"Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы


Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық және өзге де актілер тізбесі



жүктеу 47,41 Kb.
бет6/6
Дата19.01.2022
өлшемі47,41 Kb.
#33662
1   2   3   4   5   6
Заң Ресурстарды басқару

3. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық және өзге де актілер тізбесі



      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан - 2050 стратегиясының, "Қазақстан - 2050: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" стратегиясының ережелеріне сәйкес іске асырылуда.
      Тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізу мен міндеттерін шешу болжанатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама;
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.
      Бұдан басқа, Тұжырымдаманы іске асырудың және онда қойылған тапсырмаларды шешудің құралдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
      Мәселен, табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, өндіру қарқынын арттыру және т.б. жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының мынадай заңдарының негізінде шешілетін болады:
      1) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      3) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      4) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы,
      5) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
      Баламалы энергия түрлерінің өндірісін дамыту жөніндегі міндеттер мыналардың негізінде шешілетін болады:
      1) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы»
2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»
2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
      Қазақстан Республикасының шикізат секторынан түсетін табысты тиімді пайдалану міндеттері мыналардың негізінде шешілетін болады:
      1) Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
      2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі;
      3) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
      Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында белгіленген тәртіппен 2014 - 2030 жж. кезеңге арналған табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану бағдарламасын әзірлеп, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарға осы Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
жүктеу 47,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау