Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет12/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

      3. Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге 
асырылады.
 
      Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті 
түрде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары 
жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.
 
      4. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы 
бұрынғы жұмыскердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де 
төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан айырылуына әкеп соқпайды.
 
      Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек 
шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.
 
 34-бап. Жұмысқа қабылдауды ресімдеу 
      Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс 
берушінің актісімен ресімделеді.
 
 35-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар 
      Мына құжаттардың кез келгені:
 
      1) еңбек кітапшасы;
 
      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі 
бар еңбек шарты;
 
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек 
қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші 
актілерінен үзінді көшірмелер;
 
      4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
 
      5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім 
(жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
 
      6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы 
зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;
 
      7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру қорынан мәліметтер;
 
      8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік 
анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
 
 36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап 
      1. Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің 
тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ 
мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек шартының 
қолданылуы басталған кезден басталады.
 


      2. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан 
аспауға тиіс. Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас 
бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің 
басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін.
 
      3. Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла 
тұрады.
 
 37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі 
      1. Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген 
кезде, жұмыс беруші оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын 
бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетіп, онымен еңбек шартын бұзуға 
құқылы.
 
      2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек 
шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен 
өткен болып есептеледі.
 
 38-бап. Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру 
      1. Мыналар:
 
      1) жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты 
басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
 
      2) еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс 
уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) 
оны орындау кезінде өзгеретін өзге жұмысты тапсыру;
 
      3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
 
      4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа 
ауыстыру болып табылады.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді басқа 
жұмысқа ауыстыруға жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына 
тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
 
      3. Жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық 
қорытындымен расталған қарсы көрсетілімдер болған кезде, жұмыскерді басқа 
жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
 
 39-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру 
      1. Жұмыс беруші, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым 
ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы 
жұмыскерге кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
 
       2. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде 
бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-
тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
 
 40-бап. Жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу 


      1. Іссапарға жіберу – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 
шектеулерді қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) еңбек шартына 
байланысты белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) 
бойынша не басқа заңды тұлғадағы басқа лауазым, мамандық, біліктілік 
бойынша жұмысты орындауы.
 
      Белгілі бір міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында 
жұмыскерлерді:
 
      1) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаға акциялары (қатысу үлесі) 
тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға;
 
      2) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары 
(қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға іссапарға 
жіберуге жол беріледі.
 
      2. Іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны 
іссапарға жіберу мақсаттарына қарай заңды тұлғалар арасындағы жазбаша 
келісімде белгіленеді.
 
      3. Жұмыскерді іссапарға жіберу талаптары, тәртібі және мерзімі заңды 
тұлғалар мен іссапарға жіберілген жұмыскер арасында қол қойылатын келісімде 
айқындалады.
 
      Жұмыскерлер іссапарға жіберілетін заңды тұлғаның орташа тізімдік 
санының он пайызынан артық жұмыскерлер бір мезгілде іссапарға жіберілген 
жағдайда, жұмыскерлер жіберілетін заңды тұлға жұмыскерлерінің өкілдерімен 
келісілуі қажет.
 
      Келісу тәртібі заңды тұлғалар мен жұмыскерлердің өкілдері арасындағы 
тараптардың келісімінде айқындалады.
 
      4. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын 
жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
 
      5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмысты орындау орнының өзгергені көрсетіле 
отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты 
тараптарының жазбаша келісімімен ғана іссапарға жіберуге жол беріледі. 
Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші іссапарға жіберілгенге 
дейін жұмыскер болған жұмыс орнын (лауазымын) жұмыскерге ұсынуға 
міндеттенеді.
 
      6. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысының ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, ол іссапарға 
жіберілген заңды тұлғаның жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі 
қолданылады.
 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау