Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық өнім



жүктеу 1,07 Mb.
бет170/277
Дата08.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#37398
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   277
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық өнім» бөлімінде: көркем шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және көркемдік құндылығын табады; әдеби шығармашылықпен айналысады; әдеби эссе мен әдеби сын жазады.

Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:



  1. Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері;

  2. Онлайн сабақтарды жоспарлау және бақылау.

  3. Оқушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары;

  4. Оқу мақсаттарымен жұмыс жасау тәсілдері;

  5. Формативті бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

  6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;

  7. Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі;

  8. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері;

  9. Қазақ әдебиеті сабағы арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау;

  10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;

  11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен

сабақтастырудағы шеберлік;

  1. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;

  2. Эссе жазу дағдысын жетілдіру;

  3. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.

Негізі және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні – «Абайтану» пәні енгізілді.

«Абайтану» пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.

«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:



  1. тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау;

  2. тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми еңбектерді оқыту;

  3. дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.

«Абайтану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар ілімі, адамшылық мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.

«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  2. 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген:

  1. оқу және түсіну;

  2. талдау және жинақтау;

  3. бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).

«Оқу және түсіну» бөлімі: көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қызметін түсіну; шығарма үзінділерімен жұмыс; шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн; көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі; интерпретация (ауызша және жазбаша);

«Талдау және жинақтау» бөлімі: әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнын талдау, образдар жүйесі мен типтік

характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер;

«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімі: шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркем-эстетикалық құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелерінен тұрады.

Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері мен қарасөздері, ұлы ақын туралы зерттеу еңбектерімен қатар Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдардың еңбектері қосымша оқуға ұсынылған.



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   277




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау