Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу



жүктеу 5,57 Mb.
бет20/35
Дата25.11.2017
өлшемі5,57 Mb.
#1956
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

286-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар

1. Анықтау барысында осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес қылмыстың оқиғасы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам, адамның кiнәлiлiгi, залалдың сипаты мен мөлшерi және iс бойынша мәнi бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайларды анықтау үшiн осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендердi қоспағанда, тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуi; қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамның сотталғандығы бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтамалар, оның жұмыс немесе оқу орнынан мiнездемелер, iс үшiн мәнi бар өзге де материалдар талап етiлуi; жәбiрленушiден, куәгерден сұрау салу жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Жәбiрленушi (куәгер) ауызша нысанда сұралынуы мүмкiн. Сұраудың нәтижелерi анықтамамен ресiмделедi, онда жәбiрленушiнiң (куәгердiң) тегi, аты, әкесiнiң аты, тұратын жерi немесе жұмыс орны, оның хабардар болу дәрежесi мен сипаты көрсетiледi. Сұрау салу барысында осы Кодекстiң 219-бабында көзделген тәртiппен дыбыс, бейне жазу және кинотүсiру қолданылуы мүмкiн. Сұрау салу кезiнде жәбiрленушiнiң (куәгердiң) осы Кодекстiң 100-бабында көзделген қауiпсiздiк шараларын қылмыстық iс жүргiзу барысында оған қолданудың орындылығы туралы пiкiрi анықталады.

4. Анықтаушы жәбiрленушiге (куәгерге) осы Кодекстiң 75 және 82-баптарында көзделген оның құқықтарын және анықтаушының тергеушiнiң немесе соттың шақыртуы бойынша жауап алу үшiн келуге мiндеттiлiгiн түсiндiредi және айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауаптылығы туралы қолхат алып ескертедi.

5. Жәбiрленушiге (куәгерге) сұрау салу туралы анықтама iстiң материалдарына қоса берiледi және анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде не сот талқылауы барысында одан жауап алу үшiн негiз болып табылады.

6. Жәбiрленушi (куәгер) ретiнде адамнан жауап алу, әдетте, белгiлi бiр жерден жол жүрiп кетуiне, мекен-жайын ауыстыруына байланысты, денсаулық жағдайы бойынша не өзге себептер бойынша ол қылмыстық iстi соттың талқылауына қатыса алмайды деп пайымдауға негiздер болған жағдайларда жүргiзiледi. Жеке айыптаушы болып табылатын жәбiрленушiден барлық жағдайда жауап алынуға тиiс.

7. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған адамнан сезiктi ретiнде жауап алынады.

287-бап. Айыптау хаттамасын жасау және iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға беру

1. Анықтаушы анықтау аяқталған соң айыптау хаттамасын жасайды, онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән-жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi.

2. Осы бапта белгiленген тәртiппен өзiне айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады.

3. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берiлген материалдарды зерделеп, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) хаттаманы бекiту және материалдарды сотқа жiберу үшiн прокурорға беру туралы;

2) хаттаманы бекiтуден бас тарту туралы.

4. Айыптау хаттамасы бекiтiлген соң iстiң барлық материалдары осы Кодекстiң 275-бабында көзделген тәртiппен айыпталушыға және оның қорғаушысына, ал тиiстi өтiнiш болған кезде жәбiрленушi мен оның өкiлiне де танысу үшiн ұсынылады. Аталған адамдардың iстiң материалдарымен танысқаны туралы, сондай-ақ олар берген өтiнiштер мен оларды қараудың нәтижелерi туралы айыптау хаттамасына тиiстi жазбалар жасалады.

5. Анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасы iстiң материалдарымен бiрге сотқа жiберу үшiн прокурорға берiледi. Айыптау хаттамасының көшiрмесiн анықтау органы айыпталушыға табыс етедi.

6. Егер iс азаматтардың, лауазымды адамдардың немесе ұйымдардың өтiнiшi немесе хабарлауы бойынша қозғалған болса, олар анықтаудың аяқталғаны және iстiң сотқа жiберу үшiн прокурорға берiлгенi туралы хабарландырылады.

7. Айыпталушыға қатысты iстi сотқа жiберу кезiнде осы Кодекстiң 18 және 19-тарауларының ережелерi бойынша бұлтартпау шарасы немесе мәжбүрлi iс жүргiзудiң басқа шарасы таңдап алынуы мүмкiн.

ҚР 22.02.02 ж. № 296-II Заңымен 288-бап өзгертілді

288-бап. Алдын ала тергеу жүргiзу

1. Осы Кодекстiң 285-бабының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, жетiншi-бір, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, егер оларды жасады деп сезiк келтiрiлген адам белгiсiз болса немесе егер оларды кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене не психикалық кемшiлiктерiне байланысты өзiн қорғау құқығын өзi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болады.

2. Анықтау органының бастығы осы Кодекстiң 285-бабының үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмде iстiң мән-жайларының жан-жақты және толық зерттелуiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда да алдын ала тергеу жүргiзудi тағайындауға құқылы.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда алдын ала тергеудi осы Кодекстiң 65-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4-тармағымен белгiленген өз құзыретiне сәйкес анықтау органдары жүргiзедi.

4. Осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген алдын ала тергеу мерзiмi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.

289-бап. Прокурордың анықтауды қадағалау жөнiндегi өкiлеттiктерi

Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiктерге ие болады, бұдан басқа ол:

1) айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық iстi сотқа жiберуге;

2) анықтау жүргiзiлетiн қылмыстық iстi алдын ала тергеу жүргiзуге жiберуге;

3) анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасының күшiн жоюға және осы Кодексте көзделген негiздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы.

7-бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу

38-тарау. Қылмыстық істердің соттылығы

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 290-бап өзгертілді ; 2005.30.12  № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 64-IV ҚР Занымен (бұр.ред.қара) 290-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  290-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

290-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

2. Мамандандырылған соттардың соттауына жатқы­зылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады.

3. Аудандық және оларға теңестірілген соттар қыл­мыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтаушының, анық­тау органының, тергеушінің, жедел-іздестіру қызме­тінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімдерін ұзартуға санкция береді.



4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына жасалған шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

 

2008.05.07 № 64-IV ҚР Занымен 290-1-баппен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 290-1-бап өзгертілді



290-1-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына жатқызылған қылмыстық істер

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына:

1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизон­ның әскери сотының соттауына жатқызылған істерді қоспа­ғанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103 (екінші бөлігінің л) тармағында), 104 (екінші бөлігінің з) тармағында), және үшінші бөлігінің в) тармағында), 122, 124, 131, 132, 132-1, 133 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 134, 135-баптарында, 136-бабында (бірінші бөлігінде), 137, 138, 139-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатқызылады.

Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  290-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



290-2-бап. Қылмыстық істер жөніндегі маманданды­рыл­ған ауданаралық соттың соттауына жататын  қылмыстық істер

1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ау­да­наралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.

3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.

4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  290-3-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

290-3-бап. Қылмыстық істер жөніндегі маманданды­рылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттауына жататын қылмыстық істер

1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;

2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.

3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттауына:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;

2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.

4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімдерді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша, прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.



 

11.07.01 ж. № 238-II; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 175-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 291-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  291-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



291-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер

1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляция­лық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмаған­дардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық соттардың судьясы істі жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.

3. Облыстық және оған теңестірілген сот қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың істі алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына, сондай-ақ, осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, облыстық және оған теңестірілген соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.

4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қыл­мыстық процестің сотқа дейінгі сатысында аудандық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық қудалау орга­нының әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды апелляциялық тәртіппен қараған кезде, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімін ұзартуға санкция беру туралы мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды қарайды.

5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оған теңес­тірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағым­дарды, наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарайды.

6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттар прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  291-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

291-1-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау

Қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруына шалдыққан адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен  292-бап өзгертілді ; 2005.30.12  № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 292-бап жаңа редакцияда



292-бап. Жоғарғы Соттың соттауына жататын қылмыстық істер

1. Жоғарғы Сот қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет етіп, мыналарға:

1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қыл­мыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданара­лық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандан­ды­рылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толма­ғандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;

2) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;

3) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді кассациялық тәртіппен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енген қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді қарайды.

2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Жоғарғы Сот алқасының қаулыларына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша істерді қарайды.

3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Жоғарғы Сот прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымдарды қарайды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 293-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



293-бап. Әскери соттың соттауына жататын істер

1. Әскери сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қыл­мыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданара­лық әскери соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қау­лыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.

3. Әскери сот қылмыстық істер жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық әскери соттардың істерді алқаби­лердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне ен­беген үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ осы Кодекс­тің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, Әскери соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.

4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Әскери сот өзінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

 

294-бап. Қылмыстық iстердiң аумақтық сот қарауына жатуы



1. Қылмыстық iс қылмыс жасалған жердегi сотта қаралуға тиiс.

2. Егер қылмыс бiр соттың қызмет жасайтын жерiнде басталып, басқа соттың қызмет жасайтын жерiнде аяқталса, iс тергеу аяқталған жердегi сотта қаралады.

3. Егер қылмыс Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыс жасалған жердi анықтау мүмкiн болмаса, немесе қылмыстар әртүрлi жерде жасалса, iстi тергеу аяқталған жердегi сот қарайды.

 

2008.05.07. № 64-IV ҚР Заңымен 295-бап үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 295-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

295-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты белгілеу

Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстар жасағаны үшін айыптау кезінде, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, істі қыл­мыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 290-3-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.

Аса ауыр қылмыстар санатына жатпайтын қылмыс бірге қатысумен жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару мүмкін болмаған кезде істерді:

егер бірге қатысушылар арасында әскери қызметші бол­маса, бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі кәмелетке толмаған болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;

бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі әскери қызметші немесе осы Кодекстің 290-3-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген басқа тұлға болып табылатын істерді гарнизонның әскери соты қарайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 296-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



жүктеу 5,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау