Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 1,07 Mb.
бет140/277
Дата08.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#37398
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   277
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

  • себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  • дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, нанымсенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

  • ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

  • маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи

    маңызы неде);

    1. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

    Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

    Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).

    Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

    Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.



    2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында 9-сыныпта (Қазіргі заман тарихы: XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі.





    2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:

    • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр);

    • 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);

    • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);

    • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);

    • 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).



    «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері

    Қазақстан тарихы бойынша білім мазмұны білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (58-кесте).


    жүктеу 1,07 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   277




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау