Кепілдік берілген өтемді төлеудің басталған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыру жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Агент банк (немесе Ұлттық пошта операторы) кепілдік берілген өтемді агент банк (немесе Ұлттық пошта операторы) арқылы кепілдік берілген өтемнің төленгендігі туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.
Депозитор кепілдік берілген өтемнің төленгендігі туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде агент банк (немесе Ұлттық пошта операторы) арқылы өзіне кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жазбаша өтініш беруге құқылы. Кепілдік берілген өтемді агент банк (немесе Ұлттық пошта операторы) депозитор жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жүргізеді.
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған жағдайда агент банк кепілдік берілген өтемді құжаттар агент банкке келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
4. Кепілдік берілген өтемді агент банк арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.
5. Егер барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепілдік беруші болса, кепілдік берілген өтемнің мөлшері кепілдік берілген депозит сомасы мен аталған қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасын есепке алу нәтижелері бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып, қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған күнінде айқындалады.
|
Проблемалық банк салымшыларының кепілдік берілетін салымдарға тез қол жеткізуі мақсатында.
|
|
23-бап
бірінші бөлік
екінші бөлік
|
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органнан жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен келiсім бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
|
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсім бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банктi барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.
Проблемалық банк салымшыларының кепілдік берілетін салымдарға тез қол жеткізуі мақсатында.
|
|