14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады
Достарыңызбен бөлісу: |