2) Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады.
Волонтерлік білім алушылардың адами әлеуетін ашуға, адамгершілікті тәрбиелеуге және әлеуметтік тәжірибені дамытуға ықпал етеді. Волонтерлік – бұл адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, достық, мейірімділік, төзімділік және жасампаздық институты. Волонтерліктің кең таралған түрлерінің бірі халықаралық практикадағы оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде танылған «Ақылды волонтерлік» (Service-learning) жүйесі.
Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акцияларды жүзеге асыруға кеңінен қатыстыру қажет.
Орта білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру туралы толық ақпарат «Білім беру саласындағы еріктілік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік ұсынымдарында берілген. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019 ж. (https://www.nao.kz).
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда қазақтың педагогағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына; қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына; қазақ әдебиеттануы мен тіл білімінің негізін салушы, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына; Қазақ КСР Халық әртісі, қазақтың белгілі музыкатанушысы, композитор, дирижёр, ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына; қазақтың белгілі лирик ақыны, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар өткізу маңызды рөл атқарады.
Бұл іс-шараларды «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары» атты әдеби кеш, «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық кеш, «Жақыныңа жанашыр бол» атты әдеби-музыкалық композициялар, «Махаббат – адам өмірінің негізі», «Мейірімділік – адамның асыл қасиеті» атты рухани-адамгершілік мазмұндағы тестілер мен сұхбаттар түрінде ұйымдастыруға болады.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізіледі.
Мектеп кітапханаларының қорын толықтыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әзірлеген көркем әдебиеттер тізбесі ұсынылады. Бұл тізбе Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру ұсынылады.
Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында:
«Отан оттан да ыстық», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Татулық – табылмас бақыт», «Еңбек – ердің көркі» және т.б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері жазылған баннерлерді мектеп ғимаратына орналастыру – дәстүрлі құндылықтарды санада нығайтуға, визуалды әсер етуге көмектеседі.
Мүмкіндігіне қарай мектептің таңдауы бойынша оқушылардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыру және психологиялық шиеленісті азайту мақсатында фондық музыкалық әуендерді (классикалық, ұлттық музыка, аспаптық шығармалар және т.б.) пайдалануға болады.
3) Ұлттық тәрбие аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында цифрлық дәуір ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске асырылатын болады.
Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салтдәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет. Бұл жағдайда қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ ұлттық тағамдарын т.б. зерделеу – өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары: мемлекеттік рәміздерін білуі тиіс. Осы негізде конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты түрде өткізу; әрбір мектепте мұражай ашу; көрнекті тұлғалармен, даңқты спортшылармен, ғалымдармен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат, экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімі мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты жандандыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең зерттеу) «Табиғатым – тал бесігім» (туған жерге жауапкершілікпен, аялап қарау) жобаларын жүзеге асыруды жалғастыру маңызды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін академия әзірлеген «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері» әдістемелік ұсынымдары әдістемелік нұсқаулық болады (https://www.nao.kz).
4) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру: отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр сабақтастығы, сүйіспеншілік.
Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық ісшараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуы тиіс.
Ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу: «Кәсіби мамандарды шақыра отырып баспасөз конференциялары», «Ата-аналар сенбіліктері», «Психологиялық тренинг», «Отбасын таныстыру», «Тәжірибе алмасу» және т.б. ұсынылады.
Оқушылар «Ауылдағы 2 апта», «Ата-анамыздың жұмыс орнындағы он күн» жобалары аясында өздерінің жан-жақты дамуы мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алады (НЗМ тәжірибесі бойынша).
«Отбасы –мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру және отбасылық тәрбиені жақсарту үшін педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталған.
Ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, тренингтер өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебін» құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі, ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.
Педагогикалық және ата-аналық консилиумдар шеңберінде атааналармен, балалармен жеке әңгімелесулер өткізіледі, жеке балаға арналған бағдарламалар жасалады, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық проблемалар мен балалар тәрбиесі бойынша кеңестер өткізу қамтылады.
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, технологиялар мен әдіс-тәсілдер жиынтығын, оның ішінде ата-аналардың баласымен бірге туған өлкенің киелі орындарын (тарихи ескерткіштерді, кесенелерді, мұражайларды, табиғи нысандарды) зерттеуді қамтиды. Киелі орындарға бару отбасының ауызбіршілігі мен сыйластығын арттыруға ықпал етеді.
Отбасылық тәрбиеде ата-тегінің шежіресін құрастыру оқушыларға үлкен тағылым. Баланың өз тегін, жеті атасын білуі, өзінің отбасылық шежіресін құрастыруы – отбасылық жақсы дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудың, әулеттегі татулықты нығайтудың, баланың текті болып өсуінің кепілі. Сонымен қатар баланы отбасылық жәдігерлер мен тарихына, фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, ата-әжелеріне, марапаттарына құрметпен қарауға тәрбиелеу маңызды.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар – орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық тәрбиені іске асыруға арналған нұсқаулық (https://www.nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: |