«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет93/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   213

1 бәсеке бойынша тексеріс

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңның 1 және 4 бб. Ұсынылатын өзгерістерге сәйкестікке келтіру мақсатында.




8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары



4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.



8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары



4. Алынып тасталсын.


Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Жоба шағын өлшемді кемені техникалық қадағалауды алып тастауды көздейді, «палубалық шағын өлшемді кемелерді» есептемегенде.

Бұл жағдайда палубалық шағын өлшемді кемелердің техникалық куәландыруын жіктеу және жүргізу ережелерін бекіту бойынша уәкілетті органның құзыреті бекітіледі.

Осыған байланысты, бұл норма қайта қарауды қажет етеді.




8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары



5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеруді жүргізу арқылы жүзеге асырады.



8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

5. Алынып тасталсын.


Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Шағын өлшемді кемені техникалық қадағалауды алып тастауға байланысты.




39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi

 2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:





8) кемелердi портқа кiрерде және порт айдынының шегiнде мұзжарғыштардың iлестiрiп өтуiне бақылау жасауды және қадағалауды;



39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi

 2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:





8) Алынып тасталсын;


Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Қазіргі таңда Қазақстанда мұзжарғыш кемелерді өткізу жолдарының болмауына байланысты, бақылау және қадағалау бойынша функцияларды алып тастауға ұсыныс жасалады.




39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi

 2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:





14) өртке қарсы бақылау жасауды;



39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi

 2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:





14) Алынып тасталсын;


Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Функцияның қайталануы, себебі кемежайлардағы өртке қарсы бақылау функциясын ТЖД жүзеге асырады.




43-1-бап. Жоқ

43-1 бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне барып, мемлекеттік профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

1. Бақылау және қадағалау субъектісіне барғанда уәкілетті органның лауазымды тұлғалары мыналарды көрсетуге міндетті:

1) қызметтік куәлік;

2) қажет болған жағдайда құзыретті органның режимдік объектілерге бару рұқсаты;

2. Бақылау және қадағалау субъектілерінің уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (тұлғалары) барған жағдайда:

1) лауазымды тұлғалардың баратын бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін бару нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін беруге;

3) бару нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі соғуға;

4) объектіге бару үшін келген тұлғалардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес әсер етудің зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Лауазымды тұлғаның кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, баруды жүзеге асыратын лауазымды тұлға және бақылау және қадағалау субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қоятын хаттама жасалады.

4. Бару бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

5. Бақылау субъектісінің қатысу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауы тиіс.

6. Бақылау субъектісінің қатысу нәтижесі бойынша уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен қатысу нәтижелері туралы үш данада бақылау субъектісінің міндетті түсіндіруімен және қатысу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою тәртібін қадағалау туралы акті жасалады.

Қатысу нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:



  1. күні, мерізімі, акті жасалған орын;

2) бақылау органының атауы;

3) қатысуды жүргізген, құжатта куәландырылған лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты;

4) қатысқан бақылау және қадағадау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер куәландырылған құжатта көрсетілген болса) немесе қатысуда болған заңды тұлға;

5) күні, орны және қатысу кезеңі;

6) қатысу нәтижелері туралы мәлімет, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы;

7) бақылау және қадағалауға қатысқан өкілдің актілерімен танысу немесе бас тарту туралы мәліметтер, сонымен бірге қатысу кезінде болған тұлғалар, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;

8) қатысу жүргізген уәкілетті органның лауазымды тұлғасының (тұлғаларының) қолы.

7. Қатысу нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы не болмаса олардың өкілдері оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар қатысу нәтижелері туралы актіге қоса тіркеледі, ол бойынша сәйкес белгі жасалады.

8. Қатысу нәтижелері туралы актінің бір данасы жеке тұлғаға немесе заңды тұлға басшысына не болмаса олардың өкілдеріне танысу үшін және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға тапсырылады.

9. Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы талаптарының бұзылуын жою мақсатында бақылау субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаусыз анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқау (одан әрі нұсқау) енгізіледі.

10. Анықталған қатысу нәтижелері бойывнша бақылау және қадағалау субъектісі нұсқауды алған сәттен отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.

11. Уәкілетті органнның лауазымды тұлғалары қатысу және тексерілетін субъектілерді тексеруді есепке алу кітабында (болған жағдайда) тегін және актіде баяндалған деректерді көрсетумен жүргізілген әрекеттер туралы жазбаша жүргізуге міндетті.

12. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген, қатысу нәтижелері бойынша бұзушылықтар жоқ болған жағдайда, қатысу нәтижелері туралы актіде сәйкес жазба жүргізіледі, ұйғарым берілмейді.

13. Бақылау субъектісінің қатысу кезінде алдын ала хабарлама және құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша уәкілетті органға тіркелу талап етілмейді.




жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау