Қазақстан Республикасының



жүктеу 264,04 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі264,04 Kb.
#3077




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2011

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

МЖжК факультет деканы


____________ М.В.Дудкин

___________________2014 ж.


Физика 1

Силлабус
Физика1

Силлабус

Мамандық: "5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау"

Оқу түрі: сырттай

Курс: 1


Семестр: 1

Кредит саны: 3

Сағат саны: 30

Дәрістер 5

Практикалық сабақтар: 10

СОӨЖ: 15


СӨЖ: 105

Емтихан: семестр 1

Өскемен

Усть-Каменогорск



2014

Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде ҚР МЖББС РК 23.08.2012 № 1080 «Техникалық физика» кафедрасында дайындалып 5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау" мамандығындағы студенттерге арналған.

«Техникалық физика» кафедрасының отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі С.В. Плотников
Хаттама № 1 26.08.2014ж
Машина жасау және көлік факультетінің

Оқу-әдістемелік кеңесі комиссиясында мақұлданды


Төраға А.В. Вавилов

Хаттама №____


Силлабус құрастырған Г.Б.Тажибаева

Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова


ОҚУТЫШЫ ТҰРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ
Машинажасау және көлік факультеттің «Техникалық физика» кафедрасы (Г-1-306 дәрісхана)

Сабақ беретін оқутышы: ғ. ф.- м. к., аға оқытушысы Тажибаева Гаухар Баранбаевна

Жұмыс телефоны: 540-043

Байланыс сағаттары кафедрадағы кеңес сағаттары кестесінде көрсетілген.

Уақыты: сабақтар бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


    1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пән 1 семестрде Барлық 135 сағаттың iшiнен 30 сағат дәріс сабақтарына (5 – дәріс, 10 – практикалық жұмыстар), 15 сағат - студенттердiң өзiндiк жұмысына мұғаліммен бірге (СОӨЖ), 105 сағаттағы - СӨЖ-ге. Жұмыстардың түрлерi бойынша аудиториялық уақыттың үлестiрiлуi пәннiң тақырыптық жоспарында келтiрiлген.
1.2 Пәннің мақсаты

Ғылыми және техникалық ақпарат ағынында болашақ инженерлерді бағдарлауға мүмкіндік беретін физика облысындағы теориялық дайындаудың негізін студенттердің құруы.

Студенттердің ғылыми ойлауы мен диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру, түрлі физикалық ұғымдар, заңдар, теориялардың қолданудың дұрыс шекарасын түсіну, экспериментті немесе математикалық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердіі ақиқаттық дәрежесін бағалай білу.
1.3. Пәнді оқытудың міндеттері

Классикалық физиканың негізігі физикалық құбылыстары мен заңдарын, физикалық зерттеу әдістерін студентердің меңгеруі.

Пәннің (теориялық және экспериментті-практикалық) жалпы типтік оқу есептерін шығара білуі мен дағдыларын меңгеру.

Студенттердің өлшеу және зерттеу аппаратурасымен танысу, эксперименттің нәтижелерін қорыту және оны талдау.

Студенттердің шығармашылық ойларын, өздік танымдық іскерлігі дағдысын дамыту, компьютерді қолдану арқылы физикалық жағдайларды модельдеп үйрету.
1.4 Пререквизиттар

«Физика 1» курсын оқып-үйрену үшін студенттер келесі пәндерді білуі керек:

Жоғарғы математика:

аналитикалық геометрия;

интегралдық и дифференциалдық есептеулер;

математикалық физика теңдеулері;


1.5 Постреквизиттар

Физика – техниканың дамуына, өркендеуіне күшті әсер ететін ілім. Сондықтан да студенттер физика негіздерін терең ұғынып, заңдарын үйреніп, тәжірибеліп тәсілдерін меңгерулері тиіс. Сонда ғана олар техника мамандықтары бойынша жүретін пәндерді оңай меңгеретін болады. Физиканы жете білмей келешекте техниканы дамыту, өндіріске жаңа тәсілдерді еңгізу мүмкін емес. Себебі физика техниканың негізін қалаушы ілімдердің бастысы.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар

Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбексыйымдылығы, сағ

Ұсынылған әдебиеттер

Лекция сабақтар




1 тақырып. Кіріспе. Механика. Механикалық қозғалыс. Материялық нүктенің кинеметикасы Материялық нүктенің динамикасы. Ньютон заңдары. Қозғалыс теңдеулері. Импульстың сақталу заңы. Жұмыс және механикалық энергия. Кинетикалық энергия. Энергияның сақталу заңы. Серпімді және серпімсіз соқтығыс. Қатты дененің механикасы. Күш моменті. Импульс моменті және оның сақталу заңы. Сұйықтар мен қатты денелердің механикасы. Идеал сұйықтың қозғалыс теңдеуі.

1




2 тақырып. Молекулалық физика және термодинамика Молекула-кинематикалық теорияның негіздері. Теорияның негізгі теңдеуі. Идеал газдың күй теңдеуі. Статистикалық таралулар. Барометрлік формула. Идеал газдың ішкі энергиясы. Газ ұлғайғандағы жұмыс. Термодинамиканың 1-ші заңы. Жылу сыйымдылықтар. Дөңгелек процесстер. Карно циклы. Термодинамиканың 2 және 3- бастамалары. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

1




3 тақырып. Электростатика және Тұрақты тоқ Электростатика. Кернеулік. Гаусс теоремасы. Потенциал. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Электр сыйымдылық, конденсаторлар. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тоғы. Электр қозғаушы күш. Ом заңы. Тоқтың1 жұмысы мен қуаты. Кирхгоф ережелері. Джоуля-Ленц заңы Тоқтың магнит өрісі. Био- Савар- Лаплас заңы. Ампер заңы.

1




4 тақырып. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Магнит индукциясы векторының ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы. Магнит өрісіндегі тоғы бар рама. өздік индукция. Трансформаторлар

1




5 тақырып. Тербелістер мен толқындар физикасы Гармониялық тербелістер. Гармониялық осциллятор. Тербелмелі контурдағы ерікті тербелістердің дифференциалдық теңдеуі. Өшетін тербелістердің дифференциалдық теңдеуі. Еріксіз тербелістер. Резонанс. Толқындық процесстер. Толқындық теңдеу. Электромагниттік толқындар.

1




Практикалық сабақ




1 тақырып. Материалық нүктенің кинематикасы. Материялық нүктенің динамикасы

1




2 тақырып. Жұмыс, энергия, қуат. Қатты дене механикасы. Айналмалы қозғалыс энергиясы

1




3 тақырып. Идеал газ күйінің теңдеуі. Кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Термодинамиканың бастамалары. Жылу машиналары. Карно циклы. П.Ә.К.

1




4 тақырып. Электр өрісі. өріс кернеулігі және потенциалы Электр сыйымдылық. Конденсаторларды жалғау тәсілдері Электростатикалық өріс энергиясы Тізбек бөлігіне және тұйық тізбекке арналған Ом заңы.

1




5 тақырып. Джоуль-Ленц заңы Кирхгоф ережелері. Тармақталған электр тізбектерін есептеу Вакуумдегі магнит өрісі. Био-Савар-Лаплас заңы Токтардың магнит өрісінің индукциясы. Суперпозиция принципі

1




6 тақырып. Магнетизм Био-Савара-Лаплас заңы Ампер заңы. Лоренц күші Фарадей-Ленц заңы

1




7 тақырып. Э.Қ.К өздік индукция. Магнит өрісінің Энергиясы

1




8 тақырып. Тербелістер мен толқындар Гармониялық тербелістердің теңдеуі. Математикалық және серіппелік маятниктер.

1




9 тақырып. Тербелмелі контур. Томсон формуласы.өшетін электромагниттік тербелістер. өшу декременті. Еріксіз тербелістердің теңдеуі.

1




10 тақырып. Толқындық процесстер. Жазық толқынның теңдеуі.

1




Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстар




1 тақырып. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеулері мен графиктері.

1,5




2 тақырып. Үйкеліс және серпімділік күштер. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Абсолют серпімді және серпімсіз соқтығыстар. Механикалық энергия және оның сақталу заңы.

1,5




3 тақырып. Қатты дене механикасы.Гироскоптар.

1,5




4 тақырып. Салыстырмалық теорияның элементтері. Лоренц түрлендірулерінің салдарлары. Тұтқырлықты анықтау тәсілдері. Денелердің сұйықтар мен газдардағы қозғалысы.

1,5




5 тақырып. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын оқу. Изопроцесстер. Менделеев-Клайперон теңдеуі.

1,5




6 тақырып. Ішкі үйкеліс, диффузия, жылу өткізгіштіктің теңдеулерімен танысу.

1,5




7 тақырып. Газ ұлғайғандағы жұмыс. Жылу мөлшері, жылу сыйымдылықтары. Жылу машиналары. Карно циклы, оның ПӘК-і.

1,5




8 тақырып. Нақты газдың теңдеуі. Сұйықтардың қасиеттері. Беттік керілу. Қатты денелердің қасиеттері.

1,5




9 тақырып. Гаусс теоремасын қолданып элек тростатикалық өрістерді зерттеу. Диэлектриктер. Электр ығысу векторы. Диэлектриктің ішіндегі өрніс үшін Гаусс теоремасы. Сегнетоэлектриктер. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісінің энергиясы.

1,5




10 тақырып. Кирхгоф ережелері. Металлдардағы, вакуумдегі және газдардағы электр тогы. Зарядталған бөлшектердің электр және магнит өрістеріндегі қозғалыстары. Холл әсері. Соленоид пен тороидтың өрістері. Фуко токтары.

1,5






2.2 Курстық жобаның (жұмыстың) орындалуына қойылатын талаптар және мазмұны

2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

Материалық нүктенің қозғалысы

Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыстар. Шеңбер бойымен қозғалыс.

/1/ - (7-12б), /14/- (12-14, 18-23б.)




коллоквиум

3 апта

Жылу машиналары

Карно циклы. П.Ә.К. Жұмыс істеу принциптері

/1/-(98-103б.) /14/-(164-165) /5/-(50-53б.)




коллоквиум

6 апта

Әртүрлі ортадағы электр тоғы.


Газдағы разряд. Вакуумдағы электр тоғы. Электронды-вакуумды құралдар.

/3/-(59-70, 77-81б.) /5/-(194-202б.)




коллоквиум

9 апта

Электромагниттік индукция құбылысы

Трансформатор. Электр энергиясын өндіру және жеткізу.


/3/-(128-130) /5/-(233-234)




коллоквиум

12 апта




    1. Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі*




Бақылау түрі

Академиялық оқу аралығы, жұма

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Қатысушылық

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Лекция конспектері




























*













*

Ауызша коллоквиум

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Коллоквиум



















*



















*




Тест













*













*













*

*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылаудың мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады


  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Абдуллаев Ж. Физика курсы.-Алматы, Бiлiм, 1994 – 352б.

  2. Арызханов Б.С. Физика. – Алматы, Рауан, 1994. – 256б.

  3. Садилов Қ.А. Физика лекцияларының конспектiсi. - Өскемен, ШҚТУ, 1998. – 254б.

  4. Байпақбаев А. Физика. Механика. – Алматы, Рауан, 1994.-136б.

  5. Трофимова Т. И. Курс физики. – М.: Высшая школа,1985.- 541б

  6. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. – М.: Высшая школа, 1989- 533б.

  7. Орир Дж. Физика. – М.Мир, 1981,т.1-2

  8. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. – М.: Наука,1979

  9. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике. – М.: Наука,1981

  10. Трофимова Т.И. Задачник по курсу физики. – М.: Высшая школа,1991.

  11. Ахметов А.Қ. Физика.- Алматы,Респ.баспа каб., 2000 – 483б.

  12. Тобаяков Ж. Электр және магнетизм.- Алматы, Мектеп, 1988 – 135б.

  13. Полатбеков П. Оптика. – Алматы, Мектеп, 1981 – 239б.

  14. Бектенов М.Б. Физика курсы.- Алматы, Респ.басп.каб., 1966 – 180б.

  15. Савельев И.В. Курс общей физики. – М.,Наука, 1978, т. 1,2,3.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары

Оқытушы талаптары (мысалы):



  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі

Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:



Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Ауызша сұрау

Коллоквиум

тестілеу

баяндама

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

5

5

10

10

15

5

-

50

100

Рейтинг 2

5

5

10

-

15

5

10

50

100

*Ескерту: Ағымдағы бақылаудың меншікті салмағы және түрі оқылатын пәннің өзгешелігіне байланысты оқытушы зерттеп дайындайды.

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған

жүктеу 264,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау