51-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепке алу және есептiлiк
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ уәкiлеттi органға:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражаты бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi бөлек-бөлек ұсынады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ меншікті қаражаты мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға бөлек-бөлек ұсынады.
|
51-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепке алу және есептiлiк
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражаты бойынша қаржылық және өзге де есептілікті, бастапқы статистикалық деректердi бөлек-бөлек ұсынады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ меншікті қаражаты мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi бойынша қаржылық және өзге де есептілікті, бастапқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бөлек-бөлек ұсынады.
|
ҚР Ұлттық Банкіне қаржы ұйымдары және олардың үлестес тұлғалары, сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымдар, кредиттік бюролар, микроқаржы ұйымдар және коллекторлық агенттіктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындау өкілеттігін беру
|
|
57-бап
2-тармақ
бірінші бөлік
екінші бөлік
үшінші бөлік
|
57-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясы
1. …
…
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
|