Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы


  Орнықты  және  ӛнімділігі  жоғары  ауыл  шаруашылығын



жүктеу 438,72 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата01.01.2018
өлшемі438,72 Kb.
#6576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

18 

 

 



 

 

3.2.  Орнықты  және  ӛнімділігі  жоғары  ауыл  шаруашылығын 



дамыту  

 

Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  ұлан-байтақ  жер  ресурстары  мен 



ауыл  шаруашылығы  ӛнімінің  мойындалған  сапасы  арқасында  елеулі  түрде 

ӛсу әлеуетіне ие. Жерге құнарлылығын қайтарып, жұмысқа орналасуға жаңа 

мүмкіндіктер жасайтын және тағам ӛнімдерін импорттаудан неғұрлым айқын 

тәуелсіздікті  қамтамасыз  ететін  орнықты  ауыл  шаруашылығына  кӛшу 

арқылы ғана сектордың әлеуетін толық кӛлемде іске асыруға болады. 

Бүгінде  2,2  миллион  адам  немесе  Қазақстанның  еңбек  ресурстарының 

26%-ы  ауыл  шаруашылығы  секторында  жұмыс  істейді  және  суды  ұлттық 

тұтынудың  2/3-сі  ауыл  шаруашылығының  еншісінде.  2012  жылы  елдің    

ЖІӚ-дегі  ауыл  шаруашылығының  үлесі  бар  болғаны  4,2  пайызды  құрады, 

бірақ  ӛзінің  жұмысқа  орналастыру,  әсіресе,  ауылдық  жерлерде  жұмысқа 

орналастыру  тұрғысынан  маңыздылығы,  оның  Қазақстанның  су  балансына 

тигізетін  әсері  және  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  рӛлі 

негізінде ауыл шаруашылығы басым сектор ретінде жалпыұлттық мәнге ие. 

Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  секторы  бірқатар  маңызды 

проблемаларға  тап  болып  отыр.  Қаржыландыру  кӛздеріне  қолжетімділіктің 

шектеулі  болуы  –  неғұрлым  айқын  сезіліп  отырған  проблемалардың  бірі. 

Еуропа  Қайта  құру  және  Даму  Банкі  мен  Дүниежүзілік  банктің  бағалауына 

сәйкес,  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарын  қоса  алғанда,  Қазақстанда 

фирмалардың  56  пайызы  ӛздерінің  дамуы  үшін  қаржыландыру  кӛздеріне 



19 

 

 



қолжетімділіктің  шектеулі  екенін  айғақтайды.  Ауыл  шаруашылығы 

жабдықтарының  80  пайызынан  астамы  ескірген,  ал  неғұрлым  ұзақ  мерзімді 

қаржыландыру  үшін  шешімдердің  жоқтығын  және  қазір  үмітсіз  борыштар 

үлесінің  кӛп  екенін  ескеретін  болсақ,  қазіргі  заманғы  жабдықтарға 

инвестициялар тарту қиындық туғызады. 

Қаржыландыру 

кӛздеріне 

қолжетімділіктің 

шектеулі 

болуы 


тыңайтқыштар  мен  сапасы  жоғары  тұқымдарды  пайдалану  мүмкіндігін  де 

шектейді.  Қазақстанның  фермерлері  (салыстыру  үшін  Ресейде  бір  гектарға   

45  килограмм  және  АҚШ-та  145  кг/га)  бір  гектарға  бар  болғаны  8-10  кг 

тыңайтқыш пайдаланады (8-сурет). 

 

8-сурет. Ауыл шаруашылығындағы құн жасау тізбегіндегі әлсіз тұстар  

 

Ауыл  шаруашылығында  су  ресурстарын  пайдалану  тиімділігінің  аса 



тӛмен болуына, бірінші кезекте, суарудың ескірген әдістерін пайдалану және 

ауыл  шаруашылығын  жүргізудің  тиімсіз  практикасы  себеп  болып  отыр. 

Қазақстандағы  кейбір  су  бассейндері  қазірдің  ӛзінде  су  ресурстарының 

айтарлықтай тапшылығына ұшырап отыр және Қазақстандағы егістік жердің 

басым  бӛлігі  қуаңшылыққа  ұшыраған.  Келесі  екі  он  жылдық  ішінде  су 

ресурстары  тапшылығының  айтарлықтай  ӛсетіні  күтіліп отыр,  мұның ӛзі  су 

тұтынудың  тиімсіз  әдістерін  қолданатын  шаруашылықтардың  кедейленуіне 

әкеп соғады. 

Жайылым  алқаптары  елді  мекендердің  маңында  малды  кӛп  жаюдан 

және  шалғай  учаскелерде  маңдытып  баға  алмаудан  зардап  шегіп  отыр, 

мұның ӛзі

 

20 млн. га жайылымның шектен тыс мал жаю салдарынан тозуына 




20 

 

 



әкеп  соқты.  Топырақтың  бүлінуі  ретінде  айқындалатын,  шӛл  жерге  тән 

болатын  шӛлейттену  алаңдаушылық  туғызудың  елеулі  себебі  болып 

табылады және Орталық Азия елдерінің жер ресурстарын басқару жӛніндегі 

бастамасына  (CACILM)  сәйкес  Қазақстанның  жалпы  жер  алаңының  66 

пайызға жуығы шӛлейттенуге ұшыраған. 

Қолайсыз  климаттық  жағдайлар  және  жоғарыда  сипатталған 

проблемалар салыстырмалы түрде тӛмен еңбек ӛнімділігіне және ӛнімнің аз 

шығымдылығына  негіз  болады.  Қазақстанда  бидайдың  шығымдылығы 

жылына  0,7-1,6  центнер/га  аралығында  немесе  орта  есеппен  жылына            

11  центнер/га-ны  құрайды,  мұның  ӛзі  Қазақстанда,  әсіресе,  оның  солтүстік 

облыстарында жауын-шашынның аз болуымен сипатталатын климаттың күрт 

құбылмалы болуына байланысты, сондай-ақ жер ӛңдеудің тиімсіз тәсілдерін 

пайдалану  және  жер  мен  инфрақұрылым  жағдайларының  қолайсыз  болуы 

салдарынан  белгілі  бір  дәрежеде  жоғары  шығымдылыққа  қол  жеткізуді 

шектейді.  

 

9-сурет. Мемлекеттер бойынша бидай шығымдылығы  

 

Ауыл  шаруашылығы  секторы  тап  болған  проблемаларды  шешу  үшін 



Қазақстанның  Үкіметі  ауыл  шаруашылығы  секторының  бәсекеге 

қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  «Агробизнес  –  2020»  Қазақстан 

Республикасында 

агроӛнеркәсіптік 

кешенді 

дамыту 


жӛніндегі                    

2013  –  2020  жылдарға  арналған  бағдарламаны  әзірлеп  шықты.  Бұған  қоса, 

орнықты  егіншілікке  кӛшу  үшін  мынадай  негізгі  бастамаларға  кӛңіл  аудару 

қажет: 


1)  Қаржыландыру  кӛздеріне  қолжетімділікті  ұйымдастыру  жӛніндегі 

шараларды мемлекеттік қолдау: 




21 

 

 



басқа  елдерде  ауыл  шаруашылығын  ұзақ  мерзімді  қаржыландыру 

жӛніндегі  халықаралық  тәжірибені  ескере  отырып,  фермерлердің  капитал 

салымына  деген  сұранысын  қанағаттандыру  үшін  қажетті  ұзақ  мерзімді 

кредит беру ӛнімдерін әзірлеу және жасау үшін халықаралық және жергілікті 

даму  институттарын,  сондай-ақ  екінші  деңгейдегі  қазақстандық  банктерді 

тарту; 


Қазақстанда  орнықты  ауыл  шаруашылығын  құру  үшін  жерді  жаңадан 

ӛңдеуге арналған техниканы қолдану, тамшылатып суаруға арналған жабдық 

пен  инфрақұрылымды,  энергия  үнемдеуші  кӛлік  құралдары  мен 

жабдықтарды  пайдалану,  фермерлердің  кӛліктік  шығындарын  азайту  үшін 

жол  инфрақұрылымын  жаңарту  және  т.б.  сияқты  неғұрлым  қолайлы 

шешімдер 

қабылдау 

мақсатында 

жергілікті 

және 


халықаралық 

сарапшыларды  тарта  отырып,  ауыл  шаруашылығы  секторындағы іс жүзінде 

жұмсалған шығыстар мен капитал салымдарының құрылымын зерделеу; 

орнықты  ауыл  шаруашылығының  қағидаттары  мен  практикасын 

енгізуді  экономикалық  ынталандыру  үшін  кепілдіктер,  субсидиялар  және 

ӛзге  де  шаралар  нысанында  ауыл  шаруашылығын  ұзақ  мерзімді 

қаржыландырудың ықтимал құралдарын үкіметтік деңгейде қарау; 

2)  ауыл  шаруашылығы  секторының  орнықты  дамуын  қамтамасыз  ету 

мақсатында  фермерлердің бизнес-жоспарлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ 

екінші  деңгейдегі  коммерциялық  банктер  мен  кредиттік  ұйымдар  сияқты 

қаржыландыруға  жауапты  ұйымдардың  дағдылары  мен  білімдерін  дамыту 

тетіктерін  қайта  қарау  және  жақсарту.  Аталған  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін 

қажетті тӛмендегі шаралар мыналарды қамтиды: 

ауыл  шаруашылығы  секторын  дамыту  тетіктерін  түсінуге  қатысты 

фермерлер арасында бизнес-жоспарлау біліктілігінің тапшылығы мен  қаржы 

ұйымдары  арасындағы  біліктілік  тапшылығын  және  нарықта  қолжетімді 

қаржы ӛнімдерін айқындау;    

шаруашылықты  бизнес-жоспарлаудың  табысты  дағдылары  мен 

практикасын  ілгерілетуге  және  таратуға  арналған  құралдар  ретінде  ӛнімді 

сатып  алушылармен  ұзақ  мерзімді  келісімдер  жасасу  (contract  farming) 

қағидаты  бойынша  шаруашылық  жүргізетін  жергілікті  озық    фермаларды 

қандай дәрежеде пайдалануға болатынын айқындау;    

екі жақтан да біліктілік тапшылығын жою үшін фермерлер мен қаржы 

ұйымдарының  дағдыларын  дамытудың  жетілдірілген  бағдарламаларын 

әзірлеу және іске асыру;   

3)  фермерлік  шаруашылықтар  мен  ауыл  шаруашылығы  ӛнімдерін 

сатып  алушылар  арасында  ұзақ  мерзімді  шарттық  қатынастар  жасасу 

(келісімшарттық  фермерлік)  қағидаты  бойынша  модельдік  шаруашылықтар 

құру  үшін  шетелдік  инвесторларды  тарту  кӛптеген  елдерде  ӛзін 

ынтымақтастықтың  табысты  тетігі  ретінде  кӛрсетті.  Қазақстанда  ӛз 




жүктеу 438,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау