Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Бастауыш білім беру деңгейі



жүктеу 1,07 Mb.
бет43/277
Дата08.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#37398
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   277
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

3.2 Бастауыш білім беру деңгейі

Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін:

  1. білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білу;

  2. сыни ойлау;

  3. зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

  5. коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

  6. топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдау мен қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауға пікірлерін айтуды, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды және т.б. қарастырады.

Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.



2021-2022 оқу жылында 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды, 2-4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10 балға дейін (қалыптастырушы бағалау) бағаланады. Білім алушыларды қалыптастырушы бағалау нәтижелері электрондық/қағаз журналға қойылады. Мұғалімге балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері байланыс беру жиілігін және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды өздігінен анықтайды.

Бастауыш білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:



  1. оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;

  2. оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;

  3. шетел тілі бойынша;

  4. цифрлық сауаттылық бойынша; 5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады. «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Әліппе/Ана тілі», «Букварь/Обучение грамоте», «Қазақ тілі (Т1)», «Русский язык (Я1)» «Әдебиеттік оқу», «Литературное чтение», қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы «Қазақ тілі (Т2)», оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптардағы «Русский язык (Я2)», «Шетел тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну, оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.


жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   277




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау