Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет13/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45

      7. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, ол 
іссапарға жіберілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау 
үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, іссапарға жіберілген жұмыскердің 
жұмыс берушісін үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
 
      8. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек 
қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру 
жұмыс беруші өкілінің қатысуымен жұмыскер іссапарға жіберілген заңды 
тұлғаға жүктеледі.
 
 41-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
      Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ жұмыскерді уақытша 
алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыскерді оның келісімінсіз 
күнтізбелік жыл ішінде үш айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша 
еңбегіне ақы төлей отырып, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан 
кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайына 
байланысты қарсы көрсетілімі жоқ, сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа 
не жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне 
ауыстыруға құқығы бар.
 
       Жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне 
уақытша ауыстырған кезде жұмыскерге осы Кодекстің 127-бабында көзделген 
мөлшерлерде өтемақы төленеді.
 
 42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
       1. Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық 
жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, 
бос тұрып қалудың барлық кезеңіне ауыстыруға құқығы бар. 
 
      2. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде 
жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша жүргізіледі.
 
 43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
      1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік 
жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де 
зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым 
келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде еңбекке 
қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіби 
еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым 
жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылған 
жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.
 
       2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат 
алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген 


кезде не өндіріске байланысты емес денсаулығы нашарлау салдарынан 
неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартқан 
жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3) 
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
 
 44-бап. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
      Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа 
жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік 
факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
 
      Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, ол орташа жалақысы сақтала 
отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады.
 
      Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан 
жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін 
жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындаудан босатылуға 
жатады.
 
 45-бап. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру. Лауазым (жұмыс) атауының өзгеруі 
      1. Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, 
біліктілік шегінде басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық 
бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді 
тапсыруға жұмыскердің келісімі талап етілмейді.
 
      2. Жұмыскер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайтын жұмыскер 
лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, 
басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз жүзеге 
асыра алады.
 
 46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі 
      1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық 
жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) 
жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті 
ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе 
кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек 
жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек 
шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
 
       2. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі 
көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының осы баптың 1-
тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы 
күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
 
       3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты 
жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты 


осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз 
бойынша тоқтатылады.
 
      Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар жұмыскерлердің 
санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, жұмыс 
берушінің жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс 
уақыты режимін енгізуге құқығы бар.
 
 47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға акцияларының 
(қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған 
кездегі еңбек қатынастары 
      Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға 
акцияларының (қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды 
тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайларда жұмыскерлермен еңбек 
қатынастары өзгеріссіз жалғаса береді.
 
 48-бап. Жұмыстан шеттету 
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс 
беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыскерді 
жұмыстан шеттетуге міндетті.
 
       2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:
 
      1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) 
жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын 
заттарды пайдаланған;
 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік 
мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар тапсырмаған;
 
      3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарын 
пайдаланбаған;
 
      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып 
табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден не ауысым алдындағы 
медициналық куәландырудан өтпеген;
 
      5) жұмыскер еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін қажетті 
көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан айырылған 
жағдайда;
 
      6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, 
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларының 
бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан 
шеттетуге міндетті.
 
      3. Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың 
негізінде жұмыскерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау