1) тармақша бойынша – редакциялық нақтылау
7) тармақша бойынша – осы бөліктің 10) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актінің аясында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін реттеуге байланысты.
10), 11), 12) және 13) тармақшалар бойынша – редакциялық нақтылау
Ұлттық Банк туралы Заңның 15-бабының екінші бөлігінің 31), 32, 33), 36) 37), 67), 78) тармақшалары бойынша - аталған актілерді оларда нормалар мен құқықтардың болмауы себепті осы баптың үшінші бөлігіне көшіруге байланысты.
Ұлттық Банк туралы Заңның 15-бабының екінші бөлігінің 34) тармақшасы бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары ішкі рәсімдерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк бөлімшелерінің өзара іс-қимылын айқындайды, сондай-ақ онда құқық нормалары жоқ және нормативтік құқықтық акті болып табылмайды. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өкілеттігінен алып тастау ұсынылады.
51) және 52-4) тармақшалар бойынша – төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді ДСҰ шеңберінде қазақстандық қаржы нарығына рұқсат берілетін шетелдік банктердің филиалдарына қолдану мақсатында редакцияны нақтылау
Бұл норма 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
48), 53), 55), 58), 66), 68-1), 79), 81), 83), 84), 86), 86-1), 86-2), 86-3) тармақшалар бойынша - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.
51), 52-4), 68) тармақшалар бойынша – төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді ДСҰ шеңберінде қазақстандық қаржы нарығына рұқсат берілетін шетелдік банктердің филиалдарына қолдану мақсатында редакцияны нақтылау
Бұл норма 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
56) тармақша бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің реттеуші, бақылау және қадағалау функцияларының болмауына байланысты
65), 69) тармақшалар бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қаржы ұйымдарының және олардың үлестес тұлғаларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың, кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің есептілік тiзбесiн, нысандарын, оны ұсыну мерзімдерін және тәртібін белгілеу бойынша өкілеттіктер беруге байланысты
65-1) тармақша бойынша - осы бөліктің 65) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актінің аясында коллекторлық агенттіктердің есептілік ұсыну мәселелерін реттеуге байланысты.
68) тармақша бойынша – нормативтік құқықтық актілерді ДСҰ шеңберінде қазақстандық қаржы нарығына рұқсат берілетін шетелдік банктердің филиалдарына қолдану мақсатында нақтылайтын редакция
Бұл норма 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында
8) тармақша бойынша - редакциясын нақтылау
18), 19), 19-1), 21-1), 21-2), 21-3) тармақшалар бойынша - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңның 15-бабының үшінші бөлігінің 23-2) - 23-8) тармақшалары бойынша - осы баптың екінші бөлігінен көшірілді;
|