|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеРұқсат етілген жүйе Түзету квазимемлекеттік секторы мен рұқсат етілген монополистілерін реттеуі мақсатында енгізілген
|
бет | 176/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
| Рұқсат етілген жүйе
|
17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер
…
6. Осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда рұқсаттардың және хабарламалардың толық тізбесі көзделеді.
7. Рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта бастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
8. Жоқ.
|
17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер
…
6. Осы Заңға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда рұқсаттардың және хабарламалардың толық тізбесі көзделеді.
Сонымен қатар осы Заңның 5 қосымшасында рұқсаттар алу барысында міндетті, мемлекеттік органдардың ілеспе әрекеттерінің толық тізілімі берілген.
7. Рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта бастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдардың басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
8. Квазирұқсаттарға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта бастау және басқа да әрекеттерді жүзеге асыру осы Заңмен реттеледі.
| Рұқсат етілген жүйе Түзету квазимемлекеттік секторы мен рұқсат етілген монополистілерін реттеуі мақсатында енгізілген |
|
18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі тиісті рұқсатты немесе хабарламаны осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана енгізіледі.
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге ти.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
…
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас тартылғанға дейін рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.
6. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.
|
18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі тиісті рұқсатты немесе хабарламаны осы Заңға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана енгізіледі, сонымен қатар осы Заңның 5 қосымшасында көзделген, тізімге мемлекеттік органның ілеспе әрекеті енгізіледі.
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге ти.
Алынып тасталсын.
…
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас тартылғанға дейін рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың қолданылуы қаржылық ресурстар концентрациясымен байланысты қаржылық салада және қызметте қызметке берілетін рұқсаттарға, сонымен қатар табиғи монополиялар субъектілеріне және квазимемлекеттік кәсіпорындарға берілетін рұқсаттарға таралады.
6. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою осы Заңға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.
| Рұқсат етілген жүйе Түзету квазимемлекеттік секторы мен рұқсат етілген монополистілерін реттеуі мақсатында енгізілген |
|
18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
…
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
|
18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
…
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Алынып тасталсын.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|