«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет60/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89

205
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
7)  Палаталардың  үйлестi-
рушi және жұмыс органдарын 
құрады; 
8) өз қызметiнiң регламен-
тiн, Палатаның ұйымдастыру 
және iшкi тәртiбiне байланыс-
ты  мәселелер  бойынша  өзге 
де шешiмдер қабылдайды.
7) Палаталардың үйлестiрушi 
және  жұмыс  органдарын 
құрады; 
8)  өз  қызметiнiң  регламен-
тiн,  Палатаның  ұйымдастыру 
және iшкi тәртiбiне байланысты 
мәселелер  бойынша  өзге  де 
шешiмдер қабылдайды.
 
 
57.1) Парламенттiң әр Палатасы – Сенат және Мәжіліс 
-  дербес,  басқа  Палатаның  қатысуынсыз  Конституциялық 
Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сай-
лау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің 
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін 
бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
Аталған  адамдарды  қызметке  тағайындау  Палатаның 
отырысында  жүзеге  асырылады.  Палатаның  қызметке 
тағайындауы  үшін  ұсынылған  кандидатуралар  Палатаның 
отырысында  қаралғанға  дейін  Палата  Бюросының  шешімі-
мен белгіленген Палатаның тиісті комитетінің отырысында 
талқылануға  тиіс.  Кандидатураларды  қараудың  нәтижелері 
негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша 
Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
Тиісті  Палата  отырысында  қызметке  тағайындау  туралы 
мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураны Палатаның 
Төрағасы таныстырады. Палатаның отырысында кандидатқа 
және  кандидатты  таныстырушы  адамға  сұрақтар  қойылуы 
және  депутаттар  ұсынылған  кандидатты  «жақтап»  не-
месе  «қарсы»  пікірлер  білдіруі  мүмкін.  Егер  депутаттар 
ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап ет-
песе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
Егер  Палата  ұсынылған  кандидатуралар  бойынша 
қызметке  тағайындау  туралы  шешімдер  қабылдамаған 


206
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
жағдайда, Төраға тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе 
жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.
Мәжіліс пен Сенат жоғарыда аталған адамдарды қызметке 
тағайындау  туралы  шешімдерді  Парламенттің  тиісті  Пала-
тасы  депутаттарының  жалпы  санының  көпшілік  даусымен 
қабылдайды. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін 
белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дау-
ыс беру арқылы қабылданады. Шешімдер тиісті Палатаның 
қаулыларымен  әр  кандидатура  бойынша  жеке  ресімделеді. 
Қызметке тағайындау үшін Палата Төрағасы ұсынған канди-
датуралар қабылданбаған жағдайда Палаталардың шешімін-
де қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс.
57.6)  Парламенттiң  әр  Палатасы  –  Сенат  және  Мәжіліс  - 
дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз депутаттардың жалпы 
санының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша Республи-
ка Үкiметi мүшелерiнiң өз қызметi мәселелерi жөнiндегi есеп-
терiн тыңдауға хақылы. Палата Үкімет мүшесінің есебін тыңдау 
туралы мәселені қабылдаған жағдайда Мәжіліс мерзімін бел-
гілеп, есебі тыңдалатын Үкімет мүшесін Палата шешімі және 
ол тыңдалатын күн туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Со-
нымен бір мезгілде Палата Үкімет мүшесін тыңдау туралы бас-
таманы ұсынған ынталы топтан баяндамашы белгілейді.
Үкімет  мүшесі  оны  тыңдау  туралы  Палатаның  шешім 
қабылдауына негіз болған құжаттармен танысуға құқылы және 
өзін тыңдайтын күнгі Мәжілістің жалпы отырысына қатысуға 
міндетті.  Палата  Үкімет  мүшесі  жоқта  жалпы  отырысында 
оған сенім білдіру туралы мәселені қарауға құқылы.
Палатаның жалпы отырысында Үкімет мүшесінің есебін 
тыңдау төрағалық етушінің қысқаша кіріспе сөзімен баста-
лады,  ол  мәселенің  мәні  туралы  хабарлама  жасайды  және 
қатысып  отырған  депутаттарды  тіркеуден  өткізеді.  Оның 
сөзінен  кейін  Үкімет  мүшесін  тыңдау  туралы  бастама 


207
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ұсынған  ынталы  топтың  баяндамашысына  сөз  беріледі,  ол 
осы  шешімнің  қабылдануын  туындатқан  дәлелдерді  жария 
етеді. Бұдан кейін тыңдалатын Үкімет мүшесіне сөз беріледі. 
Оның  баяндамасынан  кейін  Палата  депутаттары  өз  пікір-
лерін  айтуға,  тыңдалған  адамға  сұрақтар  беріп  оған  жауап 
алуға құқылы.
Жарыссөз аяқталғаннан кейін жалпы отырыста төрағалық 
етуші  тыңдалған  Үкімет  мүшесіне  сенім  білдіру  немесе 
сенімсіздік білдіру туралы мәселені Палатаға дауысқа сала-
ды. Палата шешімі дауыс беру нәтижелері қаулымен ресімде-
летін жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі 
Республика  заңдарын  орындамаған  жағдайда  Палата  депу-
таттары  жалпы  санының  көпшілік  даусымен  оны  лауазым-
нан босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға 
хақылы. Үкімет мүшесіне сенімсіздік білдіру туралы шешім 
қабылданған жағдайда Мәжіліс Үкімет мүшесін қызметінен 
босату, бәлкім, қылмыстық жауапқа да тарту туралы Респуб-
лика  Президентіне  өтініш  әзірлеу  жөніндегі  редакциялық 
комиссия  құрады.  Өтініш  редакциясы  жалпы  отырысқа 
қатысушы Палата депутаттарының көпшілік даусымен ашық 
дауыс беру арқылы қабылданады.
Мемлекет  басшысы  тиісті  Палата  депутаттарының 
Үкімет  мүшесін  сол  лауазымнан  босату  туралы  үндеуін 
қанағаттандыруға  хақылы.  Егер  Республика  Президентi 
мұндай  өтiнiштi  қабылдамай  тастаса,  онда  депутаттар  Па-
лата  депутаттары  жалпы  санының  кемiнде  үштен  екiсiнiң 
көпшiлiк  дауысымен  алғашқы  өтiнiш  берiлген  күннен  бас-
тап  алты  ай  өткеннен  кейiн  Республика  Президентiнiң  ал-
дында Үкiмет мүшесiн лауазымнан босату туралы мәселенi 
қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Пре-
зидентi Үкiмет мүшесiн лауазымынан босатады.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау