ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Азаматтық құқық» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ»
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5
1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10
1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12
ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22
2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29
IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі: Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы басымдықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші Жолдауда ел үмітін ақтады. Онда нақты мақсаттар мен міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жоддаудың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деген атауы ашып тұр.
Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды, жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық, қаржылық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалыптасты. Нарық қиындығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен кедейленуі де күшейе түсті.Әлеуметтік қайшылықтар тікелей көрініс бере бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі басталды. Міне, осындай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің тұрақты дамуын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете түсудің бірден-бір жолы-Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін Президент биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп берді. Мемлекет алдағы уақытта қарапайым халықтың әл-ауқатын түбегейлі елдің дамуына қол жетпейді.Сондықтан мемлекет бүгінен бастап, әр қазақстандық мұң-мұқтажынатажына бетбұрыс жасау саясатынын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет өз азаматтарына қызмет жасаса, оның өмір сүруін жақсартудың кешенді шараларын жүзеге асырса ғана өзінің күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт жетті. Өркениеттілік белгісі аз ғана төбе топтың ғана байып күшеюі емес, ел халқының басым көпшілігінің жағдайының түзеліп, болашаққа сенімінің артуы.Биылғы Жолдаудан Елбасының нарықгықэкономика жетістіктерін халықтың әлеуметтік меселелерін шешуге бетбұрыс жасату саясатына ден қойғанын байқаймыз. Қазақстан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидасына негізделетін адам келбетіндегі капитализм орнатуға тікелей кірісті деп есептеуге болады. Нарықтық қатынастардан ел халқының басым көпшілігі зардап шегуі жағдайы толастамаса, елдің экономикалық дамуы толастамайтыны ақиқат. Әсіресе, Қазақстан сияқты шикізат ресурстарын сатудан пайда тауып отырған мемлекет үшін жер қойнауы табысына халықты ортақ ету мәселесі маңызды бола түсуде. Президент ел болашағын, қазақстандықтардың әл-ауқатын шикізатпен емес, тауар өндірісі сала-ларын дамытумен байланыстырады. Дайын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін шығару арқылы өз, рыногымызды қамтамасыз етсе, артығын экспортқа шығарса өркениетті елдің әлеуметтік тірегі болып есептелетін орта таптың қалыптасуы жылдамдайды. Қазір шағын және орта бизнеспен Қазақстан халқының 7-10 пайызы ғана қамтылған. Бұл көрсеткіш 20-25 пайызға жеткенде елдің толыққанды әл-ауқатына иелік еттік деп есептеуге болады.
Президент адам факторына ерекше назар аударады. Себебі, әр қазақстандықтың еңбекке құлшынысы болуы шарт. Әл-ауқатты өмір тек еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл адамға келетіні ақиқат. Билік табиғат байлықтарын халыққа бөліп беріп отыра берсе үлкен зиян, кесапат. Ондай саясат жалқаулықты тудырады. Мұнай қоры, алтын қоры, қаржылық басқа да қорлар ғылымның, білімнің, денсаулықтың, мәдениет пен спорттын дамуына жұмсалуы елдің кемел келешегінің кепілі екендігін саяси элита терең ұғынуы шарт. Сондықтан биылғы Жолдауда аталған салалар ерекше назарға алынған. Қазақстанның абыройы мен әлеуметтік қуатын Елбасы қарттарға, мүгедектерге және сәбилерге ерекше қамқорлықтың болуымен байланыстырады. Зейнеткерлердің дұрыс өмір сүре алуы, сәбилердің өмірге көптеп келуі мемлекеттің беделін арттырып қана қоймайды, оның азаматтарының бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырады, жалпыхалықтық әлеуметтік оптимизмді күшейтеді. Билік пен халықтың тұтастығын бекемдеу арқылы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға алғышарт жасалады. Биылғы Жолдаудың өзекті міндеті — мемлекеттің бүкіл ресурстарын әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға пайдалану. Әл-ауқаты жақсы, халық қана демократиялық, құқықтық мемлекетті құруда белсенді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.
Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуымен байланысты жүргізілетін аса күрделі және сан салалы жұмысты басқаратын елдің саяси билігі. Саяси биліктегі шешуші тұлға — Президент. Сондықтан Қазақстан үшін Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломның құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Ол кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған қайнар көздерден тұрады.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қазақстанда биліктің жаңа түрі — президент институты елдің терең экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты. Әсіресе, экономикалық дағдарыс салдарының ел халқының 50 пайыздан астамы кедейшілік және қайыршьшық деңгейіне түсті. Бұрыңғы социалистік жоспарлы экономика мен өкімшілдік-әміршілдік жүйе дағдарысты еңсеруге мүддем қауқарсыз болып шықгы. Елде этностық қозғалыстар басталып, солтүстік жөне шығыс облыстарда сепаратизм қаупі анық байқадды. Мұндай қауіпті үрдістер Қазақстанның бөлшектенуі, ыдырауы кайшылығына жеткізетіндей ахуал қалыптасты. Коммунистік партияның аренадан түсуі рухани, идеологиялық вакуумге әкелді. Елде тәртіптің, тәрбиенің және саяси тұрақтылықтың өлсіреуі басталды. Қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын түгелдей камтыған жүйелік дағдарыстан шығу үшін бірінші кезекте саяси басқарушы билікті күшейту міндеті тұрды.
Үшіншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда Қазақстандағы сайлан-ған өкілді органдар мен жергілікті атқару-шы билік органдары дағдарысқа төтеп беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын көрсетті. Жоғарғы Кеңестің жұмысында митингілік, дау-дамайлық сипат басым болды. Биліктің әлсіздігінен Казақстанның дағдарыстық үрдістер құшағынан шығуы мәселесі қиындап кетті. Сондықтан нақты саяси ахуалды шешетін, халықтың демо-кратияны таңдауына жауап беретін, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жалпыхалықтық сайлауда билікке келген президент қажет болды.
Төртіншіден, Қазақстандағы саяси және экономикалық жүйенің алмасуы жағдайын-да өркениетті, демократиялық елдердің тәжірибесіне сәйкес келетін жаңа тұрпатты саяси жүйені қалыптастыру қажеттілікке айналды. Осындай кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін де Қазақстанға президенттік билік қажет болды. Себебі, Қазақстан дамыған Батыс мемлекеттеріндегідей
өмір стандарттарын каласа, солардыкіндей қызмет ете алатын, қазіргі жылдам өзгеретін заманның қауіптері мен қайшылықтарына жауап беретін басқару жүйесін құру керек еді. Қазақстан өркениетті
елдердің басым көпшілігіне тән президенттік билік жүйесін таңдады.
Бесіншіден, елдің полиэтностық құрамының,
этнодемографиялық ахуалының күрделілігі Қазақстан халқын жалпы-мемлекеттік ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында топтастыра алатын, ұйытушылық қасиеті бар саяси биліктің болуын талап етті. Билік ұлан-байтақ ел аумағын, шикізат кездері мен материалдық ресурстарын басқара
алмаса, Қазақстанда келешек болмай-тындығын ел халқы да, саяси элита да түсінді. Тарихи саяси ахуал және экономикалық даму талаптары Қазақстанды президенттік билік жүйесіне алып келді. Сондықтан Қазақстандағы Президент қызметін өмірдің объективті даму талаптарынан туған кұбылыс деп айта аламыз.
Қазақстан қоғамындағы осындай нақты талапты сезінген сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі өз қаулысымен 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлансын деген шешім қабылдады.
Биліктің бір саяси жүйеден екіншісіне эволюциялық және бейбіт жолмен ауысуы жағдайында саяси басқарушы элитаның толықтай алмасуы болмайтындығы әлемдік саяси төжірибеден белгілі. Қазақстандағы жаңа мазмұндағы саяси жүйе бұрынғы социалистік саяси жүйе қойнауынан біртіндеп бөлініп шықты.Жаңа нарықтық катынастарға тән, жаңа қоғамға тән саяси жүйенің бірінші кірпіші, іргетасы Қазақ-станда Президент қызметінің енгізілуімен қаланды деп есептеуге болады.
Қазақстан либералдық сипаттағы саяси жүйеге Кеңес Одағы толық күйремей жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау, демократиялық саяси жүйеге қарай түбегейлі бетбұрыс жасау шаралары 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациядан бастау алды. Декларацияда Казақстанда алғаш рет билік тармақтарын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қарастырылды. Президентке республика басшысы ретінде ең жоғарғы әкімшілік-аткару билігі жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға Президент болды. Сонымен қатар, биліктің негізгі тірегі Қазақстан халқы екендігі және биліктің негізгі органдары халық атынан қызмет ететіндігі атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы белгіленді.
Декларацияда саяси жүйенің барлық сегменттерінің заңдарға бағынып қызмет жасау қажеттілігі міндеттелді. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан заңдарының өз аумағында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды. Қазақстан шын мәніндегі халықаралық саясат субъектісіне айналды.Әлемдік саясаттағы Қазақстанның жаңа орнын анықтау шараларын басқару-шы ең жоғарғы әкімшілік-аткарушы билігі бар Президент басқара бастады. Экономикалық нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасауын, меншік түрлерінің әралуандыққа ие болуын, саяси плюрализмнің қалыптасуын, елдің демократиялық модерниза-цияға түсуі сияқты өзекті міндеттерді шешу саясатын да Президент тікелей өзі жүргізе бастады. Сонымен, ғасырлар алмасар тұста жаңа Қазақстанның жаңа әлемдегі орнын анықтауда, елді әлемдік өркениет үдерісте-ріне қосу істеріне Президент басшылық жасады. Президенттің қоғам, мемлекет, халық және адам тағдырына жауапкершілігінің артуы құбылыс саяси өмірге келді. Постсоциалистік және посттоталитарлық кезеңдегі дағдарыстық үрдістерді ауыздық-тау міндетін шешу барысында ел халқының алдында президенттік биліктің зәрулігі дәлелденіп, оның абыройының артуы көрінді. Транзитті, етпелі қоғам дамуының 1990-1995 жылдарды қамтитын бірінші кезеңін Қазақстанда президенттік биліктің пайда болуы мен калыптасуы кезеңі ретінде бағалауға болады. Президенттік билік ар-қылы Қазақстан халқы өз тағдырын өзі ше-шетін саяси-әлеуметтік қауымдастыққа айнала бастады. 1990 жылы ел халқының 41 пайызын құрап, 6,8 миллион адамға жет-кен казақ ұлты өзінің төл мемлекеттілігін жасау мүмкіндігіне ие болды.
Қазақ этносының ұлтсыздануының, ана тілінен айырылуының, ұлттық ділінен алшақтауының зиянды және қауіпті үдерістеріне шек қоюдың саяси алғышарты да жасалды. Тәуелсіздік қазақ ұлтына этно-демографиялық және мәдени жаңару мүмкіндігін алып келді. Бұл мүмкіндіктердің де кепілі президенттік билік деп білді қазақ халқы. Сонымен бірге, қазақ халқы Қазақстан Президенті ең алдымен бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін, мақсат-мұраттарын іске асырушы болуға тиісті екендігін түсінді, өзінің этностық мүдде-лерінің Қазақстан халқы мүдделері шең-берінде біртіндеп шешілу саясатының келе-шегіне және қажеттілігіне енді. Бұл күрделі құбылыс қазірге дейін эволюциялық дамуда жалғасып келеді. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Президент басқарған саяси элита үш ғасырға жуық созылған Ресей империясының бодандығында болу қазақ ұлтын біртіндеп құру табалдырығына әкелгендігін жақсы түсінді. Бодандық жалғаса берген жағдайда қазақ этносы ұлттық белгілерінен айрылып, ассимиляцияланған тобырға айналатындығы сөзсіз болатын. Онын кең байтақ, табиғи ресурстарға толы жері басқаның иелігіне өтеді. Қазақ ұлтына тәуелсіздік осындай қасіреттерден құтылу мүмкіндігін сыйлады. Халқымыз ұзақ тарихи кеңістікте өзінің билігі өзінде болатын, әлемдік ереже-тәртіптерге икемделген халықаралық қатынастар субъектісіне айналды. Бұл жаңа құбылыс та қазір өз жалғасын табуда.
Бірақ, полиэтностық елде қазақ этносының ұлттық, тілдік мүдделерін асығыс түрде, басқа мәселелерді ысырып тастап бірінші кезекке қоюға болмайды. Әсіресе, 90-жылдарда орыстар ел халқының 37%-ын құрап, 6,2 миллион адам болатын. Украин-дарды, беларусьтерді, немістерді және басқа да славян-христиан тектес халықтарды қосқанда олар Қазақстан халқының тең жарымынан астамын құрайтын. Әсіресе, солтүстік және шығыс аймақтарда қазақтар азшылық еді. Республика басшылығына сол кезде ерекше сабырлылық пен салқынқандылық
керек болды. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауды аса сақтықпен, елдегі көп халықтардың саяси көңіл-күйін есепке ала отыра іске асыруы өзін ақтады. Елді этностық, әлеуметтік текетірестер мен қауіпті қайшылықтардан қақтығыссыз, бейбіт жолмен шығарып, егеменді мемлекет болудың сара жолына түсіруде жаңадан енгізілген президенттік билік шешуші рөл атқарды.
Президенттік биліктің ұйымдастырушылық және идеологиялық қызметтері нәтижесінде елдегі этностық топтар мен диаспоралар Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекетке айналуы саяси және экономикалық ахуалдың дамуының объективті
себептерінен туған тарихи қажеттілік екендігін дұрыс түсінді. Президенттік
билік басшылығымен Қазақстанхалқы елдегі саяси тұрақтылықты қоғамдық және этностық келісімді сақтай отырып, егемендікке келді. Әлеуметтік және этностық катаклизмалардың болмауы ел экономикасының нарықтық модернизация жолына тез түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Экономиканың тез жандануы Қазақстанды Кеңес Одағы күйреуінен туған дағдарыстық ахуалдан жылдам алып шыққаны белгілі. Әрине, елдегі саяси-экономикалық құрылыстар алмасуы кезеңінде болған барлық күрделі құбылыстарды президенттік билікпен тікелей байланыстырып қоюғаболмайды. Сонымен бірге, өзекті, тағдыр шешті мәселелердің барлығы дүрыс шешілуіне Президент өзінің құзырлы билігімен тікелей ықпал етіп отырды. Сол себепті Қазақстанның тәуелсіздік жолына түсуі барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері де белгілі бір деңгейде Президент қызметіне байланысты. Себебі, Конституция бойынша елдің ішкі және сыртқы саясатын анықтауда Президент шешуші рөл атқарады. Қазақстанның саяси өмірінде нақты орын алған президенттік билік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, олардың саяси қауіпсіздігін, материалдық әл-ауқатын қорғайтын конституциялық дамудың кепіліне айнала бастады. Елде билік дағдарысыкұбылысы күн тәртібінен түсті. Соның арқасында елдің саяси жүйесінде, халықтың саяси санасы мен мәдениетінде президенттік билік өз орнын бірден тапты. Президенттік биліктің Қазақстанда абыройды тез жинауында елдің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке басының харизмалық сапалары, іскерлігі, елжандылығы, табандылығы және Қазақстан мемлекеті алдында тұрған ағымдағы және стратегиялық міндеттерді терең түсінуге және шешуге қабілеттілігі оң ықпал етті деп батыл айтуға болады.
Қазақстанда демократиялық қоғам қағидаларына сәйкес сайлаулар өткізіле бастауы да президенттік билікпен тікелей байланысты. "Қазақ КСР-нін президенттік сайлау туралы 1991 жылғы 16 қазандағы Заңына сәйкес, елде алғаш рет өркениетті елдердегідей жалпыхалықтық және демократиялық сайлау өткізілді. Мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым иесін Қазақстан халқы өз құзырымен сайлады. "Биліктің қайнар көзі-халық" делінетін демократияның басты қағидасы Қазақстанның саяси шындығына айналды. Президентгік билік елді дағдарыстан шығару, нарықтық қатынастарды орнықтыру, саяси, жүйені ,реформалау, міндеттерін өз мойнына алды және ойдағыдай орындап шықты. Осы шараларды іске асыруға бағытталған 400-ден астам заң күші бар Президент жарлықтарының тәуелсіз ел экономикасы мен саяси жүйесінің жаңару жолына түсуіне пәрменді ықпал жасады. Казақстанның стратегиялық даму басымдықтарын Президенттің тікелей басшылығымен қабылданған 1993 жылғы "ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы", 1995 жылғы "Қазақстан Республикасының Конституциясы", 1997 жылғы "Қазақстан-2030"-барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аукатының артуы" Казақстан халқына Жолдауы сияқты маңызды мемлекеттік құжаттар анықтап берді. Президенттік билік басшылығымен ел халқы өзінің дамуының негізгі бағыттарын дұрыс айқындай алды, өркениеттік даму жолына түсе алды.
Көптеген ресейлік және әлемдік сарапшылар Қазақстанның егеменді ел болу мүмкіндіктеріне күдікпен караған еді. Мысалы, АҚШ-тың белгілі саясат-кері Збигнев Бзежинскийдің "Орталық Азия талқан болады" деген сәуегейлігінің Қазақстанға қатысы болған жоқ. Керісінше, саяси жөне экономикалық ахуалдың жақсара түсуі Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы тұрақтан-дырушы факторға, бейбітшілік кіндігіне айналдырды. Әлемдік қауымдастық Елбасының Қазақстанды ядролық қарулардан азат мемлекетке айналдыру саясатын, полиэтностық қоғамдағы диаспоралар мен ұлыстардың теңдігі саясатын, ел өмірінің барлық салаларын модернизациялау саясатын дұрыс саясат ретінде қолдады.
Қоғамдық катынастардың жаңаруына, ел алдындағы міндеттердің өзгеруіне сәйкес президенттік билік өзін-өзі үнемі жаңартып отыруға тырысты. Дағдарыс жылдарында биліксіздікті ауыздықтау мақсатында вертикальді президенттік билік күшейтілді. Ал қоғамдық өмірді демократияландыруды тереңдету қажеттілігі туғанда 2007 жылғы мамыр айында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес президенттік билік президенттік-парламенттік билікке ауыса бастады. Елбасы ұсынысымен заң шығарушы билік тармағы Парламенттің, заңдарды орындауды қамтамасыз ететін сот билігі тармағының күшеюі байқалды. Елдегі билік бөлі-нісінің құқықтық, демократиялық қоғамға бастайтындығын саяси тәжірибе делелдейді. Мұның өзін Елбасының ин-новациялық ойлауының, реформаторлық қасиеттері мен білікті саясаткерлігінің нәтижесі деп бағалаған жөн. Елбасы ұсынған " алдымен экономика, одан соң саясат" қағидаты өзін ақтады. Ел экономикасының жандануы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Қазақстанды артта қалған үшінші дүние елдерінен орташа дамыған елдер қатарына көтерді. 16 жылда қазақ ұлты 6,8 миллион адамнан 9,1 миллион адамға дейін көбейді. Аз ғана мерзімде қазақ ұлтының 2,3 миллион адамға өсуі тәуелсіз мемлекет болу жағдайында және пәрменді демографиялық саясатты іске асыру арқасында ғана мүмкін болды.
Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламент-тік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты аткарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдай-ды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырларымен сипатталады Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады; Президент зандар бойынша ұсы-ныс енгізуге, Парламент қабылдаған зандарға қол қоюға неме-се оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығаруға кұқылы; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табыла-ды; Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға, Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент сайла-уын тағайындауға құқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге және басқаларына құқылы. Прези-денттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Арген-тинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.
1.2. ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоға-рғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоға-рғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға ба-ғыттады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститу-циясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік баскару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Кон-ституциялык қағиданы бекітті.
Н.Ә. Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін: "мемле-кеттің бүгінгі тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет"2 деп жазды. 12-шақырылған Қазақстан Республикасы-нын Жоғарғы Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және Президент-ке заң шығару органының кейбір өкілеттігі уакытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бой-ынша жедел және сапалық деңгейі айтарлықтай жоғары Кон-ституциялық және жай зандық, күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бұл зан, шығармашылық, салада президенттік қабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның керсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады1.
Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халы-қаралық катынастарда да Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып танылады.
Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазакстанның мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алатындығын білдіреді. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармакхарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз ететіндігін орнықтырды. Бұл конституциялық қағида Президент мемлекеттік биліктің барлық, тармақтарынан жоға-ры тұрады деуге негіз бола ма? Президенттік мәртебені талдау мұндай пікірдін негізсіздігін көрсетеді. Қазақстан Республика-сының Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушы-лык, атқарушылық және сот тармактарына бөлу орнықтырыл-ған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін берген жағ-дайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай ала-ды. Сот билігін жүргізуге Президенттің құкығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент занда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, Қазақстан Республи-касы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-тендік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан қабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның керсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады1.
Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халы-қаралық катынастарда да Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып танылады. Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазакстанның мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алатындығын білдіреді. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармакхарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз ететіндігін орнықтырды. Бұл конституциялық қағида Президент мемлекеттік биліктің барлық, тармақтарынан жоға-ры тұрады деуге негіз бола ма? Президенттік мәртебені талдау мұндай пікірдін негізсіздігін көрсетеді. Қазақстан Республика-сының Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушы-лык, атқарушылық және сот тармактарына бөлу орнықтырыл-ған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін берген жағ-дайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай ала-ды. Сот билігін жүргізуге Президенттің құкығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент занда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, Қазақстан Республи-касы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-тендік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Оның үстіне, мәртебесі бойынша ол атқарушы билікке жақын. Алай-да, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында болғандай Президент атқарушы билік жүйесін басқармайды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады және ол атқа-рушы органдарды басқарады. Сонымен бірге өз қызметі үшін Президент алдында Үкіметтің өзі жауап береді.
Көрсетілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының Кон-ституциясы Президенттің мемлекеттегі авторитарлық басшыға айналуына тосқауыл қоятындай басқа да кепілдіктер келтіреді. Президентті жабық, дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы си-патта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық, сайлануына жол бермейді. Пре-зидент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен ар-тық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен аза-маттың құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Пре-зиденттің мемлекет билігінің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, оның бар-лық тармақтарының келісіммен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа зандары-ның сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкер-шілігін қамтамасыз етуі тиіс1.
Достарыңызбен бөлісу: |