Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар


-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi



жүктеу 1,32 Mb.
бет6/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#22631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi


      1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.

      2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған тұлға радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қоюды белгiленген тәртiппен жүргізеді.

      3. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.


903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
Алынып тасталсын

Рұқсат беру тәртібінің күші жойылуына байланысты алып тастау ұсынылуда

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі



120-бап

120-бап. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
1. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.

120-бап. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
1. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.

1-1. Мемлекеттік монополия субъектілері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің бағаларына сараптама жүргізу мерзімі хабарлама қарауға түскен сәттен бастап, күнтізбелік тоқсан күннен аспауы тиіс. Мемлекеттік монополияға субъектілері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің бағаларына сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік 120 күннен аспауы тиіс.

1-2. Монополияға қарсы орган хабарламаны қарау барысында мемлекеттік монополия субъектісінен қосымша мәліметтер және (немесе) шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды бес жұмыс күнінен кем емес мерзімдерде сұратуға құқылы.

1-3. Мемлекеттік монополия субъектілеріне тиісті қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде хабарламаны қарау мерзімі тоқтатылады.

1-4. Мемлекеттік монополия субъектілері қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін монополияға қарсы орган сараптама жүргізуді қайта бастайды. Сараптама жүргізуді қайта бастаған күннен бастап қарау мерзімі жалғастырылады.

Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінде монополияға қарсы органның мемлекеттік монополия субъектілерінің бағаларына сараптама жүргізуінің шекті мерзімдері нормативтік құқықтық реттелмейді.

Аталған факті мемлекеттік монополия субъектісі үшін қолайсыздық туғызады, сондай-ақ бағалардың уақытылы бекітілуіне бөгеуіл жасайтын сыбайлас жемқорлық факторы болып табылады.

Монополияға қарсы органның бағаларға сараптама жүргізуі үшін субъектілер өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес бағаның деңгейін растайтын, негiздейтін матреиалдарды қоса бере отырып, өткізу бағалары туралы ақпарат ұсынады.




193-бап

193-бап. Мемлекеттік монополия
Жоқ

193-бап. Мемлекеттік монополия

5-1. Тауарды өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.

Монополияға қарсы органның құқықтық актінің жобасын қарау мерзімі қарауға қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.





Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінде «негізгі қызмет түрлерімен технологиялық байланысты» ұғымы, олардың сипаттамалары, көрсетілетін қызметтерді осындайларға жатқызу өлшемшарттары мен тәртібі нормативтік құқықтық реттелмейді.

Мемлекеттік монополия субъектісінің қызметін жүзеге асыру үшін заңнамада «негізгі қызмет түрлерімен технологиялық байланысты» ұғымы мен тәртібі механизмін айқындаудың маңыздылығын назарға ала отырып, заңнамада мыналарды көрсету қажет деп есептейміз:



«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы



40-баптың 2-тармағы 2) тармақшасы

40-бап. Эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, эфирлiк және (немесе) кабельдiк хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез-келген нысанда пайдалануға және, мұндай рұқсат бергенi үшiн сыйақы алу құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқықтар берiледi.

     2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:

    2) жалпы жұрт назарына жеткiзу үшiн хабарды кәбiл арқылы хабарлауды немесе хабарды эфирге берудi;


40-бап. Эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, эфирлiк және (немесе) кабельдiк хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез-келген нысанда пайдалануға және, мұндай рұқсат бергенi үшiн сыйақы алу құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқықтар берiледi.

2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:



2) жалпы жұрт назарына жеткiзу үшiн хабарды кабель арқылы, оның ішінде кабельдік хабарлар таратудың басқа да ұйымдарына хабарлауды немесе хабарды эфирге берудi;

Бұл түзету таратылатын контентке құқық беру бөлігінде телерадиохабарын тарату операторларының қызметін реттеуге бағытталған.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңы



1-баптың

13) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

13) ресми хабарлама – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ақпарат иеленушінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беретін және (немесе) тарататын ақпараты;

«Ақпаратқа қол жеткізу» ҚРЗ сәйкес, ақпарат иеленуші болып мемлекеттік органдардан басқа, квазимемлекеттік мекемелер, мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдар және т.б. болып табылады



2-баптың 3 және 4 тармағы


2 бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы

3. Жол берілмейді



Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға.
4. Бұқаралық ақпарат құралын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

2 бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы

….

3. Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық және олар тектес заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға тыйым салынады.



4. Бұқаралық ақпарат құралдарын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға тыйым салынады.


Редакцияны нақтылау.
Тармақтардың мәтінінде кездесетін «жол берілмейді» сөзі «тыйым салынады» сөздерімен ауыстырылады, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкескестендіру мақсатында (Қылмыстық кодекс, Мемлекеттік құпиялар туралы Заңы) аталған нормаларды бұзған жағдайда қылмыстық жаза қарастырылады.




2-баптың

3-1-тармағы




2 бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы
Жоқ


2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы

.



3-1. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде құқыққа қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктен) нәтижесінде зардап шеккен бала туралы, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп және (немесе) жасаған деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандарды, баланың тегін, атын, әкесінің атын, оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің фото- және бейнесуретін, осындай баланың туған күнін, оның дауысының аудиожазбасын, оның тұрғылықты жерін, уақытша болатын жерін, оның оқу немесе жұмыс орнын қоса алғанда, осы Заңның 25-бабының 2-2-тармағының екінші абзацының 1-3 тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін басқа да ақпаратты таратуға тыйым салынады.


Аталмыш өзгеріс құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен бала құқығын қорғауға бағытталған




2-баптың

3-2-тармағы

2 бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы
Жоқ


2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы

.



3-2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайта шығару және тарату кезінде бұқаралық ақпарат құралдарына мынадай жағдайларда:

1) егер бұл адам мәдени-бұқаралық, мәдениет саласындағы мәдени маңызды, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингтерде, шерулер немесе демонстрацияларда және өзге де көпшілік алдында сөз сөйлеулерге қатысса;

2) егер таратылатын бұқаралық ақпараттарда қызметі жария сипаттағы тұлғалардың көрнекі шығармаларында қызметтік және (немесе) жария ақпарат туралы мәліметтерді қамтыса;

3) егер бейнеленетін адамды мемлекеттік және қоғамдық мүдделер үшін пайдалану жүзеге асырылса бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.



Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабында бекітілген алып тастауды анықтау мақсатында




2-1-бап.

Жоқ

«2-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің қағидаттары

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттары:

1) объективтілік;

2) заңдылық;

3) шынайылық;

4) әлеуметтік жауапкершілікті сақтау, қоғамдық мүдделерді нығайту;

5) азаматтардың жеке өмірін, ар-ожданын, қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады.»;


Бұл норма бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі принциптерін бекітуге және орнықтыруға бағытталған.



4-3-баптың

тақырыбы



4-3 Уәкілетті органның құзыреті

4-3 бап. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

Уәкілетті органның қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру функциясын жергілікті жерде аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.



4-3-баптың

12-1) тармақшасы



4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті




4-3 бап. Уәкілетті органның құзіреті …
12-1) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті бөлімшенің үлгілік ережесін бекітеді;

Уәкілетті бөлімшенің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметін регламенттеу мақсатында.



4-3-баптың

12-2) тармақшасы



4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті



4-3 бап. Уәкілетті органның құзіреті …
12-2) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті адамның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл тәртібін бекітеді;

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті бөлімшенің қызметін регламенттеу мақсатында



4-3-баптың

13-3) тармақшасы



4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті
13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті

13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;




БАҚ саласындағы уәкілетті органмен БАҚ қызметіне есеп және бақылау жүргізу функциясын іске асыруын оңтайландыру, сондай-ақ процедураларды оңайлату және БАҚ үшін пошталық байланыс арқылы міндетті тегін даналарын жіберуіне шығындарды азайту мақсатында әрекеттегі талаптардан уәкілетті органға, тек электрондық нұсқаларымен шектеліп, журналдар мен газеттердің қағаз даналарын жеткізуін шығарып тастау ұсынылады



4-3-бап

2-тармақпен толықтыру




4-3 Уәкілетті органның құзыреті

...
Жоқ



4-3 бап. Уәкілетті органның құзыреті.

...


2. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңы талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Уәкілетті органның жергілікті деңгейдегі іс жүзінде аумақтық бөлімшелер орындайтын бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында




4-5-бап

4-5-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңының орындалуын мемлекеттік бақылау
3. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңының орындалуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган тексерулер түрінде және басқа да формада жүзеге асырады.

4-5-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңының орындалуын мемлекеттік бақылау

3. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.




Уәкілетті органның жергілікті деңгейдегі іс жүзінде аумақтық бөлімшелер орындайтын бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында




5-баптың

1-тармағының үшінші абзацы



5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы

1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі.

Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.

Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады.

Бұл талаптар, ерікті тәртіппен есепке қойылған желілік басылымдарды қоспағанда, интернет-ресурстарға қолданылмайды.


5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы

1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі.



Бұқаралық ақпарат құралын жеке және (немесе) заңды тұлғалар құруы мүмкін және (немесе) заңды тұлға нысанында да, не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда да құрылуы мүмкiн.

Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады.



Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.

Интернет-ресурстарды желілік басылым ретінде есепке қюға қатысты қайшылықты жою және нақтылау мақсатында.

Бұрынырақта түзетулер енгізу барысында заңшығарушылар өзін отандық БАҚ ретінде көрсететін интернет-ресурстар есепке қою кезінде ерікті негізде толыққанды субьектілікке ие болып, классикалық БАҚ құқықтарына (газет, телеарна, радио, журналистерді тіркеу, ресми шараларға қатысу және басқалары) ие болатыны қарастырылған

Бұл ретте олар өздеріне БАҚ-тың бүкіл міндеттемелерін, соның ішінде пайдаланушы контентпен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан аумағында өзінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын орналастыру міндеттемелерін алатын.

Интернет-журналистиканың дербес БАҚ сияқты белсенді дамып келе жатқанын ескерсек, бұл түзетулер құқық мәдениетін және БАҚ меншік иелерінің жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ интернетте деанонимизация саясатын жүргізу үшін маңызды мәнге және әлеуетке ие.





10-баптың

1-тармағы





10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық  агенттікті және желілік басылымды есепке қою  немесе қайта есепке алу

1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады.

10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу

1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке қойылуға жатады.

Интернет-ресурсты желілік басылым ретінде есепке қою ерікті тәртіппен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру және заңнамалық қайшылықты алып тастау мақсатында




10-баптың 5-тармағын бесінші абзацпен толықтыру

10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық  агенттікті және желілік басылымды есепке қою  немесе қайта есепке алу

…..

жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау