Ќазаќстан республикасыныѕ президенті


IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат



жүктеу 1,03 Mb.
бет4/5
Дата05.02.2018
өлшемі1,03 Mb.
#8635
түріДиплом
1   2   3   4   5

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат
2008 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауын жариялады.

Президенттің биылғы жылғы Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан–2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарғы дамуын болжайтын бағдарламалық құжат. Бұл Жолдау бұған дейінгі Елбасы Жолдауларының заңды жалғасы болып табылады.

Президент Жолдаулары ішкі логикалық тұрғыдан, сыртқы мазмұны жағынан да бірін–бірі жалғастырып, толықтырып және нақтылап жатады.

Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп аталған еді.

Ал 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауы «Қазақстан экономикалық және саяси жедел жаңғыру жолында» деген атпен жарияланды.

2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы «Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасау қарсанында. Қазақ– станның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген атпен жарияланып, үлкен серпіліс тудырды.

2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы «Қазақстан–2030» Стратегиясының алғашқы онжылдығын қорытындыларын тұжырымдады және Стратегияның екінші онжыл–дығының негізгі отыз міндетін айқындап берді. Мұнда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды сомдау бағдарламасы ұсынылды.

Әрбір Жолдауыдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Биылғы 2008 жылғы Жолдауыдын мынадай ерекше– ліктеріне назар аударуға болады.

Бірінші ерекшелігі. Жолдау Конституциялық реформалардан және 2007 жылы 18 тамызда партиялық тізімдер негізінде сайланған жаңа Парламент Мәжілісі қызметіне кіріскеннен кейін жарияланып отыр. Елдегі саяси реформалар мемлекетіміздің сипатын өзгертуге негіз болды. Қазақстан Президенттік Республикадан Президенттік–Парламенттік Республикаға айналды. «Нұр Отан» партиясы Парламентік көпшілік орынды жеңіп алып, биліктің партиясынан билеуші партияға айналды. Осы жағдайлардың барлығы да Жолдаудың құрылымына және оның идеялық бағыттарына өз әсерін тигізді.

Екінші және басты ерекшелігі. Жолдаудың нақты әлеуметтік сипаты. Бұл ерекшелік Жолдаудын атынан да көрініп тұр. Жолдаудың бұл ерекшелігі көрініс бере бастаған экономикалық дағдарыстар орын алған елдердің Қазақстанға ықпалын ескере отырып, еліміздің халқын осы дағдарыстардың қиындықтарының әсерінен сақтау. Сол үшін де Елбасы қандай қиын жағдай болмаса да халықтың әл–ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретіндігін тағы да жариялады.

Үшінші ерекшелігі. Жолдауда бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда еліміздің экономи– калық өсуінің тұрақты қарқындарының қамтамасыз ету және табанды модернизациялау ұсынылады. Пайда болған қиындықтарды еңсере отырып экономиканы орнықты өсіру жөніндегі нақты шаралар көрсетілген.

Төртінші ерекшелігі. Жолдауда Қазақстан мемлекеттігін одан әрі нығайтудың, мемлекеттік басқау– дың тиімділігін көтерудің, «Нұр Отан» партиясының ролін арттыру және әкімшілік реформаларды жүзеге асырудың, сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқық қорғау және сот жүйелерін жетілдірудің негіздері ұсынылған.

Бесінші ерекшелігі. осы Жолдауда Елбасы барлық дәрежедегі әкімдердерге, олардың атын атап арнайы тапсырма берді. Бұл тапсырма–тұрғындардың әл–ауқатын жақсарта беру.

Алтыншы ерекшелігі. Жолдауда еліміздің халық– аралық беделін көтеру, Қазақстанның Орталық Азия аумағындағы тұрақтылықты және халықаралық қауіп– сіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ролін және сол негізде еліміздің әскери күш қуатын күшейту мәселелері шешімін тапқан.

Елбасы алдымен өткен жылдың қорытындыларын жалпы тұрғыдан атап өтті. 2007 жыл Қазақстан үшін жан–жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толық– тырулар негізінде ірі көлеміндегі саяси реформалар жүзеге асты. Парламенттің, мәслихаттардың, саяси партиялардың ролі көтерілді. Сайлау заңына өзгерістер ендіріліп, сол негізде прапорционалдық сайлау арқылы «Нұр Отан» партиясы айқын жеңіске жетіп алғаш рет Үкіметті жасақтады.

2007 жылы елімізде экономиканың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімі өткен жылмен салыстырған да 105 пайызды құрады. Соның ішінде тау–кен өнеркәсібі 127,7 пайызға өсті. Машина құрылысы–9,9, пластмаса өндіру 50,4, құрылыс материалдары–41,0 пайызға өсті. 2007 жылы облыста 1721 жаңа жаңа жұмыс орны құрылды.

Президенттің тікелей нұсқауымен құрылған еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылған, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрайды. Осындай ірі дәрежедегі резервтің болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақты– лығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарып келеді. 1998 жылы Шығыс Азиядағы экономикалық дағдарыс орын алғанда еліміз осы резервтің арқасында дағдарысқа ұрынбады. Қазіргі АҚШ–та орын алған ипотекалық дағдарыс жағдайында ел экономикасы осы резервке арқа сүйейді.

Әлеуметтік салада да ақуал тұрақты. 2000 жылдан бастап білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 5 еседен астам ұлғайды. 5 миллионнан астам азаматтар мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылған. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Зейнетақы өсуде. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Бұл да экономика мен әлеуметтік қолдаудың қосымша резерв көзі болып табылады.

2007 жылы республикада 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды. Демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткізілді.

Соңғы үш жылда 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл біздің жоспары– мыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.

Осының бәріде біздің қоғамның өсу үстінде екенін көрсетеді. Экономиканың өркендеуі тұрақты саяси жүйенің және кепілді әлеуметтік қолдаудың негізі болып қалуда. Елбасы Жолдауының бірінші бөлімі «Экономи– калық өсудің тұрақты қарқындарын қамтамасыз ету және табанды модернизациялау» деп аталады.

Бұл бөлім негізінен алдағы жылдарғы экономиканың даму қарқынын сақтауға және жетілдіруге арналған. Бұл түсінікті де. Себебі экономика, халықтың жоғары табысы мен тұрмысы, өндірістің өркендеуі елдегі әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығының негізгі кепілі болып қала береді.

Жолдауда бүгінгі әлемдік конъюнктураның нашар– лағанына назар аударылған. Қазақстан әлемдік экономикалық кеңістікке кірді. Осы кеңістіктің заңды– лықтары, қиындықтары мен жетістіктері біздің елімізге тұрақты әсер етіп отырғанын көпшілік көріп–біліп отыр.

Осындай жағдайда Қазақстан өз бағытын анықтап алуы тиіс. Осыған байланысты Президент «біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік–кәсіпкерлік корпора– циялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз» деп көрсетті.

Жолдауда экономиканың өсуін қамтамасыз етуі үшін: бірінші–өндіруші сектор; екінші–экономиканың негізігі секторларын озық инфрақұрлымдық қамтамасыз ету; үшінші–«30 корпаративті көшбасшы» бағдар– ламасын іске асыру; төртінші–агроөнеркәсіптік кешенін дамыту; бесінші–қаржы және салық жүйесін нығайту, инфляцияға қарсы күресті жүргізу бағыттары негізделді.

Өндіруші сектор бойынша, мұнай–газ саласы басты бағыт болып қалып отыр. Бұл бағытта мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауа­пты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту. Дәлірек айтқанда еліміздің мұнай–газ саласындағы үлесін арттыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т.б. игеруде Қазақстанның үлесі ұлғайды.

Тау–кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдануда. Бұл салада да, сондай–ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын Қазақстан мемлекетінің өз қолына алынатындығы атап өтілді. Себебі бұл байлықтың иесі Қазақстан халқы. Еліміздің экономикалық ахуалы қиын кездерде оларды игеру негізінен шетелдік инвестор– лардың қолында болса. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Осыған орай табиғи байлықтардың біртіндеп мемлкеттің өз қолына өткені орынды нәрсе.

Облыста «Иірсу кен орнын игеру» металлургиялық зауыт және жылу электр станциясының құрылысын салу, таукен металлургиялық кешенін құру көзделіп отыр. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд. АҚШ долларын құрамақ. Өндіріске 30 мыңға жуық адам тартылады деп жоспар– лануда. Жоба «Оңтүстік» әлеуметтік–кәсіпкерлік корпо– рациясымен бірлесе жүзеге асырылады. Сондай–ақ облыста «ПетроКазахстанОйлПродакст» ЖШС–нің қайта жабдықтау жобасы 450 млн. АҚШ доллары, Кентау трансформатор зауытын жетілдіру, Шымкент қаласында битум зауытын құрылысын салу қарастырылған.

Жолдау энергетиканың дамуына ерекше назар аударды. Елбасы энергетика саласын сынға алып, бұл секторды экономиканың дамуына анық «ілесе алмауда» деп көрсетті. Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер ретінле Балқаш ЖЭС–ін, Екібастұз ГРЭС–2–нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС–і және басқаларын салу көзделді.

2009 жылы «Қазақстанның Солтүстігі–Оңтүстігі» жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екінші желісі мен «Солтүстік Қазақстан–Ақтөбе облысы» қуат тасымал– дау желісінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Халықты газбен қамтамасыз етуі үшін «Бейнеу–Шымкент» магистральді газ құбыры салынбақ. Мұның өзі халқы тығыз орналасқан оңтүсітк облыстарды газбен қамтамасыз етуді шешкен болатын еді. Әлемнің алдынғы қатарлы елдері атом электр станцияларының қызметтерін пайдалануда. Әрине, ол үшін ен алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қажет. Осы бағытта Ақтау қаласында атом электр станциясын салу шешімін табады.

Темір жол және автомобиль инфрақұрылым– дарын жетілдіру бағытында биылғы жылдың өзінде концессиялық негізде Шар–Өскемен темір жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау–Баутино, Ералиев–Құрық темір жол же­лілері мен Қорғас–Жетіген учаскесінің құрылысын, Мақат–Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіру басталады.

Қазақстан Евразияның кіндігі болғағандықтан тоғыз жолдың торабында орналсқан. Еліміздің транзиттік мүмкіндіктері орасан зор экономикалық жетістіктерге негіз бола алды. Жолдау осыларды ескере отырып барлық оңтүстік облыстарды көктей өтіп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шығатын, өңірлердің экономи– касын жандандыратын Қазақстандағы ең ірі көліктік жобаны–«Батыс Еуропа–Батыс Қытай» транс– құрлықтық дәлізді іс жүзіне асыруды қолға алуды негідеп берді.

Қаржылық шығындарды мемлекеттік бюджетке түсіре бермей, концессиялық негізде, алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана–Бурабай, Астана–Қарағанды, Алматы–Қапшағай, Алматы–Қорғас автомобиль жолдарын, сондай–ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады.

Облыста 2008 жылы жол құрылысына 8 932,7 млн. теңге қарастырылған. Бұл 2007 жылғыдан 3,6 есе артық. Көлік инфрақұрлымының 17 нысанының құрылысы, соның ішінде 7 апатты көпірді қайта жөндеу көзделген.

Елбасының өткен жылғы Жолдауында экономика– ның шикізаттық емес секторын дамыту туралы айтылған болатын. Осыған орай Елбасы «30 корпоративті көш– басшы» бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді деп көрсетті.

Қазірдің өзінде осы «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасына кіруге үміткер 100–ден астам «серпінді» жобалар пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинат– тары мен мыс қорыту зауытын салу, Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода өндірісі зауытының құрылыстарын одан әрі жалғастыру, Қарағанды облысында сортты прокат өндірісі мен металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыру секілді экономикамыз үшін айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар іске асырылып жатыр.

Елбасы «30 корпоративті көшбасшы» бағдарлама– сына ерекше назар аударып, оны мемлекет пен бизнестің өзара іс–қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиіс деп бағалап отыр.

Жолдауда бейіндік министрліктердің, «Қазына» қоры мен өзге де холдингтердің, сондай–ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы, бірінші кезекте, «серпінді» жобаларды жүзеге асыру көрсеткіші бойынша бағаланатын болады деп көрсетті.

Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Жолдауда Елбасы қаржы және салық жүйесін реттеу және жетілдіруге ерекше назар аударды. АҚШ–тағы ипотекалық дағдарыс, соның әсерінен елімізде екінші дәрежедегі банктердің несие беруді тоқтатып қоюы елге қиыншылықтар тудырып отыр. Олар шетел банктерінен төмен пайызбен алынған несиелерді біздің халыққа жоғары пайызбен үлестіріп байып алды. Қазіргі Қазақстанның сыртқы қарызының негізгі бөлігі осы екінші дәрежелі банктердің қарыздарынан турады.

Осыған орай Жолдауда «сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек». Бұл жерде банктердің өз қиындықтарын өздері көтере білуі қажет, егер ондай болмаса ондай банктер жөнінде мемлекет нақты іс–шаралар қолдануы қажет деген ой туындайды. Осы қиындықтарға байланысты қаржы саласындағы тұрақсыздықты мемлекеттік реттеуге назар аударылып, Үкіметке, Қаржы Бақылау Агенттігіне және Ұлттық Банке тәуекелдерді басқаруды икемді де сенімді үйесін құруды тапсырды. Президент кез–келген күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс–қимылдар жасау жүйесін құруды ескертті.

Экономикадағы қиындықтардың өсуіне салық жүйесінің кемшіліктері де кінәлі. Қазіргі Салық кодексі ескірді, ол кейде тежегішке де айналуда. Салық кодексі 170–тен астам жеңілдіктер мен префиренцияларға орын беріп отыр. Мұндай жағдайға төзуге болмайды.

Елбасы Үкіметке жаңа Салық кодексін әзірлеуді тапсырды. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптан–дыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасауға тиіс. Жаңа Кодекс мемлекет пен салық төлеушілер мүдделерін үйлестіретіндей болуы тиіс. Шағын және орта бизнеске, шикізаттық емес секторға салық ауырпалықтары жеңілдеуі қажет.

Экономикадағы, соның ішінде қаржы, салық және банк жүйесіндегі қиындықтар инфляцияның және бағаның өсуіне, тұрмыстың аурылауына, қымбат– шылыққа, сол негізде халықтың кейбір топтарының наразылығына да алып келуі мүмкін. Әрине, бұл уақытша қиындықтар. Осыған орай Президент бірінші кезекте, Үкімет уақытша, қаржы секторындағы проблемалар жойылғанға дейін, әлеуметтік саладан өзге, бар­лық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартуы керек деп тапсырды. Елбасының бұл тапсырмасы биылғы жылғы Жолдаудың негізгі өзегінің бірі.

Жолдаудың екінші бөлімі Қазақстан мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін жетілдіруге арналған. Бұл бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігін көтеру, саяси жүйені одан әрі дамыту, қылмыспен сыбайластыққа қарсы күресті өрістету, әкімшілік реформаны жүзеге асыру, үш жылдық бюджетті қабылдау, шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік қабілеттілігін қолдау мәселелері қарастырылған.

Осының бәрі де тәуелсіздіктің 16 жылы ішінде қалыптасқан қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтас– тық пен жалпықазақстандық патриотизмді одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Елбасы саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің қалыптасқанын және оны жетілдіру жолымен жүре беретінімізді мәлімдеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заң қабылданбақ.

Саяси жүйені дамытуда саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс.

Елбасы қазіргі сатыда «Нұр Отан» партиясы­ның басым моделі Қазақстанның саяси жүйесіндегі оңтайлы пішін ретінде қарастырыла алады деп көрсетті.

Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады.

Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды.

Дегенмен, олардың қызметінде елеулі кемшіліктер бар.

Бұл жөнінде Елбасы барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен Бас прокуратураның жақында өткен алқа отырысында қатты айтты.

Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандық– тардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.

Елбасы «Нұр Отан» партиясына «Сыбайлас жемқорлыққа он мәрте күйрете соққы» атты арнайы бағдарламасын қабылдау туралы тапсырма берді. Осы бағдарламада осынау әлеуметтік кеселге қарсы күрестің нақты және кешенді шаралары көрініс табады.

Партия төрағасының тапсырмаларын орындай отырып Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық партия филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы болатын қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл кеңестерде азаматтардың сыбайлас жемқорлық, парақорлық жөніндегі арыз–шағымдар қаралып тиісті шешімдер қабылданады.

Елбасы Жолдауда құқық қорғау және сот жүйесі қызметкерлерінің атына қатты сын айтып олардың елеулі кемшіліктерін атап өтті. Бұл органдардағы келеңсіз– діктер, бюрократия, азаматтардың мұң–мұқтаждарына жүре қарау азаймай отыр.Бизнеске заңсыз араласу өрши түсуде. Осының бәрі де бұл органдардың қызметін одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Бұл саладағы басым бағыт жазалаушы іс–әрекет емес, құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен олардың алдын алу болуы тиіс. Сондықтан биылғы жылы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленуде.

Конституциялық реформаларға сәйкес мемлекеттік басқарудың үлкен бағытының бірі дәйекті әкімшілік реформаларды одан әрі жалғастыру. Әкімшілік реформа– лар жетік халықаралық тәжірибелерді зерттей отырып «нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс». Қазіргі кезде барлық денгейдегі әкімдердің халық алдында жыл сайын есеп беруі тәжірибеге енді. Әкімдердің есеп беруі әкімшілік институтының қызметінің ашықтығының және жариялылығының көрінісі болса керек. Соңғы жылдары әкімдер өз есептерінің тезистерін алдын ала баспа сөзде жариялап, көпшіліктің пікірін біліп, халықпен ақылдасып жұмыс істеуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Н.С.Әшімовтің есебі баяндамасының тезистері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2008 жылғы 29 қаңтарында жарияланды. Облыс әкімінің есебі 2008 жылы 13 ақпанда берілді. Аудандар және қалалар әкімдерінің есебі де тиісті баспасөз органдарында жарияланды.

Әкімшілік реформаның нақты қадамын Елбасының өзі бастады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 11 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны және құрылымы туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес Әкімшілік реформа аясында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметі мен құрылымын одан әрі жетілдіруге бағыт алды.

Мемлекет басшысы бүкіл әкімшілік реформаны жүзеге асыруды, Әкімшілік реформаны қорғау қорғау органдарында, сондай–ақ ел Президентіне есепті барлық ұйымдарда жүргізуді қамтамасыз етуді Президент Әкімшілігіне тапсырды.

Мұндай үлкен жұмысты жүзеге асыруды Елбасының Президент Әкімшілігінен бастауы басқарушы мемлекет– тік органдарға үлгі болып табылады. Елбасы Жарлығына сәйкес Президент Әкімшілігіндегі құрылымдық бөлім– шелердің саны 22–ден 13–ке, ал қызметкерлерінің саны 10 процентке қысқартылды. Жуық арада мемлекеттік басқарудың осы заманғы қағидаттарын енгізуге қатысты жүйелі шаралар кешенін қабылдау жоспарлануда (Егемен Қазақстан, 2008 ж. 12 ақпан).

2008 жылы мынадай мелекеттік органдарда–Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министір– лігінде және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде пилоттық бағдарламалар бойынша әкімшілік реформалар жұмыстары басталады.

Әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру болуға тиіс. Яғни, халыққа қызмет етуі шарт. Ол төрешілдікті, сөзбұйдаға салуды азайтуға тиіс.

Мемлекеттік басқару және әкімшілік реформалар білікті кадрлар қызмет еткенде ғана өз жемісін береді. Елбасы осы Жолдауда «жаңа кадр саясаты» және «жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсіби ұйытқысын қалыптастыру» туралы тапсырма берді.

Еліміздегі кадр саясатын қалыптстыруда «Болашақ» бағдарламасың ролі үлкен. Осы бағдарламаға 15 жыл толды. Жуырда Елбасының қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының степендиаттарының форумы болып өтті. 15 жыла 26 ұлт өкілі кіретін 3 850 талапкерге Елбасы стипендиясы тағайындалған. Олар әлемнің 32 еліндегі ЖОО–да білім алды немесе оқуда. Алғашқы жылдары 100–ге тарта үміткер оқыса, 2005 жылғы Елбасы Жолдауына байланысты стипендиаттар саны 3 000 мыңға көтерілді. Елбасы осы кездесуде өзінің «Интеллектуалды ұлт–2020 ұлттық жобасы» туралы идеясын жария етті. (Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі, 2008 ж. 1 ақпан).

Бұл үдерісте үлкен рөл «Нұр Отан» партиясына тиесілі болмақ. Елбасы өз Жолдауында «Нұр Отанның» бұл бағыттағы жұмысын жаңаша бағалап «Партия мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлар жасақтауға белсенді қатысып, лайықты азаматтар үшін «әлеуметтік көтергіш» рөлін атқаруы керек» деп көрсетті.

Сондықтан да Жолдауда айтылған Елбасының резервпен жұмыс істеу де жаңа деңгейдегі жұмысты талап етеді деген тапсырмасының маңызы үлкен.

Президент өзінің «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің 2008 жылы 17 қаңтарда өткен кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отанның» стратегиялық шешімдер жасаудың орталығына айналуы керек екендігі» нақтылап көрсетілді. Бұдан партияның сараптама және зерттеу жұмыстарын күшейтуді жалғастыру қажет деген міндеттер туындайды. Осында кадр саясатында «тікелей ұтқыр» қағидатын жүргізу туралы айта келіп, Елбасы кемінде 2–3 жыл жұмыс істеген партия қызметкерлерін орталық аппаратқа жоғарылату және партияның резервінде тіркелген азаматтарды мемлекеттік қызметтерге жолдама беру туралы атап көрсетті.

Елде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаларға, оған басшылық жасайтын кадрлар құрамын қамтамасыз ету, олардың біліктілігі мен білімін жетілдіру және кадрларды іріктеу, қайта даярлау жұмыстарына Президент Әкімшілігі тікелей басшылық жасайды.

Жолдауда шағын және орта бизнес туралы мәселе олардың бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыру бағытында жүргізілуі тиіс екендігі көрсетілді.

Шағын несие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемлекет қаражаты есебінен де қолдау керек. Олар жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудің қолжетімділігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажеттілігі атап өтілді.

Әкімшілік реформаны жүргізу, мемлекеттік басқаруды жетілдіру азаматтармен байланысты нығайтуды, бюрократияны азайтуды және мемлекеттік органдардың қызметін ашықтандыра түсуді талап етеді. Осыған орай Жолдауда бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды және аккредиттеуді одан әрі оңайлату жолдарын қарастыру Үкіметке тапсырылды. Бұл шаралар бұған дейін де талай рет көтерілгенімен әліде түпкілікті нәтижесін бермей отыр. Сөзбұйдалық, төрешілдік, менмендік, көпшіліктің мүддесін ескермеу, елдің мұң–мұқтажын және талап–тілектерін жүре тындау, халықтың мемлекетке деген құрметін төмендете түсетін жағымсыз әрекеттер. Бұл әрекеттерге қаншама қарсы күрескенмен олар азаймай отыр. Осыған орай Жолдауда Елбасы келтірген мына бір мысал бюрократияның әлі де азаймай отырғанын көрсетеді. «Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу» туралы соңғы есебі бойынша барлық экспорттық рәсімдерден өту үшін Қазақстанға 89 күн, мәселен, Эстонияға бұл үшін небәрі 5 күн керек екен».

Ең қиыны мұндай кереғар тексерулерге заңдық тұрғыдан негіздер де қаланып қойылған. Кәсіпкер үшін нағыз кесапат–50–ден астам заңда көзделген түрлі–түрлі тексерулер болып отыр.

Жолдауда келтірілген кәсіпкерлердің жолын байлап отырған жөнсіз тексерулер заң шығарушының да кемшілігі болып табылады. Мұндай заң жобаларын ең алдымен Үкімет құрамына кіретін орталық атқару органдары даярлайды. Сонда олар өздерінің ведомств– алық мүдделерін заң жобаларына енгізіп жібереді. Сөйтіп болашақ заңдар арқылы өз нәпақаларын тауып отырудың жеңіл жолдарын жасап алған. Мұндайды болдырмау үшін заң жобаларын терең талдап, көпшіліктің пікірін білдіретін сараптамалар жүргізіп отырудың маңызы үлкен.

Биылғы жылғы Жолдаудың өзіне тән ерекшелігінің бірі оның әлеуметтік сипаты. Бұл сипат Ата заңымыздың 1–бабында көрсетілген мемлекеттің әлеуметтік сипат– ынан туындайды. Сондай–ақ қазіргі кезеңде мемлекеттік саясаттың әлеуметтік сипатының бірінші қатарға шығуы әлемдегі қаржылық–экономикалық қиындықтарға, ең алдымен АҚШ–тағы ипотекалық дағдарысқа да байлан– ысты.

Әлемдегі қиындықтар Қазақстанға да соқпай өтпейді. Екінші дәрежелі банктер ипотекалық несиелерді тоқтатуға мәжбүр болды. Құрылыс индустриясы әсіресе, тұрғын үй құрылысы уақытша тоқтауға жетті. Инфляция күшейе түсуде. Осындай жағдайда мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайының, әл–ауқатының, тұрмыс тіршілігінің бұрынғы қалпын сақтап қана қоймай, оны одан әрі көтеру туралы нақты тапсырмалар берді.

Сондықтан да Елбасының «Бірінші кезекте, Үкімет уақытша, қаржы секторындағы проблемалар жойылғанға дейін, әлеуметтік саладан өзге, бар­лық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартуы керек» деген қатаң тапсырмасы халықтың әлеуметтік жағдайын қорғауды ұйымдастыруға жасалған негізгі қамқорлық деуге болады. Күте тұра алады дегендердің бәрі тоқ­татылуы қажет. Бұл барлық өңірлерге де қатысты. Мұндай үнем инфляцияға түсетін қысымның төмендеуіне жағдай жасап, сонымен бірге, энергия көздері мен шикізат ресурстарының бағасы төмендеген жағдайда елдің резервтерін ұлғайтады деген Елбасының ұстанымы Жолдауда қойылған әлеуметтік міндеттерді дер кезінде орындауға негіз болады.

Қазақстандық өмір сапасының стандарттарын қалыптастыру туралы Елбасы бұған дейін де айтқан болатын. Мұның өзі адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс.

Жолдауда алғаш рет көрсетілген үш жылдық бюджетті қалыптастыру экономиканы өрлетудің құралы ғана емес, соңымен қатар әлеуметтік қолдауды жетілдірудің де негізгі арқауы болмақ.

Жаңа үш жылдық бюджет бойынша:

Тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнет– ақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы–25%, 2010 жылы–25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%–ға дейін өсірілуге тиіс;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;

- сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп–бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010–2011 жыл– дары кезең–кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;

- 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді;

- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең–кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы–25%, 2010 жылы–25%, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.

- тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек делінген.

Біздің облыста 2007 жылдың қазан айында жан басына шаққандағы нақты табыс 2006 жылмен салыстырғанда 8,6 процентке өсті. 18 жасқа дейінгі балалары бар 40 мыңнан астам отбасыға 1 млрд. 344 миллионнан аса теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді. 56 779 адамға бала туына байланысты 933,3 млн. теңге біржолғы төлемақы төленді. 522,1 мың азамат зейнетақы, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдермен қамтылды. 2008 жылы облыс бюджетінің жалпы көлемі 165,8 млрд. теңге болып немесе ол 2007 жылғы бюджетке қарағанда 165 пайызды құрады.

Білім және ғылым министрлігіне үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфра– құрылымын жасауды аяқтау тапсырылды.

12 жылдық орта білімге өту кейінге қалдырылды. Оның себептерінің бірі 12 жылдықққа өткен жағдай да мектеп жасындағы балалардың саны күрт өседі. Қазіргі қолда бар мектептердің саны аздық етеді. Сондықтан орта мектептің материалдық жағдайын нығайту үшін үсті– міздегі жылы 68 мың оқушыға арналған 88 мектептің құрылысы, ал 2009–2010 жылдары 69 мың оқушыға арналған тағы да 102 мектептің құрылысы басталады.

Облыста жоғары білімді білікті кадрларды даярлауда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің орны бөлек. Көппрофилді мамандар даярлайтын бұл оқу орны соңғы жылдары рейтингі бойынша Республикада тұрақты 3 орынды иемденіп келеді. 2007 жылы университетке 2 375 грант иегері оқуға түсті. Бұл еліміздегі ЖОО–лар ішінде үшінші орын. Университет ұжымы әсіресе инновациялық білім беруге, білімді өмірмен ұштастыруға, техникалық білім беру басты назар аударады.

Кәсіптік–техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыру тапсырылды. Бұл жұмысты Үкімет ірі мемлекеттік холдингтермен және облыс әкімдерімен бірлесе отырып жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі кезде 830 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 558,7 мың адам білім алуда. Республикада 27 ауданда кәсіптік–техникалық мектептер атымен жоқ. Мұның өзі елдегі жұмысшы кадрлардың даярлаудың төмендігін көрсетеді. Кәсіптік–техникалық білім беруге мемлекетпен қатар бизнес өкілдері, жұмыс берушілер тартылуы тиіс.

«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету кезек күттірмейтін мәселе. Жолдауда мемлекеттік тілдің бүкіл қоғамымызды топ– тастырушы ролі ерекше аталды. Егер қандасатымыздың және Қазақстан азаматтарының бір бөлігі мемлекеттік тілді білмесе, оны меңгеруге ұмтылыс жасамаса, онда мемлекеттік тілдің қоғамды топтастырушы ролі туралы сөз жүзеге аспайды. Мұның өзі Елбасы Жолдауындағы осындай үлкен міндетті аяқ асты ету болып табылады. Сондықтан қазақ тілін оқыту сапасын артыру және оны оқып үйрену мемлекеттік органдардың ғана емес әрбір қазақстандық азаматтың да міндеті.

Бүгінгі күнде облыс орталықтары түгілі аудан орталықтарының өзінде қаптап кеткен шет тілінде жазылған жарнамалар мен маңдайшалардың иелері ең алдымен Елбасы Жолдауын және Тілдер туралы заң– наманың талаптарын өрескел бұзып отыр.

Осыған орай Жолдауда халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажеттілігі, мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновация– лық әдістемелік, тәжірибелік оқу–құралдарын, аудио–бейнематериалдарды әзірлеу керектілігі атап өтілді.

Мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқулықтар мен әдістемелік материалдар сын көтермейді. Олар адам– дарды қазақ тілін үйренуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс. Елбасының бұл сындары қазақ тілін оқытуды мақсатты тірлікке емес, даурықпа ұрандарға айналдырып жіберген тендерді жыл сайын ұтып алатын кейбір баспалар мен тіл төңірегіндегі белсенділердің қызметін қайта қарауға міндеттейді.

2008 жылы білім беруге облыстық бюджеттің 34,7 проценті немесе 57,6 млрд. теңге жұмсалады. Бұл өткен жылғыдан 48 пайызға жөғары. Облыстағы 15 білім берудің нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. 292,6 млн. теңге, 23 білім беру нысандарының құрылысына және қайта құруға облыстық бюджеттен 3 млрд. 030, 9 млн. теңге бөлінбек.

Әлеуметтік саясаттың негізгі бағытының бірі–денсаулық сақтау. Жолдауда бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес деп нақты көрсетілді. Бұл денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Сондай–ақ, қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды деп қорытындыланды. Бұл денсаулық сақтау саласына айтылған үлкен сын. Денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.

2008 жылы республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысан– ының құрылысы қолға алынды.

Жолдау аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын орнықтыру мәселелеріне айрықша назар аударды. Ауруды емдеу орасан зор шығынды талап етеді. Ауру адам қызметтен қалады, оның денсаулығына белгілі дәрежеде зиян келтіріледі. Осының бәрінің алдын орау үшін басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдар– ламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн деген Елбасының пікірі көпшілікке ой салады.

2008 дылы денсаулық сақтауға облыстық бюджеттің 25,4 проценті немесе 42,2 млдр. теңге бағытталады. Бұл өткен жылғыдан 82 процентке артық. Мәдениетке 2,3 млрд. теңге, спроттық іс–шараларға 3,5 млрд теңге қарастырылады.

Жолдау салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамыту– дың маңызына тоқталды. Бұл үлкен кешенді шараларды қамтамасыз етуді қарастыратын инфрақұрылым. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.

Әкімдерге жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой– ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауды жүзеге асыру туралы тапсырмалар берілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде Елбасы бұған дейінде талай рет айтқан. Жыл басында Жезқазған қаласында бизнестін әлеуметтік жауапкершілігі туралы форум өтті. Елбасының үндеуіне барлық бизнес қауымдастығының өкілдері қызу үн қосты.

«Қазақмыс» корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, Қазмырыш, Теңізшевройл, Аджип, «Қаз–Мұнай­Газ», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялары сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтік салаға арналған нысандарды: мектептер, медициналық және мектеп жасына дейінгі мекемелерді, сауықтыру кешендерін, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерін дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Мұндай игілікті шаралар оңтүстік өңірінің бизнесмендері де тарапынан да жасалуда.

Жолдауда Елбасы барлық дәрежедегі әкімдердерге, олардың атын атап арнайы тапсырма берді. Бұл тапсырмада тұрғындардың әл–ауқатын жақсарта беру керектігі жайлы арнайы жоспар бойынша жұмыстар атқарылатыны көрсетілді.

Әкімдерге берілген арнайы тапсырмалар:

- Тұрғындардың әл–ауқатын жақсарту бірінші кезекті міндет;

- Бюджеттің нәтижелілігін арттыру;

- Әкімдер инфрақұрылымдарды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі керек;

- Жер телімдерін жасырын бөлу тәсілінің тәжірибесін тоқтату. Барлық жер телімдері ашық аукциондар арқылы бөлінуі.

- стадиондар мен спорт кешендерін, спорт аландарын салу, жаңарту;

- салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастару;

Бюджеттің нәтижелігін арттыру туралы айтылғанда әкімдерге тұрғындардың әлеуметтік әл–ауқатын арттыру– ға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажеттігі тапсырылды. Әкімдер қазіргі кезде Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін қандай бағдарламаларды, басы артық лауазым орындарын қысқартуды, күте туруы мүмкін жобаларды кейінге қалдыруды ойластыруда.

Республика орталығында нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Осындай жобаларды қысқартулар мен үнемдеулер арқылы тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.

Елбасының қадап айтқан мәселесінің бірі жер телімдерін бөлудегі заңсыздықтар мен әділетсіздіктерге аяусыз күрес жүргізу. Жолдауда көрсетілгендей Үкімет жүргізген тексерістер Астананың және облыс орталық– тарының маңайындағы жер телімдері алдын ала жасанды фирмалар мен жеке тұлғалардың есебіне сатылып кеткендігін анықтады. Кейбір адамдар, олардың ішінде көпшілігі шенеуніктер, бұл жерлерді нарықтық бағамен сатып, ешқандай шығын шығармай–ақ мемлекеттің есебінен баюда. Мұндай фактілер біздің облыста да бар. Елбасы оларға бұл жерлерді мемлекетке өз еріктерімен қайтару жөнінде ұсыныс жасау қажет немесе құқық қорғау органдарын бұл іс–әрекеттердің заңдылығын және ондай адамдардың жауапкершілігін анықтауды міндет– теді.

Мұндай тапсырманы жүзеге асыруда Президент «Нұр Отан» партиясына және оның Парламенттегі фракциясына арқа сүйейтіндігін мәлімдеді. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының жанынан сыббайлас жемқор– лыққа қарсы күресетін топтар құрды. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихат жанындағы фракциясына да үлкен сенім артылады. Фракция отырысында бұған дейін «Таза су» мен «Тұрғын үй» аймақтықтық бағдарламаларының орындалуындағы елеулі кемшіліктері көрсетіліп, олар туралы Республикалық және жергілікті БАҚ–тарда кеңінен жазылды. Фракцияның бұл бағыттағы жұмысы күшейетін болады.

Жолдаудың соңғы төртінші бөлімі «Қазақстанның халықаралық беделін, аймақтық тұрақтылықты және халықаралық қауіпсіздікті нығайту» деп аталады. Мұнда еліміздің халықаралық қатынастардағы міндеттері анықталған. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды. Беделді халықаралық органдар–Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қазақстанның бастамалары мен тәжірибесіне іс–жүзінде әрқашан кең қолдау көрсетіп келеді.

Өткен жылы еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. Қазақстан ТМД елдері, Орталық Азия елдері, түрік халықтары елдері ішінде тұнғыш рет осындай аса жоғары мәртебелі ұйымның төрағалығына көтерілді. Мұның өзі Қазақстан– ның Европа және әлемдік кеңістікке кіріп қана қоймай, оларға төраға ретінде өз ықпалын жүргізуне де жол ашты.

Осыған байланысты «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламаны әзірлеу басталды. Бұл бағдарлама Еуро– палық үлгілерді терең зерттеп, оларды пайдалану ғана емес, еліміздің Еуропаға кірігіуін атап айтқанда, ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тәжірибесі мен технологиясын тартуға, заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ–ға төрағалық етуіміздің стра­тегиялық пайымын және өзіміздің күн тәртібімізді белгілеуге ықпал етуге тиіс.

Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және саяси ынтымақтастығы одан әрі нығая береді.

Қазақстанның сыртқы саясаты негізгі мүдделер ортақтығын іздестіруге, барлық, тіпті ең бір өткір мәселелердің өзінде де мәмілеге қол жеткізу қажеттігін түсінуге құрылған.

Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық лаң– кестік пен діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретіндегі ұстанымын жан–жақты нығайтады.

Қазақстан армиясын жаңғыртуды және оның жауынгерлік дайындығын жетілдіру жалғастырылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің тікелей бастамасымен және төрағалық етуімен елордамыз Астана қаласында 2003 және 2006 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші және екінші съездері өтті. 2009 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі өтеді. Қазір бұған үлкен дайындық жүріп жатыр. 2010 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізу жоспарланған.

Тұтастай алғанда, еліміздің сыртқы саясаттағы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басым– дықтары бұған дейін қабылданған бағдарламалар мен доктриналар негізінде өзгеріссіз қала береді.


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау