Қазақстан Республикасыны Оқу-ағарту министрлігі



жүктеу 114,36 Kb.
бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі114,36 Kb.
#41498
1   2   3
Аян курс

Ж؜ұмыстың ө؜зектілігі: Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталды, міндеттеме-лерді, қызмет нәтижелерін және тағы басқа бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдауды, оны (таңдалғанын) шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді (немесе ұйғарады).
Ж؜ұмыстың м؜ақсаты: ҚР есеп саясаты туралы мәліметтерді айқындап, негізгі мәселелерді зерттеу және қызмет етіп тұрған кәсіпорынның есеп саясатын қарастыру.
Ж؜ұмыстың м؜індеттері:
- есеп саясаты туралы туралы түсінікті қарастыру;
- есеп саясатының негізгі аспектілерін анықтау;
- жалпы кәсіпорынның есеп саясатын зерттеу;
З؜ерттеу п؜әні: Қ؜останай ө؜ңіріндегі қызмет етіп тұрған кәсіпорын؜؜.
؜З؜ерттеу н؜ысаны: Жалпы кәсіпорынның есеп саясаты.؜
Т؜әжірибелік м؜аңыздылығы: Кәсіпорынның есеп саясаты؜ т؜еориялық н؜егіздері ж؜үйеленіп т؜алданды.
З؜ерттеу қ؜ұрылымы: К؜іріспеден, е؜кі т؜араудан, қ؜орытындыдан ж؜әне п؜айдаланылған д؜ереккөздер т؜ізімінен т؜ұрады.

1 Есеп саясатының теориялық негізі


1.1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша «Нұрлан» ш/қ есеп саясаты ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын деп есептейді.


Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
«Нұрлан» ш/қ өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті

  • талаптарына сәйкес жүргізілуі;

  • Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;

  • Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

  • Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

  • Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

  • Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі(реті);

  • Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;

  • Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;

  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.

  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);

  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);

  • қызметінің көлемі (жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);

  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);

  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспектива-лық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);

  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);

  • материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);

  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

«Нұрлан» ш/қ өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет [2].
Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеппен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет [3].
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
«Нұрлан» ш/қ есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және оларды есептеп шығару жолдары.

  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.

  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.

  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.

  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.

  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.

  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

  • Курстық айырманы есептеу.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Өндірістің технологиялық және ұйымдасты-рушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялау келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс (нормативный),

  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),

  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі. Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей

  • (прямые) шығындар;

  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;

  • материалдық шығындардың сомасы;

  • сметалық мөлшерлеме;

  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы. Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс құн бойынша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;

  • тікелей шығындар бойынша;

  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша[12].

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептеледі.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып табылады [4].
Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі жекелеген факторларға сай жалпы бухгалтерлік есеп ережелеріне ауытқымайтын жағдайда дайындалатын есеп саясатының атқаратын ролі өте зор.
Есеп саясаты көне бухгалтерлік есеп ережелерінің жалпы талабына сай жасалынып, мұның өзі ұйымдардың бухгалтерлік есеп жөніндегі ішкі ереже мен әдістер жүйесіне жатады.
Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже - нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.
Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көп сатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттілерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.
Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өндірістік шығындар тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады. Тәжірибе тұрғысынан қарағанда ұйымдардың есеп саясаты ішкі есеп жүргізу варианттарын таңдау құқысын толық түсіну мен игеру, негізгі және айналым қаражаттарын бағалау иропромен есептен шығару, материалды емес және материалды активтерге амортизация мен тозу сомаларын есептеу, қолданылатын қажетті синтетикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды бағалау мен сату, шығындарды реттеп басқару жөніндегі көптеген әдістер ішінен осы ұйымға тән қолданбалы әдістердің ең тиімдісін таңдай отырып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу мақсаты қойылады.
Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр тұрлі жағдайда қалыптасады, мұның үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық меңгеру негізінде көп вариантты есеп саясатының ішінен ең қажетті және тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі баскарушылық және салық есебімен тікелей байланыста болатындығын, жоне есептің бүл тұрлері арасында гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізгі бағыттан ауытқымауы керек.
Ұйымдардың есеп саясаты бұларды басқару ерекшеліктеріне кәсіпкерлік қызметтің құқықтык нормасына, құрылтайшылық құжаттар мен жарғыға, салықтөлеу жағдайына, клиенттермен жасалған ұзақмерзімді келісім шарттарға тағы басқа әрекеттерге де байланысты болады.
Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы тағы басқа ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық құрылым, табыс келтіру жолдары тағы басқа ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.
Есеп саясатын ресмилендіру үшін осы ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылатын ішкі әдістемелер мен ережелерді ұсыну кезінде жалпы бухгалтерлік есеп объектілерін жүргізу жөніндегі қойылған талаптардан, принциптер мен қаржы есебінің элементтерін тану бағытынан ауытқымау керектігін түсіну қажет.
Егер жан-жақты және сапалы дайындалған, немесе қабылданған шешімдер ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз етпеген жағдайда, есеп саясатын жасаудың қажеттігі болмайды. Сондықтан есеп саясаты ұйымдар қызметінің тиімділігіне, ақша қаражатының өсуіне және іске асырылмай келген резерв көздерін ашуға тікелей әсер етеді. Мысалға, ұзақ мерзімді жалға беру объектісі таза пайда мен ашып қаражатының көбеюіне тікелей әсер ететіндігін басты бағыттың бірі деп түсінген жөн. Яғни қаржылық тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімге жасалған келісім-шарт бірден таза пайда келтірмегенімен, біртіндеп таза пайданың белгілі бір бөлігін қамтитындығын білген жөн. Есеп саясатын жасауға тікелей басшылық жасаушы басшылар мен атқарушы бухгалтерлер осы ұйымның таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ететін есеп әдістерін зерттеп, колдану жолдарының ең тиімді бақытын таңдауы қажет.
Кейбір жағдайларда пайдаға салынатын салық көлемін және дивидент-тік төлемдерді азайтып көрсету үшін атқарушы бухгалтерлер өнімінің өзіндік құнының құрамына орын алмаған шығындарды қосып жазып, аммортиза-циялық сомаларды көп түсетін таза пайда көлемін азайтуға тырысады. Мұндай жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасқан сабақтастық жолдармен және белгіленген бағытпен іске асырылатын болғандыктан есеп объектісінің бір бабын азайтып, екіншісін еріксіз көбейтуге болмайды. Есеп объектісінің кез келген бабы қойылған мақсатқа және арнайы қабылданған нұсқау - ережелерге сай жүргізілетіндігін есте сақтаған жөн. Орынсыз жанама жасалған жағдай есеп жүйесіне кері әсер етеді, мұндай жағдайда экономикалық қайшылық туындайды.
Бір типтік және барлық кәсіпорындар қызметіне тән есеп саясатын жасау мүмкін емес, мұның өзі өте қиын және болмайтын әрекет. Дей тұрғанмен есеп саясатын танып білу, мұның маңызын сапалы жасау, өз бетінше тиімді шешім қабылдау, қаржылық қорытынды есеп жасап дәйекті бағытпен қойылған бағдарды іске асырудың маңызы зор.
Есеп саясатын қалыптастыру мен іс-тәжірибеге енгізу үшін бухгалтерлік есеп принциптерін, мұның қолданбалы әдіснамаларын, салық жүйесін, қаржылық менеджментті (басқаруды) т.б. көптеген мәселелерді жоғары және терең түрде білу қажет. Нарықтық қатынастардың қыры мен сырын, ұтымды бағытын, базарлы сауда өрісін терең түрде біле білу бағытында, бас бухгалтердің атқаратын рөлі өте зор.(5. 100-105 бб)
Есеп саясатын жасаушылар мен қатысушы мамандар осы ұйымда қолданылатын бастапқы құжаттардың маңызы мен өрісін, бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарын, активтерді бағалау, міндеттемелерді бағалап, қайтару, негізгі құралдардың тозу нормалары мен сомаларын белгілеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін белгілеу, ақпараттар жүйесін өндеу технологиясын, аудиторлық тексеру мен қорытындылау әдіснамаларының маңызы мен мақсатын іс-тәжірибеде жақсы қолдана білу тиісті біліктілікті қажет етеді.

1.2 Есеп саясатының мазмұны және негізгі аспектілері


«Нұрлан» ш/қ есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытша дайында-лады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорын-ның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.


Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет [7].
«Нұрлан» ш/қ есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

    • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

    • Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;

    • Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік
бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын талдауына құқығы жоқ [5].
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатында-ғы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады [6].
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты. Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған [7].
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

  • кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);

  • толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);

  • есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

  • шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) [8-11].

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы - кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.
Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.
Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады [12-15].
Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:

  • келіп түскен негізгі құралдар объектісін бағалау - бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және кәсіпорынның сатып алуға төлеген нақты шығындар негізінде, негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны анықталады; құрылтайшылардың берген объектілері - олардың өзара келісімі бойынша; тегін берілген объектілер - эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерін - нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесінде алынған объектілер - ағымдағы бағалары бойынша анықталады;

  • негізгі құралдың амортизациясы - бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады: құнын есептен шығарудың бірқалыпты (түзу сызықты) әдісі; құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі (өндірістік әдіс); құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі (куммулятивтік әдіс); қалдық құнын азайтатын әдісі. Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек. Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады; негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды; пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі, негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі; жою құны - есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негізгі құралды жою барысында алынған запас бөлшектердің, қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;

  • негізгі құралдарды жөндеу - жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдігі мен жөндеу жұмысының мерзімі; негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы; жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;

  • материалдық емес активтердің амортизациясы - әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше анықтай алады;

  • болашақ кезеңнің шығыстары - кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнім түрін игеруге кеткен шығыстарына, жерді игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;

  • алдағы шығыстар мен төлем резервтері - кәсіпорын қандай резервтерді және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртібін анықтап өзі шешеді (кезекті демалысқа ақы төлеу резервтері, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргізуге кеткен өндірістік шығындары және басқалары);

  • күмәнді қарыздар бойынша резервтері - кәсіпорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын, резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;

  • қаржылық инвестиция - кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады: қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша; ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді: демек ол табыс ретінде де, немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясын есептеудің әдісін кәсіпорынның өзі тандайды: үлестік қатынасу әдісін немесе құндық әдісін.

  • табысты тану - №5 "Табыс" деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (БЕС) табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады: табыс сомасы барынша дәлелденген деңгейі бойынша бағаланады; экономикалық олжа жасалған мәмілемен байланысты, сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана, оны субъекті алады. Жалпы қағидасымен қатар, кейбір операциялары бойынша, табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін;

  • тауарды сату бойынша - субъектінің сатып алушыға меншік құқығын беру; мәміле бойынша күтілетін немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкін;

  • көрсеткен қызметі бойынша - есептік күнге жасалған мәміленің біту сатысын барынша дәлденген деңгейде аныкталады; мәмілені жүргізу кезіндегі жасалған және мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;

  • дивидендтер, пайыздар түріндегі табыстар - пайыздар активтерден алынатын нақты табыстарды ескеріп уақытша қатынастық негізде танылуы тиіс; роялтилер келісім-шарттың мазмұнына сәйкес есептелген әдісі бойынша танылуы тиіс; дивидендтер акционерлер оны алу құқын белгілеген жағдайда ғана танылуы тиіс. Жоғарыда аталған барлық жағдайда табысты тек есептеу әдісі бойынша танылатындығы қарастырылған [17].

Есеп саясатының техникалық бөлігін әзірлеген кезде келесідей мәселелер қарастырылуы тиіс:

  • негізгі құралдарды жөндеу есебі. Негізгі құралды жөндеу бухгалтерлік есепте, оның құнын есірмейтін сызбасының (схемасының) бірін қолдануы мүмкін: жөндеу жұмысының атқарылуына қарап ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін немесе алдын ала құрылған жөндеу қорына жатқызылуы мүмкін. Аталған схемалардың бірін таңдау, кәсіпорынның қай салаға жататындығымен де байланысты болып келеді;

  • материалдардың есебі. Өндіріске жатқызылатын (немесе өндіріске есептен шығарылатын), материалдық ресурстарының нақты өзіндік құнын анықтау тәсілі туралы шешім қабылдау қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдісін, ФИФО әдісін, ЛИФО әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұқсастырылған) әдісін таңдайды. Шаруашылық жүргізуші субъекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс;

  • басқарушы есеп. Есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен коса, оның есеп беру талабына сай келетін үйлестірілген регистрлері де жоқ, сондықтан оны ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсіпорын ол үшін шоттардың Бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын колдануына болады. Бірақ ол кезде кәсіпорынның құрамы, құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі;

  • өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калъкуляциялау есебінің әдісі. Кәсіпорын калькуляциялау мен есеп объектісін, шығындарды жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Кәсіпорын өзінің негізгі қызметінің сипатына байланысты өзіндік құнның калькуляциялауы мен өндіріске кеткен шығынын есептеу үшін нормативтік немесе тапсырыстық, немесе бөлістік әдістерінің бірін немесе бірнешеуінің үйлескен түрін таңдай алады.

Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шалафабрикаттық немесе шалафабрикатсыз нұсқасымен жүргізілуі мүмкін.
Үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсіпорын №7 "Тауарлы-материалдық запастардың" бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, косымшалар мен өзгерістерді енгізуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса, онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалық мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне парапар (пропорционалды) етіп, тікелей материалдық шығыстарына парапар етіп, тікелей нақты еңбек ақы шығыстарына пара-пар етіп, немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалға, бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффициенттері бойынша [18].
Мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу. Міндетті түгендеумен қоса, құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектілігін, түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;
Бухгалтерлік есеп нысаны. Кәсіпорын бухгалтерлік есеп нысанын өзі таңдай алады, олардың тізімін және есеп регистрлерін, жүйелілігін, жасау техникасын, өзара байланысын анықтайды;
Нақты (іс жүзінде) пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсіпорын шоттардың Бас жоспарын басшылыққа ала отырып, өздеріне пайдаланатын шоттарын іріктей алады, яғни оның құрамына кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін және қаржылық жағдайын, мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді. Содан кейін синтетикалық шоттарына тиісті субшоттарының тізімін жасайды. Сонымен қатар, кәсіпорын аналитикалык есептерінің де толық номенклатуралық объектілерін және олардың кодтық белгілерін белгілейді. Бұл кезде басқарудың, талдаудың, бақылаудың және есеп берудің мақсатын ескереді. Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшін, шоттардың Бас жоспарына кәсіпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады. Бірақ ол жағдайда, ол шоттардың Бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек;
Өндіріс ішіндегі есеп беру. Ішкі есеп беруді жүргізудің барлық мәселесін кәсіпорынның өзі шешеді, оның кезектілігін, есеп беру нысаны мен құрамын және есепті беру мерзімін, сондай-ақ потенциалды пайдаланушыларын, есепті жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды [19].
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптеріне кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барыснда бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжеттардың қатарына манылыр жатады:
Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің ьолық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті);
Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
Меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және т.б.);
Салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы жіне т.б.);
Қызметенің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және т.б.;
Салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және т.б.);
Қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекеіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
Материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехникалы жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және т.б.);
Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекітілген есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз ету қажет.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуы тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы календарлық (күнтізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігінің қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әр бір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша бергіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсатына жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптас-тырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.
Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі жорамал принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандартына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілердің толықтылық принциптері жатады.
Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік байланыс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолданылады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.
Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады, Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі «жоғарыдан» және «төменнен» реттелетін жағдайда қалыптасады.
Бірінші, жоғарыдан реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер және бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші, төменнен реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялық ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты- арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін және шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылады.

2 Есеп саясатын ұйымдастыру тәртібі


2.1 «Нұрлан» шаруа қожалығының қызметінің сипаттамасы
«Нұрлан» шаруа қожалығы 2005 жылы құрылды. 500га жермен басталған шаруа қожалығы. Шаруа қожалығы негізінен бидай егеді. Бидайдың түсімі 10 ц/га.
Шаруа қожалығының басшысы: Балгураев Кали Жаксылыкович. Қазіргі таңда егістік көлемі 2000 гектарға жетті. Бидай түсімділігі гектарына 15 центнерден келді.
Шаруашылық 2021 жылы 30 млн тг таза пайдамен аяқтады. Ал 2022 жылы 103 млн тг таза пайда аяқтады. Себебі 2021 жылы бидайдың түсімділігі гектарына 5 центнерден келді [11].
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандарты-ның біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістері-нен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, шаруа қожалығының өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады [20].
Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары №1 БЕС жан-жақты берілген.
ШҚ-ның есеп саясаты бухгалтерлiк есеп және есеп берудi жүргiзу принциптерi, негiздерi, шарттары, ережелерi мен тәжiрибелерiн көрсетедi (1-сызба).



Есеп саясаты төмендегi нормативтiк құжаттар негiзiнде өңделген:
- «Бухгалтерлiк есеп және есеп беру жөнiндегi» Қазақстан Республикасының заңы және ондағы толықтырулар мен өзгерiстер;
- бухгалтерлiк есеп және халықаралық есептеме стандарттары және ондағы өзгерiстер мен толықтырулар;
- бухгалтерлiк есеп және халықаралық есептеме стандартына әдiстемелiк нұсқау және ондағы өзгерiстер мен толықтырулар;
- бухгалтерлiк есептiң типтiк шоттар жоспары және ондағы өзгерiстер мен толықтырулар;
- өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген Қазақстан Республикасының Заңды және басқалай нормативтiк құқтық актiлерi;
- өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген серіктестік Жарғысы

1-Сызба.
Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде ш/қ өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа ш/қ-ның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс (яғни, мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), ш/қ өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толассыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, ш/қ өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелілік қағидасын сактағаны, ал егерде шаруа қожалығында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған (белгіленген) кағидасын ұстағаны болып табылады. Аталған қағидалар мен талаптар кез келген кәсіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды.


2.2 «Нұрлан» шаруа қожалығының есеп саясаты

«Нұрлан» шаруа қожалығына 2000 гектарға кететін негізгі шығындар.


Шаруа қожалығында 15 адам жұмыс жасайды. Орташа табыс мөлшері 700мың теңге.
Шаруа қожалығының техникасы:

  • 3 – К-700;

  • 3 – Комбайн;

  • 2 – Камаз;

  • 1 – МТЗ;

  • 2 – Т-4;

  • 3 – жеңіл машина;

  • 2 – бензовоз;

Шаруа қожалығына тиесілі заттар:

  • 2 склад, сыйымдылығы 2мың тонна;

  • 1 мал базасы [11].

1-кесте. Шаруа қожалығының кіріс шығыс кестесі(2022 жыл).



Шығындар

тг

Тұқым

20млн

ГСМ

20млн

Запчасть

10млн

Жалақы

15млн

Налог

1 млн

Тамақ

1 млн

Тасымалдау

10млн

Шаруа қожалығы 2022 жылы 10 центнерден алып барлығы 2000т бидай алды. Оның 200т келесі жылға тұқымдыққа алып қалады. Сонда сатуға тек 1800т қалады. Орташа есеппен алғанда олар 100-ден тапсырған еді 180 млн тг кіріс кірген. Соның 77млн шығындарға кеткенде пайдасы 103 млн болған еді [12].


2-сызба. Сапалық сипаттамалар





Сапалық сипаттамалар





Қаржылық есеп берудегі мәлімет барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек;


1)Түсініктілік







Мәлімет шешім қабылдаушы тұтынушыларға сыйымды болуы керек, өткен және болашақ жағдайларға баға беріп, бұрынғы бағалауларын растап немесе түзетіп отырулары керек.




2)Сыйымдылық





Мәліметте маңызды қателер мен бұрмалау болмай, тұтынушы оны шынайы көрсетілген деп білсе, сол мәлімет сенімді болып есептеледі.


3) Сенімділік









Мәліметтің сенімдігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды шынайы көрсету керек.




Шынайы көрсету







Қаржылық есеп берудегі мәлімет сенімді болу үшін болжамды болмауы керек.


Бейтараптық





Активтер мен табысты асыра бағалап, міндеттемелер мен шығындар кем бағаланып қалмау үшін белгілі дәрежеде сақтықты қажет етеді.


Байқампаздық



4)Салыстырма-лылық

Қаржылық мәлімет пайдалы және мазмұнды болу үшін оны бір есеп беру кезеңінің басқамен салыстырмалы болуы керек.

Есептік саясаттың қалыптасуына ШҚ-ның директоры жауапты. Бухгалтерлік есеп жүйесі мен қаржылық есеп берудің ашып көрсетілуі. Табыс және шығын туралы есеп беру №3 БЕБС-на сәйкес жүргізіледі. Есеп берілетін кезеңдегі табыс, шығын баптары таза табыс немесе шығын қосымша көрсетіледі.


ШҚ-ның есеп берген кезеңіндегі табыс, шығын туралы есеп берулер қаржылық нәтижелерінде сипатталады.
Негізгі қызметтен түскен табыс көрсетілген қызметтерді іске асырудан, тауарлық – материалдық құндылықтар мен орындалған жұмыстан тұрады. Дайын өнімді (тауарлар, өнім, қызмет) өткізуден түскен табыс қосылған құны салығын, салық пен міндетті төлемдерді алып тастағанда көрсетіледі.
Жасалған жұмыс, қызмет, көрсетілген шығындарды орындауға тікелей байланысты деректі шығындар, экономикалық мазмұндағы элементтері бойынша топталады: материалдық шығындар, еңбек ақысын төлеу шығындары, сақтандыру аударымдары, негізгі құралдардың істен шығуы және басқа да шығындар.
Жалпы көлемдік табыс көрсетілген қызмет, жасалған жұмыстың қаржылық нәтижесі және көрсетілген қызмет, жасалған жұмыстың табысы мен өзіндік құны арасындағы айырмасы болып табылады.
Есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – шаруа қожалығының қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.
Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:
-арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен атқаратын міндеті;
-есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін мазмұнда ұйым басшысының бұйрығы шығарылады;
-есеп саясатын сапалы жасау үшін жауапты есеп қызметкерлері мен қатар өнім өндіру технологиясына заң актілері мен нормативтік материалдарды, қаржы жүйесі ерекшеліктерін жақсы білетін тәжірибелі мамандар қатыстырылады;
-есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті құжаттар мен есеп объектілерінің тізімі жасалынады;
-есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, бұлардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:
-ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет көрсету ерекшеліктері;
-ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;
-акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.
Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек.
Есеп саясатының қысқаша мазмұны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
- есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;
- негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттық көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.
Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің және т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және ұйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.
Айтылғандарға орай, есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмұнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан және қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда ұйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім- шарт т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады.



жүктеу 114,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау