2. Уәкілетті органның қызметшілері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға;
2) уәкілетті органның актісінде айқындалған тәртіппен ант беруге;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
4) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
5) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде алған, жеке тұлғалардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;
Достарыңызбен бөлісу: |