«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі



жүктеу 14,34 Mb.
бет113/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   213

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

Облигацияларды өтеу нәтижелерін уәкілетті органына ұсыну шарттары және тәртібін оңтайландыруы мақсатында.




32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары

2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай:



5) ұстаушылардың исламдық жалдау сертификаттарына қоғам тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан меншiк құқығын растайтын үзiндi көшірмелерді алу құқықтарын;



32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары

2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай:



5) ұстаушылардың исламдық жалдау сертификаттарына қоғам орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан меншiк құқығын растайтын үзiндi көшірмелерді алу құқықтарын;


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

Орталық депозитарийге бірыңғай тіркеуіштің функцияларын тапсыруымен және орталық депозитарийіне бірыңғай тіркеуішті қосуымен байланысты. Құнды қағаздар нарығы туралы Заңының 64-1-б. бойынша түзетулерге түсініктерін қараңыз.




36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тіркелуге жатады.

      Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда, номиналды ұстаушылар болып табылмайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар тараптары болып табылатын ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.

      Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеледі.

      Жасалуы нәтижесінде эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды ұстауға (номиналды ұстаудан) ауыстырылатын эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.

      1-1. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөнінде талап ету құқықтарын беруді тіркеуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырады.

      2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрығы негізінде біржақты мәмілені тіркеген жағдайда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен мәмілелері тіркелген жағдайда, тіркеуші оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу:

      1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді;

      2) бұйрықтың тіркелуін;

      3) бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;

      4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде онда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруды;

      5) клиентке оның бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.

      3. Бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде тіркеуші клиентті бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      Егер осы мәмілені тіркеу үшін табыс етілген құжаттар осы Заңның және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) тіркеушінің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмесе, тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.

      4. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу депоненттердің немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге арналған тиісті бұйрықтарының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      Депонент бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің бұйрығы негізінде ресімдейді.

      Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.

      Әртүрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеу номиналды ұстаушылардың есепке алу жүйесінде кейіннен көрсетіле отырып, олардың жеке шоттары бойынша орталық депозитарийде жүзеге асырылады.

      5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      6. Бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгертілуін немесе тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші (номиналды ұстаушы) сот шешімі бойынша жүзеге асырады және орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелер қамтылған атқарушылық парақтың негізінде көрсетеді.

      7. Орталық депозитарий, тіркеуші, номиналды ұстаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша жазбаларды дербес енгізуге құқылы емес.

      8. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде) ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар санын өзіндік есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      9. Тіркеушінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттар бойынша жазбалар енгізуіне негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіру құжаттарын қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиіс.

      10. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты есепке алу ерекшеліктері және құқықтарды растау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      11. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізу кезінде олардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.



36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеу.

1.Эмиссиялық бағалы қағаздармен келісімдер, сонымен бірге эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер бойынша талап құқықтарынан шегіну уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орталық депозитарийді есепке алу жүйесіне және орталық депозитарийдің ережелер жинағына жатады.

2. Келісімдерді тіркеудің бір атаулы иелерінің клиенттері арасында келісімдер мен бағалы қағаздармен операциялар жасау атаулы иелермен жүзеге асырылады және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі.

Келісім жасау кезінде әртүрлі атаулы иелердің клиенттері арасында келісімдерді тіркеу және бағалы қағаздармен операциялар жасау орталық депозитарийде, олардың дербес шоттары бойынша атаулы иелерді есепке алу жүйесі кезекті түрде көрсете отырып жүзеге асырылады.

Осы бөліммен белгіленген тәртіпте, атаулы иелер жүйесінде тіркелген келісім, орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсеткен сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған эмиссиялы бағалы қағаздармен келісімді тіркеу тәртібі, орталық депазитрарий ережелер жинағымен және қор бижасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

4. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде эмиссиялы бағалы қағаздармен келісімдер тіркеуге мыналар енгізіледі:

1) бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеуге бұйрық берген тұлғалардың уәкілеттілігін тексеру және аталған бұйрық түрлерінің белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

2) бағалы қағаздармен келісімді тіркеуге бұйрықты тіркеу;

3) бағалы қағаздармен келісімді тіркеу бұйрығында көрсетілген әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеру;

4) оны орындаудан бас тарту үшін негіздеме болған жағдайда, бағалы қағаздармен келісімді тіркеу бұйрығында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру,

5) бағалы қағаздармен келісімді тіркеуде оның бұйрығын орындау туралы клиентке есеп жіберу.

5. Бағалы қағаздармен келісімді тіркеу бұйрығын орындаудан бас тартуға негіз болған жағдайда, орталық депозитарий бағалы қағаздармен келісімді тіркеуге бұйрық берген тұлғаға бас тарту негіздері туралы хабардар етуге міндетті.

Орталық депозитарий, егер осы келісімді тіркеу үшін ұсынылған құжаттар, уәкілетті органның және (немесе) нормативтік құқықтық акті талаптары мен орталық депозитарий ережелер жиынына сәйкес келмесе, орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде эмиссиялы бағалы қағаздармен келісімді тіркеуден бас тартуға міндетті.

6. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде, атаулы иеленуге берілген эмиссиялы бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеу депоненттер немесе сауданы ұйымдастырушылардың бағалы қағаздар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құжаттармен тіркеуге сәйкес бұйрықтар негізінде жүзеге асырылады.

Депонент орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде келісімді тіркеуге бұйрықты депонент клиентінің бұйрығы негізінде рәсімдейді.

7. Өзгерістерді тіркеу немесе сот шешішімен бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, барлық қажетті деректемелерден тұратын орындау парағы негізінде (атаулы иелер), орталық парақта жазылатын, заңды фактіні белгілеу туралы өтініш бойынша сот шешімін қоспағанда, орталық депозитариймен жүзеге асырылады.

8. Бағалы қағаздармен келісімді тіркеу бұйрығын орындау, егер Қазақстан Республикасы заңнамасы және (немесе) орталық депозитарийдің ережелер жинағымен бұйрықты орындаудың басқа мерзімі көзделмесе, үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарсы бұйрық алу кезінде, орталық депозитариймен жүзеге асырылады.

9. Орталық депозитарий, атаулы иелер, Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен негіздемелер болмаған жағдайда, тіркелген тұлғалардың дербес шоттары (субшоттар) бойынша жазбаларды өз бетінше енгізуге құқы жоқ.

10. Дербес шоттар (субшоттар) бойынша жазбаларды енгізу үшін негіздеме болып саналатын құжаттар (сәйкестендіретін тіркелген тұлғалардың құжаттарын есепке алмағанда), бес жыл ішінде сақтауға жатады.

11. Шетелдің бағалы қағаздарына немесе Заңныцң 59-бабы, 1-бөлімінде белгіленген қызметтерді жүзеге асыратын шет елдік ұйымдарға қатысты құқықтарды растау және есеп ерекшеліктері, уәкілетті органның нормативті құқықтық актілермен белгіленеді.

12. Мемлекеттік эмиссиялы бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері, сонымен бірге банктердің бағалы қағаздары бойынша олармен қосылу түрінде қайта ұйымдастыру кезінде, егер қайта құратын банктердің бірі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілуге қатысты банк болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау