«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет59/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89

202
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қаулысымен  ресімделеді.  Егер  Мәжіліс  келісім  беру  үшін 
Президент  ұсынған  Премьер-Министр  кандидатурасын 
тағайындау қабылданбаған жағдайда, Мәжілістің шешімінде 
қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс. 
56.1.3)  Республика  Президентінің  кезекті  сайлауын 
тағайындауды  Мәжіліс  Конституцияға  және  «Қазақстан 
Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңға 
сәйкес іске асырады. Мәжілістің Республика Президентінің 
сайлауын тағайындауы мемлекеттік тетіктегі конституциялық 
қағидат  тежемелік  және  тепе-теңдік  жүйесінің  бір  көрінісі 
болып табылады.
Парламент  Мәжілісінің  кезекті  Президент  сайлауын 
жариялау  туралы  қаулысын  қарау  мен  қабылдау  Мәжіліс 
Регламентінің ІІ бөлімі 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады. 
Республика Президентiнiң кезектi сайлауы жеті жылда бiр рет 
тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi 
және  ол  мерзiмi  жағынан  Республика  Парламентiнiң  жаңа 
құрамын  сайлаумен  тұспа-тұс  келмеуге  тиiс.  Республика 
Президентiнiң кезектi сайлауын Мәжіліс тамыздың бірінші 
жексенбісінен кешіктірмей жариялайды. 
56.1.4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген 
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
56.2.  Мәжіліс  депутаттарының  жалпы  санының  бестен 
бірінен  кем  емес  депутаттардың  бастамасымен  Мәжіліс 
депутаттарының  жалпы  санының  көпшілік  дауысымен, 
Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
19. 57-баптың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакци-
яда жазылсын:
«1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағай-
ындайды;  Орталық  сайлау  комиссиясының  екі  мүшесін, 
Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі 
есеп  комитетінің  үш  мүшесін  бес  жыл  мерзімге  қызметке 
тағайындайды;»;


203
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«6)  Палата  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен 
бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің 
өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. 
Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Рес-
публика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары 
жалпы  санының  көпшілік  дауысымен  оны  қызметтен  боса-
ту туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. 
Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тас-
таса,  онда  депутаттар  Палата  депутаттары  жалпы  санының 
көпшілік дауысымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап 
алты  ай  өткеннен  кейін  Республика  Президентінің  алдына 
Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап 
қоюға  хақылы.  Мұндай  жағдайда  Республика  Президенті 
Үкімет мүшесін қызметінен босатады;».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
57-БАБЫ
19.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
57-бап
Парламенттiң  әр  Па-
латасы  дербес,  басқа 
Палатаның қатысуынсыз: 
1)  Ре спублика лық 
бюджеттiң  атқарылуын 
б а қ ы л ау   ж ө н i н д е г i 
есеп  комитетiнiң  үш 
м ү ш е с i н   б е с   ж ы л 
м е р з i м г е   қ ы з м е т ке 
тағайындайды; 
2)  Конституцияның 
47-бабы  1-тармағында 
көзделген  ретте  Парла-
мент  құратын  комиссия 
мүшелерiнiң тең жартысы-
на өкiлеттiк бередi;
57-бап
Парламенттiң  әр  Палата-
сы  дербес,  басқа  Палатаның 
қатысуынсыз: 
1) Конституциялық Кеңестің екі 
мүшесін қызметке тағайындайды; 
орталық сайлау комиссиясының 
екі  мүшесін,  Республикалық 
бюджеттің атқарылуын бақылау 
жөніндегі  есеп  комитетінің 
үш  мүшесін  бес  жыл  мерзімге 
қызметке тағайындайды;
2)  Конституцияның  47-бабы 
1-тармағында  көзделген  ретте 
Парламент  құратын  комиссия 
мүшелерiнiң  тең  жартысына 
өкiлеттiк бередi; 


204
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
3)  Палаталардың  бiрлескен 
комиссиялары мүшелерiнiң тең 
жартысын сайлайды; 
4) Палаталар депутаттарының 
өкiлеттiгiн  тоқтатады,  сон-
дай-ақ  Қазақстан  Республи-
касы  Б ас  Прокурорының 
ұсынуымен  оларға  ешкiмнiң 
тиiспеуi  жөнiндегi  құқығынан 
Палаталардың  депутаттарын 
айыру мәселелерiн шешедi
5) өз құзыретiндегi мәселелер 
бойынша парламенттiк тыңдаулар 
өткiзедi;
6)  депутаттардың  жалпы 
санының кемiнде үштен бiрiнiң 
бастамасы  бойынша  Респуб-
лика  үкiметi  мүшелерiнiң  өз 
қызметi мəселелерi жөнiндегi 
есептерiн тыңдауға жəне үкiмет 
мүшесi Республика заңдарын 
орындамаған ретте Палаталар 
депутаттары жалпы санының 
үштен екiсiнiң көпшiлiк даусы-
мен оны қызметтен босату ту-
ралы Республика Президентiне 
өтiнiш  жасауға  хақылы,  егер 
Республика Президентi мұндай 
өтiнiштi қабылдамай тастаса, 
онда  депутаттар  Палата  де-
путаттары  жалпы  санының 
кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк 
даусымен  алғашқы  өтiнiш 
берiлген  күннен  бастап  алты 
ай өткеннен кейiн Республика 
Президентiнiң алдында үкiмет 
мүшесiн қызметiнен босату ту-
ралы мəселенi қайталап қоюға 
хақылы.  мұндай  жағдайда 
Республика Президентi үкiмет 
мүшесiн  қызметiнен  босата-
ды; 
 3)  Палаталардың  бiрлескен 
комиссиялары  мүшелерiнiң  тең 
жартысын сайлайды; 
4)  Палаталар  депутаттарының 
өкiлеттiгiн  тоқтатады,  сондай-
ақ  Қазақстан  Республикасы  Бас 
Прокурорының ұсынуымен оларға 
ешкiмнiң  тиiспеуi  жөнiндегi 
құқығынан  Палаталардың  де-
путаттарын  айыру  мәселелерiн 
шешедi; 
5)  өз  құзыретiндегi  мәселелер 
бойынша парламенттiк тыңдаулар 
өткiзедi;  
6) Палата депутаттары жалпы 
санының кемінде үштен бірінің 
бастамасы  бойынша  Респуб-
лика  үкіметі  мүшелерінің  өз 
қызметі  мəселелері  жөніндегі 
есептерін  тыңдауға  хақылы. 
Есепті тыңдау қорытындылары 
бойынша үкімет мүшесі Респуб-
лика  заңдарын  орындамаған 
жағдайда Палата депутаттары 
жалпы санының көпшілік да-
усымен оны қызметтен босату 
туралы Республика Президенті-
не өтініш жасауға хақылы. Егер 
Республика Президенті мұндай 
өтінішті  қабылдамай  тастаса, 
онда депутаттар Палата депутат-
тары жалпы санының көпшілік 
даусымен  алғашқы  өтініш 
берілген  күннен  бастап  алты 
ай өткеннен кейін Республика 
Президентінің  алдына  үкімет 
мүшесін қызметінен босату ту-
ралы мəселені қайталап қоюға 
хақылы.  мұндай  жағдайда 
Республика Президенті үкімет 
мүшесін  қызметінен  босата-
ды;


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау