80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:
1) клиенттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерiн көрсетедi;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмiлелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр жағынан депонент және екiншi жағынан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарында есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi
5) алып тасталды
6) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады немесе клиринг ұйымдарына және (немесе) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттарда және тәртіппен қызметтер көрсетеді.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
1) орталық депозитарийдің клиенттері арасында есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;
2) қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;
3) клиентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.
4) алып тасталды
2-1. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясынсыз қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн және бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргiзудi уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
4. Орталық депозитарий қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және iшкi құжаттарда - орталық депозитарийдiң ережелер жинағында белгiленедi
5. Жоқ
6. Жоқ
7. Жоқ
8. Жоқ
|
80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:
1) депоненттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерiн көрсетедi;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмiлелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр жағынан депонент және екiншi жағынан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарында есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi.
5) алып тасталды
6) алынып тасталсын.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
1) заңды тұлғалардың банк шоттарын ашы және енгізу;
2) жеке тұлғалардың банк шоттарын ашы және енгізу;
3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коррепонденттік банк шоттарын ашу және енгізу;
4) операциялар жүргізу: ақша төлемдері және аударымдары бойынша жеке және заңды тьұлғалардың тапсырмаларын орындау;
5) басқа да банктік операциялар.
Орталық депозитарийде осы тармақтың 4 тармақшасында берілген қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда, орталық депозитарий қаржы құралдарын және (немесе) олар бойынша табыс төлемдерін жүзеге асыруға құқығы бар.
2-1. Алынып тасталсын
3. Орталық депозитарий қаржылық құралдарымен келісімдері бойынша клирингті әрекетін іске асырады немесе орталық депозитарий ережелерінің жинағы мен уәкілетті органының нормативті құқықтық актісімен орнатылған тәртібінде және шарттарында құнды қағаздарының ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығның орталық контрагенті мен (немесе) клирингті ұйымдарына қызметін көрсетеді.
3-1. Алынып тасталсын.
4. Орталық депозитарий құнды қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметтерді жүзеге асыру процесінде:
1) құнды қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесін сақтау, жүргізу және қалыптастыру;
2) тіркелген тұлғаға құнды қағаздарды ұстаушылар реестрінің жүйесінде дербес шотын ашуы;
3) тіркелген тұлғаның дербес шоты бойынша құнды қағаздарымен келісімдерін тіркеу;
4) тіркелген тұлғаның құнды қағаздары бойынша құқықтарын растауы;
5) өзекті жағдайында қнды қағаздарды ұстаушыларының реестрі жүйесін қолдау;
6) уәкілетті органымен тіркелген саны, құнды қағаздардың қайталама нарығында айналымда болған құнды қағаздар санының сәйкесі үшін бақылауын іске асыруы;
7) орталық депозитарий ережелерінің жинағымен анықталған, мәселелер тізімі бойынша құнды қағаздарының ұстаушыларын ақпараттандыруы;
8) эмитеттің сұранымы негізінде, құнды қағаздарды ұстаушылары реестрінің жүйесін құрайтын ақпаратты оған ұсынуы;
9) осы Заңның 43-бабы 3-тармағымен сәйкес, құнды қағаздарды ұстаушыларының реестрі жүйесін құрайтын мәліметтерді алуына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сәйкес құқығымен иеленген мемлекеттік органымен ақпаратты ұсынуы;
10) қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары мен осы заңымен сәйкес басқа да функциялары.
5. Құнды қағаздарды ұстаушыларының реестрі жүйесін жүргізуі бойынша қызметін іске асыру тәртібі орталық депозитарий ережелерінің жинағы мен уәкілетті органының нормативті құқықтық актілерімен орнатылады.
6. құнды қағаздарды сатуының ұйымдастырылуы бойынша және басқа да қаржылық құралдарын ұйымдастыруы бойынша қызметі щеңберінде орталық депозитарий келесі функцияларды іске асырады:
1) құнды қағаздарының биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдау және пайдалану;
2) құнды қағаздарының биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне өз клиенттеріне қол жетімділігін ұсынуы;
3) құнды қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында құнды қағаздар мен басқа да қаржылық құралдарымен келісімдерді жасасуы үшін орталық депозитарий клиеттері арасында құнды қағаздар мен басқа да қаржылық құралдарының баға белгілеуімен айырбастауын ұйымдастыруы;
4) орталық депозитарий клиенттері арасында құнды қағаздар мен қаржылық институттары арасында келісімдерді жасасуы туралы хабарламаларды айырбастауын ұйымдастыру;
5) орталық депозитарий ережелерінің жинағы мен уәкілетті органдарының нормативті құқықтық актілері, осы Заңмен көзделген басқа да функциялары.
7. Орталық депозитарий орталық депозитарий ережелерінің жинағы мен уәкілетті органдарының нормативті құқықтық актілерімен орнатылған тәртібінде, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған құнды қағаздар нарығында жасасылған, өндірістік қаржылық құралдарымен келісімдер реестрінің жүйесін жүргізу және қалыптастыруын іске асырады.
8. Орталық депозитарий қаржылық нарығының әрекетіне тиесілі емес, кәсіпкерлік қызметін іске асыруға құқылы емес.
Орталық депозитарий қызметін іске асыру шарттары мен тәртібі осы Заңмен, орталық депозитарий ережелерінің жинағы мен уәкілетті органдарының нормативті құқықтық актілерімен орнатылады.
|