 



инженерлер  мен  фермерлердің  дағдыларын  дамыту  мүмкіндігін  қарастыра 

алады.  


Келесі  қажетті  шарт  –  қалың  бұқараны  қоршаған  ортаны  қорғау 

бойынша жаңа эко-мәдениетке тәрбиелеу. Халық арасында энергияны, суды 

және  басқа  да  табиғат  ресурстарын  пайдалануға  жауапкершілікпен  әрі 

үнемшілдікпен  қарауды  қалыптастырып,  тұрмыстық  қалдықтарды  одан  әрі 

ӛңдеу үшін оларды бӛлек жинау әдетін сіңіру қажет; 

3)  қоршаған  ортаны  қорғауға  байланысты  тақырыптарды  білім  беру 

ұйымдарының оқу жоспарларына толыққанды енгізу. Бұл ӛскелең ұрпақтың 

табиғи  ресурстарға  ұқыпты  қарау  мәдениетін  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді 

және қосымша пайда әкеледі;  

4)  сонымен  қатар  халықтың  ресурстарды  пайдалану  мәселелері  мен 

экологиялық  проблемалар  туралы  хабардар  етілуін  арттыру  үшін  кең 

ауқымды коммуникациялық науқан мен білім беру бағдарламаларын жүргізу 

қажет.  Мұндай  шаралар  жылыту  және  мұздату  жүйелерін  пайдалануға, 

қалдықтарды  кәдеге  жаратуға  және  су  пайдалануға  қатысты  мінез-құлық 

модельдерін ӛзгертуге ықпал етуі тиіс.  

 

5. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі кеңес құру   

 

«Жасыл  экономикаға»  кӛшуді  үйлестіру  мен  бақылау  үшін  Қазақстан 

Республикасының Президенті жанынан Қазақстанның «Жасыл экономикаға» 

кӛшу  жӛніндегі  кеңес  құрылатын  болады.  Аталған  Кеңес  әр  үш  жыл  сайын 

«жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі ұлттық баяндаманы қарайтын болады. 

Мұндай  орган  құру  –  мемлекеттік  сектордағы  кең  ауқымды 

жаңартуларды  іске  асыру  тетігі.  Мысалы,  мұндай  тәсіл  Тайванда, 

Ұлыбританияда, Кореяда және Бахрейнде табысты пайдаланылды (23-сурет). 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


49 

 

 



 

23-сурет. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі мемлекеттік орган құру мысалдары  

 

 



 

6.  «Жасыл  экономикаға»  кӛшу  жӛніндегі  тұжырымдаманы  іске 

асыру кезеңдері  

 

Экономиканың  ресурстық  секторларында  активтерді  жаңарту  циклі 



біршама уақыт алады, ал экономикасы табиғи пайдалы қазбаларды ӛндіруге 

бағдарланған елдерде таза экономикаға кӛшуге ондаған жылдар жұмсалады. 

Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да одан тыс қалмайды.   

Осыған  байланысты  «Жасыл  экономикаға»  кӛшу  жӛніндегі 

тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады: 

2013-2020  –  осы  кезеңде  мемлекеттің  негізгі  басымдығы  ресурстарды 

пайдалануды  оңтайландыру  және  табиғат  қорғау  қызметінің  тиімділігін 

арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады; 

2020-2030  –  қалыптасқан  «жасыл»  инфрақұрылым  базасында  суды 

ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды 

кӛтермелеп,  ынталандыруға  және  оны  кеңінен  пайдалануға,  сондай-ақ 

құрылыстарды  энергия  тиімділігінің  жоғары  стандарттарының  базасында 

салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады; 

2030-2050  –  ұлттық  экономиканың  табиғи  ресурстарды  олардың 

жаңартылуы  мен  орнықтылығы  қағидаттарында  пайдалануды  талап  ететін 

«үшінші ӛнеркәсіптік тӛңкеріс» деп аталатын қағидаттарға кӛшуі.   

 

 



50 

 

 



 

3. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЛЖАНЫП ОТЫРҒАН 

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӚЗГЕ ДЕ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ 

  

«Жасыл  экономикаға»  кӛшу  жӛніндегі  тұжырымдама  Қазақстан 

Республикасы  Конституциясының,  Стратегия  -  2050,  «Қазақстан  –  2030: 

Барлық  қазақстандықтардың  гүлденуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының 

артуы»  стратегиясының»  және  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға 

дейінгі стратегиялық даму жоспарының  ережелеріне сәйкес іске асырылады. 

«Жасыл  экономикаға»  кӛшуді  іске  асыру  мәселелері  «жасыл 

экономикаға»  кӛшу  мәселелері  жӛніндегі  Қазақстан  Республикасының 

заңнамалық актілерімен реттелетін болады.  

Секторлар  бойынша  Тұжырымдаманың  нақты  міндеттерін  іске 

асырудың құралдары, кейіннен түзетіліп, ауа сапасын жақсарту, ӛндіріс және 

тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің бүлінуіне қарсы күрес 

және  топырақтың  құнарлылығын 

кӛтеру,  балық  шаруашылығын, 

аквадақылдарды  дамыту  мен  балық  ресурстарын  молықтыру  сияқты 

мәселелерге  жаңадан  назар  аударылатын  «Агробизнес  –  2020»  Қазақстан 

Республикасында 

агорӛнеркәсіптік 

кешенді 

дамыту 


жӛніндегі                     

2013  –  2020  жылдарға  арналған  бағдарлама,  Қазақстан  Республикасын 

үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жӛніндегі 2010-2014 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарлама,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы, 

аумақтарды  дамыту  бағдарламасы,  мемлекеттік  органдардың  стратегиялық 

жоспарлары,  2010-2014  жылдарға  арналған  «Жасыл  даму»  салалық 

бағдарламасы 

мен 

басқа 


да 

салалық 


бағдарламалар 

сияқты, 


Тұжырымдаманың  негізгі  бағыттарын  енгізу  бӛлігінде  ӛзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  ескерілетін,  қолданыстағы  бағдарламалық  құжаттар 

болып табылады.  

Сонымен қатар Су ресурстарын басқару жӛніндегі 2014-2040 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.  

 

 



__________________________________ 

 

жүктеу 438,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау