7.6 Оқу бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу, ғылыми жарияланымдарынан және магистрлік диссертациядан тұрады.
7.7 Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған қойылған талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай-ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.
7.8 Бейіндік магистратураны бітірген магистрант ғылыми және педагогикалық жұмыстарымен педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде игеріледі, оқу соңында негізгі дипломға сәйкес сертификат беріледі.
7.9 6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттілігіне қойылатын талаптар:
бейіндік даярлық бойынша:
түсінігі болу керек:
- түлектің әлеуметтілік мобильділігін қамтамасыз ететін Қазақстан қоғамындағы саяси, экономикалық, мәдени-тарихи жағдайлар туралы;
білуі керек:
- лингвистиканың / әдебиеттанудың терминологиялық-ұғымдық аппаратын, негізгі теориялық әдістемелік принциптерін; қазіргі ғылым парадигмасындағы лингвистиканың және әдебиеттанудың өзекті бағыттарын, олардың маңызды мәселелері мен жетістіктерін;
- лингвистикалық / әдебиеттану зерттеулерінің әдістері мен амалдарын;
- тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі;
істей білуі керек:
- әдеби тіл және әдеби үдерістердің бағыттары мен жай-күйін бағалауды;
- алдағы қызметінде тілдік әдебиеттану ғылымының әдістері, сондай-ақ шектес ғылымдардың концептуалды және әдістемелік аппаратын пайдалануды;
- танымының нәтижесін жинақтауды және оны жаңа білім алудың құралы ретінде пайдалануды;
- кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуі, логикасына және таңдау қабілетіне сүйене отырып, ауызша және жазба ғылым тілінің адекватты стилін таңдауды;
- мемлекеттің тіл, әдебиет, тіл саясатындағы көңіл бөлетін құнды мәселелеріне сәйкес өзінің көзқарасын жеткізуді және негіздеуді;
- Интернет жүйесінде жұмыс істей алуды және оның қызметін пайдалануды;
- шешім шығаруды және оның жүзеге асуына ат салысуды, өзінің мүддесін өндіріс пен қоғамның талаптарымен байланыстыра алуды;
- ғылыми таным құралдары мен жаңа әдістерін, қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеруді, негіздеуді және шешуді;
- жоғары және орта оқу орындарында жаңа әдістерді, технологияны, РС-ді ескере отырып, оқыту құралдарын пайдалануды;
дағдысы болуы керек:
- жүйелі ойлау, инновациялық-танымдық, инициативтік, өзіндік шығармашылық іс-әрекет мәдениетінің;
- әртүрлі типтегі мәтін редакторларымен жұмыс істеу, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізу;
- ресми және бейресми жағдайда этикет ережелерін, қарым-қатынас мәдениетін сақтау;
- белсенді ізденіс пен ғылыми ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ететін ілімді жаңарту, кәсіби өсу, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдердің динамикасы жағдайында аз шығынмен жұмыс бейінінің ауысуы мүмкіндігі;
- игерген білімінің тұтас кешенін және компетенттік аспектідегі біліктілігін іс жүзінде қолдану;
білікті болуы керек:
- кәсіби қызметінде филология ғылымының әдістемелік аппаратын және жалпы ғылыми әдістанымды қолдануда;
- басқарудың экономикалық және ұйымдастыру теориясында, лидерлікте, адам ресурстарын, өндіріс және сапаны басқарудағы ақпараттық үдерістерде; менеджмент негізінде, стратегиялық жоспарлауда; инновациялық үдерістер мен білім беру жобалары экономикасы мен менеджментін ұйымдастыру барысында;
- әлеуметтік-экономикалық және білім беру әлеуетінің үнемі дамуы мен өсуімен байланысты жағдайларда, әр түрлі мәдениеттің, діни конфессия және әлеуметтік топтардың өкілдерімен сыпайы, түсіністік және жемісті қарым-қатынас жасауда;
- коммуникативтік өрісте кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуде, сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейін көрсете отырып, ауызша және ғылыми сөйлеудің адекватты стилін таңдай алуда және логикамен меңгеруде;
- экологиялық мәселелерде табиғи және мәдени ортаны қорғау мен сақтаудың қажеттілігін сезіне отырып, әлемге деген этикалық жауапты қатынасты қалыптастыру және алған білімді педагогикалық қызметке енгізуде;
- Қазақстанның әлуметтік-экономикалық және саяси дамуы мәселелерінде; білім беру және мәдениет саласына байланысты заңдық және нормативтік құқықтық актілерді қолдануда.
Ғылыми және педагогикалық даярлық барысында:
түсінігі болу керек:
- түлектің әлеуметтілік мобильділігін қамтамасыз ететін Қазақстан қоғамындағы саяси, экономикалық, мәдени-тарихи жағдайлар туралы;
- қазақстандық филологиялық ғылыми мектептер туралы;
- жас ерекшелігі психологиясы туралы;
білуі керек:
- лингвистиканың / әдебиеттанудың терминологиялық-ұғымдық аппаратын, негізгі теориялық әдістемелік принциптерін; қазіргі ғылым парадигмасындағы лингвистиканың және әдебиеттанудың өзекті бағыттарын, олардың маңызды мәселелері мен жетістіктерін;
- лингвистикалық / әдебиеттану зерттеулерінің әдістері мен амалдарын;
- тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі;
- Қазақстан Республикасындағы білім беру концепциясының негізгі бағыттары мен проблемаларын;
- инновациялық технологияны, ЖОО-да және мектепте тіл / әдебиетті оқытудың дәстүрлі амалдары мен тәсілдерін;
- тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі;
істей білу керек:
- тіл мен әдеби үдерістердің бағыттары мен жай-күйін бағалауды;
- алдағы қызметінде тілдік / әдебиеттану ғылымының әдістері, сондай-ақ шектес ғылымдардың концептуалды және әдістемелік аппаратын пайдалануды;
- танымының нәтижесін жинақтауды және оны жаңа білім алудың құралы ретінде пайдалануды;
- кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуі, логикасына және таңдау қабілетіне сүйене отырып, ауызша және жазба ғылым тілінің адекватты стилін таңдауды;
- инновациялық технологияны, ЖОО-да және мектепте тіл / әдебиетті оқытудың дәстүрлі амалдары мен тәсілдерін;
- мемлекеттің тіл, әдебиет, тіл саясатындағы көңіл бөлетін құнды мәселелеріне сәйкес өзінің көзқарасын жеткізуді және негіздеуді;
- Интернет жүйесінде жұмыс істей алуды және оның қызметін пайдалануды;
- шешім шығаруды және оның жүзеге асуына ат салысуды, өзінің мүддесін өндіріс пен қоғамның талаптарымен байланыстыра алуды;
- ғылыми таным құралдары мен жаңа әдістерін, қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеруді, негіздеуді және шешуді, білімді интеграциялауды;
- ғылыми ұжымда жұмыс істеуді, ғылыми-кәсіптік қызметте коммуникацияны жүзеге асыруды, ғылыми-зерттеу үдерісінің және ғылыми зерттеу іс-әрекетінің ұйымдастыру ақпаратын меңгеруін;
- жоғары және орта оқу орындарында жаңа әдістерді, технологияны, РС-ді ескере отырып, оқыту құралдарын пайдалануды;
дағдысы болу керек:
- жүйелі ойлау, инновациялық-танымдық, инициативтік, өзіндік шығармашылық іс-әрекет мәдениетінің;
- білім беру өрісінде филологиялық пәндерді оқытуды жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде ұйымдастыру;
- әртүрлі типтегі мәтін редакторларымен жұмыс істеу, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізу;
- инновациялық ғылыми-педагогикалық технология, оқытудың интерактивті әдістері;
- ресми және бейресми жағдайда этикет ережелерін, қарым-қатынас мәдениетін сақтау;
- белсенді ізденіс пен ғылыми ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ететін ілімді жаңарту, кәсіби өсу, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдердің динамикасы жағдайында аз шығынмен жұмыс бейінінің ауысуы мүмкіндігі;
- игерген білімінің тұтас кешенін және компетенттік аспектідегі біліктілігін іс жүзінде қолдану;
білікті болуы керек:
- филология және педагогика ғылымдарының әдістемелік аппаратын және жалпы ғылыми әдістемелікті кәсіби қызметінде қолдануда;
- оқытудың белсенді әдістерінің психологиялық негіздерін білуде; этикалық және адамгершілік құндылықтарды белсенді насихаттау мен қорғауда; интеллектуалдық қабілет пен моральдық беделді пайдалана алуда; тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі жетілдіруде;
- әлеуметтік-экономикалық және білім беру әлеуетінің үнемі дамуы мен өсуімен байланысты жағдайларда, әр түрлі мәдениеттің, діни конфессия және әлеуметтік топтардың өкілдерімен сыпайы, түсіністік және жемісті қарым-қатынас жасауда;
- кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуі, логикасына және таңдау қабілетіне сүйене отырып, ауызша және жазба ғылым тілінің адекватты стилін таңдауда;
- экологиялық мәселелерде табиғи және мәдени ортаны қорғау мен сақтаудың қажеттілігін сезіне отырып, әлемге деген этикалық жауапты қатынасты қалыптастыру және алған білімді педагогикалық қызметке енгізуде;
- басқарудың экономикалық және ұйымдастыру теориясында, лидерлікте, адам ресурстарын, өндіріс және сапаны басқарудағы ақпараттық үдерістерде; менеджмент негізінде, стратегиялық жоспарлауда; инновациялық үдерістер мен білім беру жобалары экономикасы мен менеджментін ұйымдастыру барысында;
- Қазақстанның әлуметтік-экономикалық және саяси дамуы мәселелерінде; білім беру және мәдениет саласына байланысты заңдық және нормативтік құқықтық актілерді қолдануда;
8 Магистрлік білім беру бағдарламаларының шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар
8.1 Магистрант ғылым кандидаты немесе ғылым докторы атағы бар немесе мамандық бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар және аталған салада ғылыми зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын ғылыми жетекшінің басшылығымен бірлесе отырып жасалған жеке жұмыс жоспары негізінде оқытылады. Жеке жұмыс жоспары оқудың барлық кезеңіне құрастырылады.
Қажетті жағдайда жақын ғылым саласынан ғылыми кеңесші тағайындауға болады.
Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалынады. Ол төмендегі тарауларды қамтиды:
- жеке оқу жоспары (қажетті жағдайда жыл сайын нақтыланады);
- ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі мен есеп беру түрі);
- практика (бағдарлама, база, мерзімі мен есеп беру түрі);
- магистрлік диссертация (жұмыс) тақырыбы негіздемесі мен құрылымы;
- магистрлік диссертация (жұмыс) орындау жоспары;
- ғылыми жарияланым, тәжірибеден өту (қажет жағдайда) жоспары.
8.2 Білім алушының оқу жетістіктерінің бақылау нәтижелерін халықаралық білім кеңістігінде танылуын қамтамасыз ету үшін, білімді бағалау әріптік және рейтингілік-баллдық жүйе арқылы жүргізіледі.
8.3 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптары:
Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың төмендегі түрлерін қарастырады: педагогикалық, зерттеу практикасы.
Педагогикалық практика жоғары оқу орындарында оқытудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Ол оқу жоспары анықтайтын мерзімде жеке жоспарға сәйкес іске асады. Магистрант өз кафедрасының оқу үдерісіне қатысып, оқытушылардың бақылауымен дәрістер мен практикалық сабақтардың тиісті циклін өткізуі керек. Тәжірибеден өту барысында магистрант өзінің оқу жоспарын құруы және оны жүзеге асыруы тиіс, оқу үдерісінің аяқталған кесіндісін көрсететін сабақтарды жоспарлауы және жүйелі өткізуі керек. Тәжірибе қорытындысына сәйкес магистранттар өзі атқарған қызмет түрлерін сараптаған есеп береді.
Зерттеу тәжірибесі төмендегі дағдыларды меңгеру мақсатында өткізіледі: зерттеудің міндетін анықтау және жоспарын түзу; зерттеу нысаны мен предметін, аясын анықтау; мәселені қою, мақсаттар мен міндеттерді құру; зерттеу нысанына сәйкес тиісті зерттеу әдістерін таңдау; жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындыларын есеп, реферат, мақала, баяндама жүзінде ұсыну; ғылыми-зерттеу ісінің мақсатты жоспарын, оның құрылымын түзу, ғылыми коммуникацияға қатынасу (ауызша баяндамалар, жарияланымдар және т.б.).
Педагогикалық практиканың өткізілетін орны жоғары оқу орындары;
зерттеу практикасының өткізілетін орны филологиялық зерттеулермен айналысатын жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады.
Профильдік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтылуы тиіс.
Өндірістік практика келесі машықтарды игеру мақсатында жүзеге асырылады: зерттеу гипотезасын негіздеу; деректік материал жинау, компьютерлік бағдарламалар мен Интернет ресурстарын пайдалана отырып, библиографиялық жұмысты орындау; қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану арқылы әртүрлі лингвистикалық / әдебиеттанушылық эксперименттер жүргізу; зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми ақпараттарды өңдеу; ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәліметтерді ескере отырып, алынған нәтижелерді өңдеу, зерделеу және талдау; зерттеудің жаңа әдістемелерін қолдану және оларды нақты зерттеуге модификациялау.
Практика барысында магистранттарға өздері жасаған бағдарламалар бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріледі. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге неғұрлым көп көңіл бөлінеді. Тәжірибе қорытындысы ретінде магистрант эксперименттік зерттеуден алынған нәтижелер мен әдістеме сипаттамасы қамтылған сараптамалық есеп тапсырылады.
Практика өткізілетін орын:
филологиялық зерттеулер жүргізуде эксперименттік алаң ретінде қаралатын ғылыми-зерттеу мекемелері.
8.4. Зерттеу / өндірістік практика мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен анықталады.
8.5. Практиканың барлық түрі оқу жоспарында белгіленгендей жеке жоспар мерзіміне сәйкес орындалады.
8.6. Магистранттың ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талдаптары:
Бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлімі:
- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы тиіс;
- өзекті, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы бар болуы тиіс;
- отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген болуы тиіс;
- ғылыми-зерттеудің жаңа әдістерін пайдалануға, компьютерлік технология мен алынған мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың жаңа әдістеріне сүйенуі тиіс;
- бағдарламаның экспериментальды-зерттеу бөлімі төмендегі біліктілікті қамтамасыз етуі тиіс:
- зерттеудің міндетін анықтауы және жоспарын түзуі;
- жаңа компьютерлік технологияны пайдаланып библиографиялық жұмысты орындау;
- зерттеуге қажетті әдістерді таңдау, зерттеудің қазіргі әдістемесін білу және оны зерттеудің нақты мақсатына қарай жаңарту;
- алынған нәтижелерді өңдеу, сараптау және оларды ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәліметтерге сәйкес интерпретациялау;
- орындалған жұмысты есеп, реферат, мақала, баяндама т.б. түрінде қорытындылау;
8.7. Магистрант ғылыми зерттеу / эксперименттік зерттеу жұмыстардың нәтижелерін әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде өткізеді.
Магистранттың ғылыми-зерттеу / экспериментальды-зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация (жұмыс) болып табылады. Оны дайындауға 6 кредит (кәсіби дайындық) және 11 кредит (ғылыми және педагогикалық дайындық) бөлінеді.
Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі кем дегенде бір басылыммен және ғылыми-практикалық конференцияға қатысуымен ұсынылуы керек.
8.8. Магистрлік диссертацияның (жұмыстың) мазмұны мен жазылуына, оның дайындығы мен қорғалуына қойылатын талаптар білім саласындағы өкілетті органның нормативті-құқықтық актылерімен анықталады.
8.9. Кадрмен қамтамасыз етілу талабы:
6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрлерге білім беру бағдарламасы білім беру қызметіне лицензиясы бар мекемелерде жүзеге асырылады, мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы базалық және профильдік пәндер циклы бойынша дәріс беретін ғылым докторлары, ғылым кандидаттары атағы және философия докторы (РһD), профильдік доктор академиялық дәрежесі бар штаттағы оқытушылардың 45% -нен кем болмауы керек.
8.10. Магистратурадағы дәрісті ғылым кандидаты мен ғылым докторы атағы және РhD академиялық дәрежесі бар немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер өткізуі тиіс.
Профильдік магистратурадағы дәрістерді жүргізуге осы профильдік басқарудың жоғары буынның тәжірибелі мамандары шақырылады.
8.11 Магистратурадағы оқу дәрістері инновациялық технологияны және интерактивті оқу әдісін қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.
8.12. Оқытушылар оқытудың интерактивті әдісін және технологияларын біліп, оны оқу үдерісінде қолдануы тиіс.
Оқу-әдістемемен қамтамасыз етудің талаптары:
Оқу үдерісінің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздығы магистранттардың білім алу бағдарламасын сапалы түрде меңгеруіне кепілдік беру керек.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйелерді, мәліметтердің электрондық базасын, кітапхана қорын, компьютерлік технологияны, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді кеңінен пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс
8.14 Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мекемелерде оқу жоспарында көрсетілген теориялық, практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізу үшін, сонымен қатар магистранттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуына жағдай жасалуы үшін санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық база (аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық қамтамасыздық, қор материалдары) болуы қажет.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер жарияланымдарының басылуына мүмкіндік туғызу керек.
9. Магистрлерге білім беру бағдарламасын орындаған магистранттың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
9.1 Жалпы талаптар
Магитратураны бітіруші Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, бала құқығы туралы Конвенцияны; ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-басқару міндеттерін шешуге керекті жалпытеориялық пәндердің қажетті мөлшердегі негізін; білім беру мен педагогикалық ғылымның негізгі бағыттары мен болашақтағы даму жоспарын; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды; еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өрттен қорғану техникасын білуі тиіс. Бітірушінің филология саласы бойынша іргелі, ғылыми және кәсіби педагогикалық дайындығы болуы тиіс; филология мен білім беру саласына бағытталған білім беру және зерттеу міндеттерін шешуге дайын болуы тиіс; ғылыми хабарды алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғандығы қазіргі ақпараттық технологияны меңгеруі керек, жаңа ғылыми және практикалық мәселелерді көтеруі және шешімін табуы тиіс; таңдаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу іс-әрекеттерін жоспарлауы және жүргізе алуы тиіс; ЖОО-да сабақ бере алуы; таңдалған мамандық бойынша кәсіби қызметті ұйымдастыру, педагогикалық, басқаруды жүзеге асыруы тиіс; оқушылардың оқытылу деңгейін; оқыту барысында кездесуге тиісті қиындықтарды алдын ала болжауы; педагогикалық қөызмет барысында ретке келтірушілік және дамытушылық әрекеттерді іске асыра алуы шарт.
9.2. Магистратураның арнайы пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының игерілуі олардың оқу бағдарламаларымен анықталады.
Қосымша А
(міндетті)
6N0205 – Филология мамандығы бойынша
Типтік оқу жоспары
ғылыми және педагогикалық дайындық)
Оқыту мерзiмi: 2 жыл
Академиялық дәреже: филология магистрі
Пәндер циклы
|
Пәндер коды
|
Пәндер атауы
|
Қредит көлемі
|
Семестр
|
Бақылау түрi
|
БП
|
Базалық пәндер
|
16
|
|
|
МК
|
Мiндеттi компонент
|
9
|
|
|
БП ТК
|
GTmF
5201
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
2
|
1
|
емтихан
|
БПТК
| ShT 5202 |
Шет тiлi (кәсіби)
|
2
|
2
|
емтихан
|
БПТК
|
Ped 5203
|
Педагогика
|
3
|
2
|
емтихан
|
БПТК
|
Psi 5204
|
Психология
|
2
|
2
|
емтихан
|
|
Таңдау бойынша компоненттер
|
7
|
|
емтихан
|
ПП
|
Профильдiк пәндер
|
18
|
|
|
МК
|
Мiндеттi компонент
|
6
|
|
|
ППМК
|
TbA/KOTb/KOA/OM
5301
|
Тіл білімінің /әдебиеттану-
дың //қазақ/орыс тіл білімінің// қазақ/орыс әдебиеттануының өзекті мәселелері
|
2
|
1
|
емтихан
|
ППИК
|
Tb/A//KOTb/KOAFAM
5302
|
Тіл білімінің / әдебиеттанудың//қазақ/ орыс тіл білімінің//қазақ/ орыс әдебиеттануының философиялық-әдістемелік мәселелері
|
1
|
1
|
емтихан
|
ППМК
| Tb/A//KOTb/KOAZhB
5303
| Тіл білімінің/ әдебиеттанудың //қазақ/ орыс тіл білімінің//қазақ, орыс әдебиетануының жаңа бағыттары |
2
|
2
|
емтихан
|
ППМК
|
KL//KKOTBU//KMT//KMI
5304
|
Корпустық лингвистика//қазіргі қазақ/орыс тіліндегі белсенді үдерістер //Көркем мәтін теориясы//
Көркем мәтін интерпретациясы
|
1
|
2
|
емтихан
|
ППТК
|
Таңдау бойынша компоненттер
|
12
|
|
емтихан
|
Тәжірибе
|
Педагогикалық
|
4
|
3
|
|
Зерттеу
|
2
|
4
|
|
Ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ) және магистрлік диссертацияның орындалуы
|
|
11
|
4
|
|
Қорытындылау аттестациясы (ҚА)
|
1. Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
4
|
|
2. Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)
|
1
|
4
|
| Барлығы |
|
47
|
|
|
* Тәжірибеге бөлінетін кредит саны жалпы жұмыс көлеміне енбейді. Қажет жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінетін кредит санын көбейте алады.
|
Қосымша Б
(міндетті)
6N0205 – Филология мамандығы бойынша
Типтік оқу жоспары
(профильдік дайындық)
Оқыту мерзiмi: 1,5 жыл
Академиялық дәреже: филология магистрі
Пәндер циклы
|
Пәндер коды
|
Пәндер атауы
|
Кредит
Көлемі
|
Семестр
|
Бақылау түрi
|
БП
|
Базалық пәндер
|
9
|
|
|
МК
|
Мiндеттi компонент
|
5
|
|
|
БПМК
|
GTmF
5201
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
1
|
1
|
емтихан
|
БПМК
|
ShT 5202
|
Шет тiлi (кәсіби)
|
2
|
1
|
емтихан
|
БПМК
|
Men 5203
|
Менеджмент
|
1
|
1
|
емтихан
|
БПМК
|
Psi 5204
|
Психология
|
1
|
1
|
емтихан
|
БПТК
| Таңдау бойынша компонеттер |
5
|
|
емтихан
|
ПП
|
Профильдiк пәндер
|
18
|
|
|
МК
|
Мiндеттi компонент
|
6
|
|
|
ППМК
|
TbA/KOTb/KOA/OM
5301
|
Тіл білімінің /әдебиеттану-
дың //қазақ/орыс тіл білімінің//қазақ/орыс әдебиетануыныңөзекті мәселелері
|
2
|
1
|
емтихан
|
ППМК
|
Tb/A//KOTb/KOAFAM
5302
|
Тіл білімінің /әдебиеттанудың//қазақ/орыс тіл білімінің //қазақ/орыс әдебиеттануының философиялық-әдістемелік мәселелері
|
1
|
2
|
емтихан
|
ПП
|
Tb/A//KOTb/KOAZhB
5304
|
Тіл білімінің/әдебиеттанудың//қазақ/орыс тіл білімінің//қазақ/орыс әдебиеттануының жаңа бағыттары
|
2
|
2
|
емтихан
|
ППМК
|
KL//KKOTBU//KMT//KMI
5304
|
Корпустық лингвистика//қазіргі қазақ/орыс тіліндегі белсенді үдерістер //Көркем мәтін теориясы//
Көркем мәтін интерпретациясы
|
1
|
2
|
емтихан
|
ППТК
|
Таңдау бойынша компоненттер
|
12
|
|
емтихан
|
Тәжірибе*
|
Өндірістік
|
5
|
3
|
|
Эксперименттік-зерттеу жұмыстары (МЭЗЖ) және магистрлік диссертацияның орындалуы
|
|
6
|
4
|
|
Қорытындылау аттестациясы (ҚА)
|
1. Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
4
|
|
2. Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)
|
1
|
4
|
| Барлығы |
|
36
|
|
|
* Тәжірибеге бөлінетін кредит саны жалпы жұмыс көлеміне енбейді. Қажет жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінетін кредит санын көбейте алады.
|
__________________________________________________________________ УДК 37:006.354.(574 МКС 03.180 Т 50
Түйінді сөздер: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, кредиттік оқыту жүйесі, кредит, магистратура, магистрант, магистрлер, тұлғаны даярлау деңгейіне қатысты талаптар, магистрлар даярлаудың мамандығы, магистратураның білім беру бағдарламалары, магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеру, магистратураның білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар, міндетті компонент, таңдау компоненті.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ректоры, РОӘК секциясының
төрағасы, т.ғ.д., профессор
|
Б.Т. Жұмағұлов
| Авторлық ұжым
|
Авторлық ұжым басшысы:
филология ғылымдарының
докторы, профессор
|
Э.Д. Сүлейменова
|
Орындаушылар:
|
|
филология ғылымдарының
докторы, профессор
|
Б.Қ. Майтанов
|
филология ғылымдарының
докторы, профессор
|
З-Ғ.Қ. Бисенғали
|
филология ғылымдарының
докторы, профессор
|
З.К. Сабитова
|
филология ғылымдарының
докторы, профессор
|
Б.Қ. Момынова
|
Достарыңызбен бөлісу: |