Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу



жүктеу 5,57 Mb.
бет7/35
Дата25.11.2017
өлшемі5,57 Mb.
#1956
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

83-бап. Сарапшы

1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.

2. Сарапшыны шақыру, сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 32-тарауында, сондай-ақ 354-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Сарапшының:

1) сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;

3) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адам­дарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хатта­масымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға;

5) сараптама тағайындаған органның келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;

6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге;

7) сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;

8) сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыс­тарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

4. Сарапшы:



1) қылмыстық процесті жүргізуші органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;

3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

5. Сарапшы:



1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге;

2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;

3) осы Кодекстің 252-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізуші органға жіберуге;

4) жүргізілген зерттеуге және берілген қоры­тындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;

7) сараптама тағайындаған органға сараптама жүргізуге байланысты шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.

6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

7. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.»;

 

05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара); 2006.04.07. № 151-III (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 84-бап өзгертілді



84-бап. Маман

1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысу­шыларына өзінің арнайы құзыретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалау­да, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану­да жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы педагог те, сондай-ақ оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де iс жүргiзу процестерiне қатысушы дәрiгер де мамандар болып табылады.

2. Маманның: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдемдесу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшiн материалдарды дайындау кезiнде өзiнiң iс-әрекетiне байланысты мән-жайларға аударуға; салыстырма зерттеулерді қоспағанда, тергеу немесе сот әрекетiнiң шеңберiнде оның барысы мен нәтижелерiн осы Кодекстiң 203-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосылатын хаттамада не ресми құжатта көрсету арқылы iстiң материалдарына объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң көрсетiлуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуды, қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге; өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.

3. Маман: қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшін арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.

4. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

85-бап. Аудармашы

1. Аударма жасау үшiн қажет тiлдi меңгерген және сезiктi, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сонымен бiрге жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысуға тартылған iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.

3. Аудармашының: аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге» құқығы бар.

4. Аудармашы: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.

5. Аудармашы дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Қасақана дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауапқа тартылады.

6. Осы баптың ережелерi iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған, мылқау немесе саңырау адамдардың белгiлерiн түсiнетiн адамдарға қолданылады.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 86-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



86-бап. Куәгер

1. Қылмыстық iзге түсу органы осы Кодексте көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар куәгерлер болып табылады.

2. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан iс-әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi, iске мүдделi емес және қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелсiз кәмелеттiк жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады.

3. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.

4. Куәгердiң: тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу iс-әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзiне келтiрiлген шығындарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар.

5. Куәгер: қылмыстық iзге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысуға; осы iс-әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамасында өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.

6. Куәгер дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады.

87-бап. Сот отырысының хатшысы

1. Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.

2. Сот отырысының хатшысы: өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың iс-әрекетi мен шешiмiн, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтiнiштерiн, қарсылықтарын, жауаптарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетуге жататын басқа да жағдайларда толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленген мерзiмде дайындауға; төрағалық етушiнiң заңды өкiмiне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi.

3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiн дербес жауап бередi.

4. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi сот отырысының хаттамасына қасақана енгiзген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

88-бап. Сот приставы

1. Соттар қызметiнiң және сот шешiмдерiн орындаудың белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады.

2. Сот приставы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi, сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек көрсетедi, сот талқылауы кезiнде залдағы тәртiптi бақылап отырады, төрағалық етушiнiң өкiмiн орындайды және соттарда судьяларды, куәларды және басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды басқаның ықпалынан қорғайды, соттың iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзуiне жәрдемдеседi, сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келудi жүзеге асырады, өзiне заңмен жүктелген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

11-тарау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге



қатысудың мүмкіндігін жоққа

шығаратын жағдай. Қарсылық білдіру

89-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету туралы өтiнiштер. Қылмыстық процеске қатысудан босату

1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетiлуге мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық бiлдiретiнiн мәлiмдеуi тиiс.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретiнiң шегiнде iс бойынша iс жүргiзуден шеттету туралы мәлiмделген қарсылық бiлдiрулер мен өтiнiштердi шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиiстi қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша оны iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық бiлдiрулердi шешуге уәкiлеттi адамға қарсылық бiлдiрумен бiр уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделсе, онда бiрiншi кезекте осы адамға қарсылық бiлдiру туралы мәселе шешiледi.

3. Егер қылмыстық сот iсiн жүргiзуге бiр мезгiлде бiрнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарына байланысты жоққа шығарылатын жағдайда қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуден процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейiнiрек ие болған адам шеттетiлуi тиiс. Егер туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың құрамында болса, қылмыстық iс бойынша жүргiзуден шеттетiлуге төрағалық етушi таңдаған адам жатады.

4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы осы Кодексте көзделген қандай да болсын жағдайлармен жоққа шығарылмайтын сот отырысының хатшысын, сот приставын, аудармашыны, маманды, сарапшыны олардың сұрауы бойынша олардың өз iс жүргiзу функцияларын орындауына кедергі келтiретiн дәлелдi себептерiнiң болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процестi жүргiзушi орган босатады.

11.07.01 ж. № 238-II; 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 90-бап өзгертілді



90-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру

1. Егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iстi соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса;

2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған болса;

3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;

4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса;

5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса;

6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды.

2. Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысқан өзара тәуелдi адамдар кiре алмайды.

3. Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi екiншi сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiнде қарауға қатыса алмайды, сонымен бiрге үкiм тоқтатылған немесе оның қатысуымен iстi қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда iс бiрiншi немесе екiншi сатыдағы сотта жаңадан қаралғанда қатыса алмайды.

4. Екiншi сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья осы iстi бiрiншi сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiмен қарауға, сонымен бiрге оның қатысуымен қабылданған қаулы тоқтатылғаннан кейiн iс бiрiншi немесе екiншi сатыдағы сотта жаңадан қаралғанда қатыса алмайды.

5. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарауға қатысқан судья сол iс бiрiншi не екiншi сатыдағы соттарда қаралғанда қатыса алмайды.

6. Қарсылық білдіру - сот тергеуі басталғанға дейін, ал істі алқабилердің қатысуымен қараған жағдайда алқабилер алқасы құрылғанға дейін мәлімделуге тиіс.

7. Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi қаулы шығару арқылы кеңесу бөлмесiнде сот шешедi.

8. Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi, қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол, алайда, судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзiне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi толық құрамда көпшiлiк дауыспен сот шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады.

9. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы өтiнiштi шешетiн судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi осы судья қаулы шығара отырып жеке өзi шешедi. Iстi осы Кодекстiң 58-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес қарайтын судьяға мәлiмделген жеке-дара қарсылық бiлдiрудi сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы шешедi. Қарсылық бiлдiру туралы мәлiмдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық iс, шағым не өтiнiш белгiленген тәртiппен басқа судьяның iс жүргiзуiне берiледi.

10. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға (наразылық бiлдiрiлуге) жатпайды. Қаулыға келiспеушiлiк туралы дәлелдемелер апелляциялық немесе қадағалау шағымына енгiзiлуi мүмкiн.

91-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру

1. Прокурор осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

2. Прокурордың алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуге қатысуы, сонымен бiрдей оның сотта айыптауды қолдауы оның iске одан әрi қатысуына кедергi болып табылмайды.

3. Сотқа дейiнгi iс жүргiзу кезiнде прокурорға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi жоғары тұрған прокурор, ал сотта iс жүргiзу кезiнде iстi қараушы сот шешедi.

92-бап. Тергеушi мен анықтаушыға қарсылық бiлдiру

1. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген негiздер болған кезде тергеушi мен анықтаушы iстi тергеуге қатыса алмайды.

2. Осы қылмыстық iс бойынша бұрын жүргiзiлген тергеуге тергеушi мен анықтаушының тиiстi сапада қатысуы осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге олардың одан әрi қатысуын жоққа шығаратын жағдай болып табылмайды.

3. Тергеушiге немесе анықтаушыға қарсылық бiлдiрiлуi туралы мәселенi прокурор шешедi.

93-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру

1. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде куәгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органға жеке немесе қызметi бойынша кiрiптар болса, куәгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

3. Куәгердiң тергеу әрекеттерiн жүргiзуге оның алдында қатысуы, куәгерлердiң қандай да болсын бiреуiнiң қатысуы жүйелi сипат алған мән-жайларды қоспағанда, басқа тергеу әрекетiндегi осы iс бойынша iс жүргiзуге оның қатысуын жоққа шығармайды.

4. Куәгерге қарсылық бiлдiруде тергеу әрекетiн жүргiзушi адам шешедi.

94-бап. Сот отырысының хатшысы мен соттың приставына

қарсылық бiлдiру

1. Сот отырысының хатшысы мен соттың приставы:

1) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;

2) олардың құзыреттi еместiгi байқалса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

2. Адамның сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе соттың приставы ретiнде оның алдында қатысуы олардың сот отырысына тиiстi сапада одан әрi қатысуын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.

3. Сот отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық бiлдiру туралы мәселенi iстi қараушы сот шешедi.

95-бап. Аудармашы мен маманға қарсылық бiлдiру

1. Аудармашы мен маман:

1) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;

2) егер олардың құзыреттi еместiгi байқалса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

2. Адамның аудармашы немесе маман ретiнде оның алдында қатысуы олардың сот отырысына тиiстi сапада одан әрi қатысуын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.

3. Аудармашы мен маманға қарсылық бiлдiрiлуi туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргiзушi орган шешедi.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен ; 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 96-бап өзгертілді

96-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру

1. Сарапшы:

1) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;

2) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де байланыста болса немесе болып отырса;

3) егер ол нәтижесi қылмыстық iс бойынша iс қозғау немесе қылмыстық iзге түсудi бастау үшiн негiз болған тексеру немесе басқа да тексерiс әрекеттерiн жүргiзсе;

4) егер оның құзыреттi еместiгi байқалса;

5) егер ол iске, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маман ретiнде адамның мәйiтiн қарауға қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

1-1. Тірі адамға, сондай-ақ мәйітке сараптама жүргізуге сараптама тағайындалғанға дейін тиісті адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сарапшы ретінде қатыса алмайды.

2. Адамның осы іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайталап тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.

3. Сарапшыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргiзушi орган шешедi.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 97-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


жүктеу 5,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау