Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдары



жүктеу 1,5 Mb.
бет4/15
Дата14.11.2018
өлшемі1,5 Mb.
#20204
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
81-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдары

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгілеу;

2) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;

3) кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу;

4) техникалық реттеу;

5) бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

7) мемлекеттік бақылау және қадағалау;

8) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;

9) мемлекеттік тапсырыс;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге де нысандары мен құралдары арқылы жүзеге асырылады.

82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдар енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

Реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзге де ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

2. Реттегіш құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:

1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;

2) мемлекеттік бақылау және қадағалау кәсіпкерлік субъектілері қызметінің осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген салаларында ғана жүзеге асырылады;

3) ақпараттық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарымен, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерімен ғана енгізіледі;

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

4) өзін-өзі реттеу ұйымына міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізіледі.

3. Реттеушілік әсерді талдауға:

1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;

2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары;

3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары;

4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобалары;

7) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары жатады.

4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі консультативтік-кеңесші орган – Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады.

Жаңа реттегіш құралды енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

83-бап. Реттеушілік әсерді талдау

1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады.

Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады.

2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.

Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.

4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

5. Реттеушілік әсерді талдау жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады.

6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.

7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;

2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.

8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.

84-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;

2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын бекіту;

3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту.

Техникалық реттеу саласында:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн қалыптастыру;

3) техникалық реттеу саласындағы құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген органды (ұйымды) айқындау.

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласында:

1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

3) аккредиттеу жөніндегі органды осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес айқындау.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

85-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және оның кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

1. Жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етедi;

2) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін үйлестіруді жүзеге асырады;

3) міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлейді және бекітеді;

4) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;

5) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;

6) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын әзірлейді;

7) реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді;

9) ретеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың қызметін үйлестіреді;

10) реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарайды;

11) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды ендіру мен жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;

12) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;

13) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын әзірлейді;

14) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады.

3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

86-бап. Реттеуші мемлекеттік органдар және олардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

1. Мыналар:

1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

2) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар реттеуші мемлекеттік органдар болып табылады.

2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:

1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын тиісті салада (аяда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекіту;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру;

4) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

3. Реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:

1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсыну;

2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

87-бап. Бақылау және қадағалау органдары және олардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

1. Тексерілетін субъектілер қызметінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау органдары болып табылады.

2. Бақылау және қадағалау органдарының құзыретіне:

1) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

4) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

88-бап. Монополияға қарсы органның кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

Монополияға қарсы орган мынадай функцияларды орындайды:

1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және iске асырады;

2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;

6) экономикалық шоғырлануды бақылауды жүзеге асырады;

РҚАО-ның ескертпесі!



7) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 5-тармағынан қараңыз.

7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;

8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдеріне және келісілген әрекеттеріне, жосықсыз бәсекелестікке жол бермейді және олардың жолын кеседі;

РҚАО-ның ескертпесі!



9) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

9) нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгiзу және одан алып тастау қағидаларын әзiрлейді және бекітеді;

10) бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді және келіседі;

11) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;

12) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

РҚАО-ның ескертпесі!



13) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

13) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;

РҚАО-ның ескертпесі!

14) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

14) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

15) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік өлшемшарттарын, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, қаржы ұйымдарына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;

РҚАО-ның ескертпесі!



16) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 5-тармағынан қараңыз.

16) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаны анықтайды;

17) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемелерді бекітеді;

18) нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексерулер жүргізеді;

19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кіріс органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және алады;

20) нарық субъектілеріне:

осы Кодекс нормаларының бұзылуын тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылған жағдайда, өзге нарық субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;

21) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға осы Кодекске қайшы келетін өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;

22) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;

23) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша істің сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;

24) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;

25) бәсекелестікті қорғау саласында жүргiзілетiн мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында монополияға қарсы органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;

26) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлар бағасына сараптама жүргізеді;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;

28) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;

29) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестің жай-күйін талдауды орналастырады;

30) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

89-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласында:

1) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

90-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

1) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды;

2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды;

3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

91-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұғымы

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені түсініледі.

92-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) шағын және орта кәсіпкерлік;

2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері;

3) индустриялық-инновациялық қызмет;

4) арнайы экономикалық аймақтар;

5) инвестициялық қызмет;

6) отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі.

2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де бағыттар бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.

93-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:

1) қаржылық және мүліктік қолдау;

2) инфрақұрылымдық қолдау;

3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау;

4) жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау.

Өз ісін ұйымдастыруға, технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ете отырып құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы болып табылады.

2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін көздейді.

94-бап. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау

1. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау:

1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;

2) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;

3) екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар арқылы кредит беруді ұйымдастыру;

4) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;

5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

7) шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау;

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;

9) лизинг;

10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдаудың өзге де шараларын беру арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

95-бап. Жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры

1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры (бұдан әрі – арнайы қор) жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдауды ұсыну арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті сапалы дамытуға жәрдемдесу арнайы қор қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Арнайы қордың негізгі міндеттері:

1) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру;

3) қаржы лизингін дамыту;

4) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау мәселелері бойынша оқыту және консалтинг;

5) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қолдау;

6) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

8) жеке кәсіпкерлік идеясын насихаттау;

9) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

10) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.

2. Арнайы қордың міндеттерін іске асыру тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.

96-бап. Жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау

1. Жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың жұмыскерлерінің кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

2. Ақпараттық қолдау:

1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;

2) шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыру;

3) жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;

4) өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру;

5) консультациялық, ақпараттық, заң мен маркетингтік және өзге де қызметтер көрсету;

6) озық шетелдік технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;

7) отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) экспортқа ілгерілету кезінде сервистік-ақпараттық қолдау;

8) өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер даярлау арқылы жүзеге асырылады.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

4. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті ақпараттық қолдауды жүзеге асыру мақсатында өз интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған мемлекеттік және өзге де бағдарламалар және олардың іске асырылуы туралы;

2) экономикалық қызмет түрлеріне сыныптай отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы;

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымын құратын ұйымдар туралы, осындай ұйымдардың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шарттары және тәртібі туралы;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шаралары туралы;

5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына жүргізілген талдау нәтижелері туралы;

6) жеке кәсіпкерліктің дамуын қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының тұжырымдамалары туралы;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің акітлерінде көзделген өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.

97-бап. Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау

Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторлады, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және басқа да инфрақұрылым объектілерін құру арқылы қамтамасыз етіледі.

98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласында:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;

3) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;

4) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінiң қарауын ұйымдастырады;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) номенклатурасын және олардың көлемін (пайыздық мәнде) бекітеді;

7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар өндіретін өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;

9) бәсекелестiктi дамытуға және инновацияларға, материалдық активтерге инвестицияларды, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлейдi;

10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;

12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;

13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа ел орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қолданады;

15) жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн келiсiлген бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;

16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;

17) сапа менеджментi жүйесiн ендіруді ынталандыру арқылы ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;

18) басқа елдердiң аумағында ұлттық экспорттаушылардың мүдделерiн қолдау арқылы сыртқы сұранысқа жағдайлар жасайды;

19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;

20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;

21) халықтың әлеуметтiк осал топтарын жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;

23) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекітеді;

Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

4) индустрияландыру картасын бекітеді;

5) басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;

7) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.

99-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және мемлекеттік қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;

3) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;

4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамыту инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;

5) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді;

6) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді;

7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;

8) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;

9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;

10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;

11) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

12) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;

13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

100-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

1. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;

3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;

4) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне

индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпарат ұсынады;

5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;

6) басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;

7) индустрияландыру картасын әзірлейді;

8) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;

9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

10) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;

11) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келіседі;

12) конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

13) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

14) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

15) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;

16) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

17) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

19) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;

20) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;

21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;

22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындайды;

23) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

24) еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

101-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуді және жұмыспен қамтуды реттеуді үйлестіруді жүзеге асырады;

4) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

5) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан келіседі;

6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

102-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:

1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасайды;

2) тергеп-тексеру жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;

5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;

6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

103-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы құзыреті

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;

4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;

5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

104-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау cаласында:

1) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

105-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті

1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;

4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

6) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;

7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлейді және бекітеді;

3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға береді;

6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;

7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
9-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР

106-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу

Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу болып табылады.

107-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері

1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі алда жүзеге асырылатын қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді:

1) бірінші санаттағы рұқсаттар – қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;

2) екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып табылмайтын, қауіптіліктің орташа деңгейіне байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;

3) хабарламалар қауіптіліктің төмен деңгейіне байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызметтің немесе осындай әрекеттердің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.

2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен жүргізілетін реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді.

108-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсаты болуға немесе «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті.

Лицензиясы бар кәсіпкерлік субъектісі лицензиат деп танылады.

Екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар кәсіпкерлік субъектісі екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылады.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру басталғанға дейін кәсіпкерлік субъектілері рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарламаны кәсіпкерлік субъектісі жіберуге тиіс.

3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай жүргізіледі.

4. Рұқсаттардың және хабарламалардың түпкілікті тізбесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделеді.

5. Рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, жаңарту және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

109-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі

1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі тиісті рұқсатты немесе хабарламаны «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана енгізіледі.

2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

3. Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекетке (операцияға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген кезде рұқсат алу міндеті қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінде рұқсат алу тәртібін регламенттейтін және (немесе) рұқсат алу үшін міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап туындайды.

4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.

Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген жағдайда, өтініш берушілер рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін, бірақ көрсетілген актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алуға өтініш беруге құқылы.

Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.

5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас тартылғанға дейін рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.

6. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар және хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және кәсіпкерлік субъектісінің қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай немесе хабарлама жібермей жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.

110-бап. Өтініш берушілер. Өтініш берушілердің құқықтары

1. Лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген мынадай кәсіпкерлік субъектілері өтініш берушілер бола алады:

дара кәсіпкер;

заңды тұлға;

заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;

лицензиат;

екінші санаттағы рұқсатты иеленуші.

2. Өтініш берушілердің:

1) рұқсаттар және хабарламалар туралы толық және анық ақпарат алуға;

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 6-тармағынан қараңыз.

2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының ережелерін ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу немесе хабарлама жіберу үшін өтініштің электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға, сондай-ақ берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, оралмандар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсаттар алады және хабарламалар жібереді.

111-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері

1. Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген лиензиарлар мен органдар рұқсат беру органдары болып табылады.

2. Рұқсат беру органдарының өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сұрау салумен жүгінуге құқығы бар.

3. Рұқсат беру органдары:

1) осы Кодекске және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруға;

2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсаттар алуы кезінде олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;

3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беруге;

РҚАО-ның ескертпесі!



4) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 7-тармағынан қараңыз.

4) мемлекеттік органдарға және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге;

5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолдануға;

6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толықтырылып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етуге;

7) Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға жазбаша келісімін алуға, оның ішінде электрондық құжат нысанында алуға міндетті.

112-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламаларды электрондық нысанда жүзеге асыру

1. Лицензиялау және хабарламалар жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.

2. Өтініш беру, рұқсаттар және (немесе) рұқсатқа қосымшалар беру тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

3. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.

Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.

10-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

113-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге, сәйкестікті растауға, аккредиттеуге, бақылауға қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау болып табылады.

114-бап. Техникалық реттеу объектілері

Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.

115-бап. Техникалық реттеу субъектілері

Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.

11-тарау. БАҒАЛАР МЕН ТАРИФТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.

3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;

2) табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;

3) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

4) реттелетін нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;

5) трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын, халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;

6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге;

7) тағамдық және тағамдық емес шикізаттан жасалған этил спиртіне және алкоголь өніміне (сырадан басқа) ең төмен бағаларды белгілеуге;

8) фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;

9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;

10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуге;

11) мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;

12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;

13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттейді.

Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етiлетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шектерде ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн, бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып табылады.

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары деп танылады.

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге шарттар жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болады.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

118-бап. Табиғи монополия саласында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу

РҚАО-ның ескертпесі!



1-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 8-тармағынан қараңыз.

1. Табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 8-тармағынан қараңыз.

2. Табиғи монополия субъектісінің реттелетін тауарларына, жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтеріне табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар, алымдар мөшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.

3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.

Табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып табылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

119-баптың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 9-тармағынан қараңыз.


жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау