Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



жүктеу 479 Kb.
бет3/6
Дата09.01.2020
өлшемі479 Kb.
#26130
1   2   3   4   5   6

Күкiрт қышқылы

      Әлемдiк күкiрт өнеркәсiбi әлi күнге дейiн екi сектордан тұрады: дискрециялық (табиғи күкiрт пен кольчедандарды өндiру) және дискрециялық емес (күкiрттi қалпына келтiру және қосалқы күкiрт қышқылын алу). Күкiрттiң жалпы өнiдiрiсiнiң көлемiндегi дискрециялық бөлiктiң үлесi кемiнде 10% құрайды. Оттектi ортада әдетте күйдiрiлiп босатылатын күкiрттен металдарды алу кезiнде күкiрт диоксидi құралады. Сульфидтi кендерден басқа сульфат түрiнде де көптеген күкiрт кездеседi, мысалы, кальций сульфаты (гипс), барий сульфаты) (барит). Қазақстанда күкiрт қышқылын өндiру үшiн шикiзат Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарының («Қазақмыс» АҚ), Өскемен және Шымкент қорғасын-мырыш комбинаттарының («Қазмырыш» АҚ) қалдық газдары болып табылады. Күкiрт қышқылын бағасына оның тұтынушыға дейiн жеткiзетiн тасымал шығындары барынша әсер етедi.


      Қазiргi кезде Қазақстандағы күкiрт қышқылының өндiрiсi жылына шамамен 1 млн. тоннаны құрайды және уран кендерiн жерасты сiлтiлеу үшiн тыңайтқыштар мен басқа да өнiмдердi өндiру үшiн жылына 1 млн. тоннадан астам тұтынылады.
      Қазiргi таңда, мұнайды өңдеу және алу кезiнде өндiрiс қалдығы болып пайда болатын күкiрттi, өндiрiс технологиясында пайдалану арқылы күкiрт қышқылын өндiрудiң бiрқатар жобалары талқылануда.
      Мемлекеттiк теңгерiмi тарапынан Батыс Қазақстанда орналасқан Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынның аумағындағы 28 мұнай-газ-конденсатты, газ конденсатты және газ-мұнай кен орындары күкiрт қоры есепке алынған.
      «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрi - «Қазатөменөркәсiп» АҚ) Қазақстан Республикасында күкiрт қышқылының бiрден-бiр негiзгi тұтынушысы болып табылады, себебi олар қазiргi кезде уран көндерiнде жерасты сiлтiлеу әдiсiн қолданады.
      «Қазатөменөркәсiп» АҚ уран алуды көбейту бағдарламасы бойынша, 2015 жылы 2006 жылмен салыстырғанда компания кәсiпорындарында күкiрт қышқылын тұтыну 4 есеге дейiн артады деп жоспарланады.
      Сондықтан, «Қазатөменөркәсiп» АҚ өзiнiң артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшiн Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 500 мың тонна күкiрт қышқылын шығаратын зауыт салуды жоспарлауда.
      Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсiп» АҚ «Бiрiккен химиялық компания» ЖШС-мен бiрлесiп «Өндiрiстiк қуаттылығы жылына 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауытын жандандыру» бағдарламасын пысықтауда («Қазатөмөнөркәсiп күкiрт қышқылы зауыты бiрiккен кәсiпорны»). Күкiрт қышқылын өндiретiн жаңа қондырғыны жұмыс iстеп тұрған күкiрт қышқылын өндiретiн алаңда орналастыру болжанады. «Степногорск тау-химиялық кешенi» ЖШС-iнде жобаны iске асыруға қажеттi инфрақұрылымдар бар.
      Елiмiзде күкiрт қышқылын тұтынудың жалпы көлемiнiң 1/4 бөлiгi фосфорлы тыңайтқыштар өндiрiсiне келедi. Болашақта Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы фосфорлы, азот-фосфорлы және кешендi тыңайтқыштар өндiру жобаларына кеннiң қышқылға 1:3 қатынасында күкiрт қышқылы қажет.
      Фосфорлы концентрат алу көлемi ұлғаюына байланысты «Қазфосфат» ЖШС қуаттылығы 650-мың тонна күкiрт қышқылы цехын салу жоспарлауда.
      Ақтөбе облысында «Қуаттылығы 880 мың тонна МАФ/ДАФ шығаратын зауыт салу» жобасы бойынша қуаттылығы 1 млн. тонна цех салу жоспарлануда.
      «Еврохим» МХК» ААҚ жобасы бойынша Жамбыл облысында аммофос жяне кешендi минералды тыңайтқыштар шығару үшiн 500 мың тонна күкiрт қышқылы қажет.

Хлор - сiлтiлi өнiмдер: каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы, натрий гипохлоритi

      Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында хлор-сiлтiлi өнiмдерiнiң өндiрiсi жоқ.


      Қазақстан Республикасы 2009 жылы 94,6 мың тонна көлемiнде каустикалық сода, 12,4 мың тонна көлемiнде хлор, 29 мың тонна көлемiнде тұз қышқылын және 1,3 мың тонна көлемiнде натрий гипохлоритiн импорттады. Каустикалық сода жәфлот-реагент ретiнде металлургия кешенiнде қолданылады, хлор негiзiнен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында суды тазарту үшiн пайдаланылады. Натрий гипохлоритi жалпы жеңiл өнеркәсiбiнде өңделген терiнi тазарту үшiн қолданылады.

Хлор - сiлтiлi өнiмдерi импорты мен өндiрiсi болжамы, мың тонна

Өнiм атауы

Импорт

Өндiрiс

2008 ж.

2009 ж.

2004-2009 жж.

2015 ж.

Каустикалық сода

100,2

94,6

-

30

Сұйық хлор

15,6

12,4

-

9,9

Тұз қышқылы

26,5

29,0

-

45

Натрий гипохлоридi

0

1,3

-

6,6

      Қазiргi таңда Павлодар қаласында «Каустик» АҚ зауытының негiзiнде жаңа қондырғы құрылысы аяқталуда, ол тек хлорды ғана құюмен айналысады. Жаңа зауыттың өнiмдiлiгi - жылына 30 мың тонна каустикалық сода, 9,6 мың тонна хлор газын және 45 мың тонна көлемiнде хлор бөлшектерiнiң тұз қышқылына ауыстырылуы құрайды.
      Каустикалық соданы және сұйық хлорды ион алмастырғыш мембраналыры бар электролизерлерде сынапсыз технологиямен ас тұзын электролиздеу тәсiлi арқылы өндiру жоспарланып отыр.
      Павлодар қаласындағы «Каустик» АҚ жобасының iске асырылуына мынадай факторлар ықпалдасады: бастапқы шикiзатқа қолжетiмдiлiк; электр энергиясына қолжетiмдiлiк және оның құнының қабылданғаны; дамыған инфрақұрылымның болуы.
      Жоба бойынша хлор-сiлтiлi өндiрiсте Қалқаман кен орнының ас тұзы пайдаланылады, оның қоры 7 млн. тоннаны құрайды, сонымен қатар басқа кен орындары пайдаланылады. Павлодар облысының тұзды көлдерiндегi бекiтiлген тұз көлемi 50 млн. тоннаны құрайды және тұз уақыт өте келе бастапқы қалпына келе бередi. Ал «Каустик» АҚ жылдық ас түзына қажеттiлiгi бар болғаны жылына 50 мың тоннаны құрайды.

Хром қосындылары

      Натрий бихроматы, хром қышқылы, хром тотығы және хром сульфаты - хромдық қосындылардың негiзгi қолдану саласы - өңделетiн терiнi қатайтуға, электролитикалық қаптамаларға, бояғыштар өндiрiсiне және ағашқа арналған консервантқа жатады.


      Қазақстандағы хром қосындыларын жалғыз өндiрушi «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ (әрi қарай - АХҚЗ) болып табылады. Кәсiпорында өндiрiлетiн химиялық өнiмдердiң негiзгi түрлерi мыналар болып табылады: натрий бихроматы, хром тотығы, хром ангидридi, хром сульфаты (хромдық малма). Хром кенiн өндiретiн орынға жақындығы бәсекелестердiң алдындағы негiзгi басымдылығы болып табылады.
      2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы хром тұздарын өндiретiн жоғары қуаттар 103,27 мың тоннаны құрайды. Жабдықтардың техникалық жағдайы қанағаттандырарлық. Өндiрiстiк қуаттарды қолдану коэффициентi - 88,5 %.

Хром қосындыларының экпорты, импорты және өндiрiсi, мың тонна

Атауы

Экспорт

Импорт

Өндiрiс

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Хром триоксидi (хром ангидридi)

15,5

16,1

0,05

-

19,7

18,4

Хром тотығы

20,7

14,6

0,1

-

20,8

14,3

      АХҚЗ өндiрген хром тұздарының 90% астамы Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекiстан, АҚШ, Жапония, Италия, Жаңа Зеландия, Қытай және басқа да алысты-жақынды шетелдерге экспортталады. Iшкi нарықта өнiмдердi «Қазмырыш» ЖШС, «Шымкент терi өңдеу - аяқ киiм комбинаты» ЖШС, «Семей терi өңдеу комбинаты» ЖШС секiлдi кәсiпорындарға жеткiзiледi.

Кальциленген сода

      Натрий карбонатын әйнек өндiрiсiнде (51% қолданым), флоореагент ретiнде, сабын қайнату мен синтетикалық жуу құралдар өндiрiсiнде, эмаль, цеолит және ультрамарин алу үшiн қолданады.


      Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы жылына шамамен 300 мың тонна кальциленген сода импорттайды, оның 50 пайызы Павлодар қаласындағы алюминий өндiрiсi үшiн және Ақтөбе қаласындағы хром қоспалары өндiрiсiне келедi.
      Аталған өнiмнiң өндiрiсi Қазақстан Республикасында жоқ. Кальциленген соданы өндiруге қажеттi шикiзат болып табылатын натрий сульфатының кен орындары Қызылорда, Жамбыл, Павлодар және Алматы облыстарында бар.
      Қазақстандағы жылына 400 мың тонна қуаты бар зауыт ағымдағы қажеттiлiкердi толық қамтамасыз етiп, экспортқа азырақ артықшылық жасауы мүмкiн.
      2) Органикалық химия өнiмдерiнiң өндiрiсiн дамыту (мұнай — химия) Мұнай-химияның даму бағыты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның шеңберiнде әзiрленген Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасымен көзделген.
      3) Арнайы химикаттар мен тұрмыстың химия өнiмдерiн өндiрудi дамыту
      Агрохимикаттар
      Жарылғыш заттар
      Тұрмыстық химия өнiмдерi

      Арнайы химикаттар өндiрiсi салыстырмалы түрде алғанда азырақ көлемдермен ерекшеленедi, сондықтан да олар аз тоннажды химияға жатқызылады. Аталған өндiрiс жоғары технологиялық деңгеймен сипатталады, сондықтан ол ғылыми-техникалық әзiрлеемелерге ауқымды шығындардың қажеттiлiгiн туындатады, өндiрушiлер арасындағы жоғары бәсекеге және өндiрсi технологияларының қолжетiмдiлiгiн шектеуге алып келедi.



Агрохимикаттар

      Қазақстан Республикасында сұранысқа ие агрохимикатарға пестицидтер мен өсiмдiктер өсуiн ынталандырғышы жатады.


      Пестицидтер негiзiнен ауыл шаруашылығында қолданады, дегенмен оларды азық-түлiк қорларын қорғау үшiн, сүрек және басқа да табиғи өнiмдердi қорғауда пайдаланады.
      Пестицидтердiң тапшылығы импорттың есебiнен толықтырылады. Осылайша шамамен 3,5 мың тонна өндiредi, шамамен 17,5 мың тонна пестицид импортталады, iшкi нарықтың көлемi шамамен жыл сайын 21 мың тоннаны құрайды және жылына 10-12% өсу үрдiсiне ие.
      Саланың, жоғары бәсекеге қабiлеттiгiмен, қатысушылардың жоғары деңгейдегi ғылыми-техникалық әлеуетiмен ерекшеленетiн жалпы, сондай-ақ тар iшкi нарықтың құрылыммына қарай қазақстандық өндiрушiлер белсендi ингредиенттердiң шектеулi топтарын өндiре алады және импортты өнiмдердi араластыру, орау, соңғы тұтынушыларға бөлу арқылы Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларына қарай орнықтыруды жүзеге асыра алады.
      Пестицидтер жергiлiктi өндiрушiлер - «Гербицидтер» ААҚ (Ақмола облысы, Степногорск қ.), «Агрохимия» ЖШС, «Агроглобал» ЖШС, «Қазтрастт» ЖШС, «АПК Сұңқар» ЖШС негiзiнен сатып алынған белсендi ингредиенттердi өлшеп ораумен айналысады.
      Павлодарда бұрынғы химиялық қару жасау зауытының негiзiнде пестицидтердi өндiру мүмкiндiгi бар.
      Қазiргi кезде биохимия бағыты жоғарғы қарқынмен даму үстiнде. «Ана Жер» ЖШС 2015 жылға қарай биогумат өндiрiсiн жылына 600 тоннаға дейiн жеткiзудi жоспарлап отыр.

Жарылғыш заттар

      «Нитрохим» қару-жарақтарды кешендi залалсыздандыру бойынша Қазақстандық орталық» ЖШС 1997 жылы Ақтөбе облысындағы Алға қаласына қала салу химкомбинаты негiзiнде құрылған болатын. Ол Қазақстан Республикасындағы тау-кен өнеркәсiбiнде, геофизика және мұнай-химия өнеркәсiптерiндегi қолданылатын құрамында тротил бар жарылғыш заттар шығаратын жалғыз кәсiпорын болып табылады. Қаржылық қиындықтар мен өндiрiске шикiзатты жеткiзу тұрақты болмауы салдарынан өнеркәсiп өз қызметiн 8 жылға тоқтатты. Осы химиялық комбинаттың базасында өндiрiсiн жарылғыш заттарды жылына 15 мың тоннаға дейiн аммонит шығара отырып жарылғыш заттарды жандандыру жоспарлануда.


      Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көмiр өнеркәсiбi орындарында және тау-кен өнеркәсiп орындарында жару жұмыстары кезiнде қолданылатын жарылғыш заттар шығаратын шағын цех салу жоспарлануда.

Тұрмыстық химия өнiмдерi

      Қазiргi таңда, Қазақстан Республикасында тұрмыстық химия шығаратын бiрқатар орындар бар, олардың үлкендерi тоқтатылған күйде. Қазақстандық нарық негiзiнен импорттық өнiмдерден тұрады. Тұрмыстық химияның отандық өндiрушiлерi тазартқыш ұнтақтар, сұйық жуғыш заттар шығаратын шағын бизнес кәсiпорындарымен көрсетiлген. Олардың арасынан, «Шымкентмай Эль-Дос» АҚ, Шымкент қаласы; «Ашшур Химиндустрия» ЖШС, Алматы қаласы; «Агатон» ЖШС, Алматы қаласы; «Волна» ЖШС Алматы қаласы және басқалар.


      Негiзiнен, нарықта жуғыш заттар шығарумен айналысатын 20 шақты қазақстандық компания жұмыс iстейдi. Синтетикалық жуғыш заттар (бұдан әрi — СЖЗ) шығаратын қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлық ассортиментiнiң анализi, осы компаниялар шығаратын өнiмдердiң 70-80% сұйық жуғыш заттар құрайтынын көрсеттi.
      Өндiрiстiк қызметке жарамды алаңдардың болуына қарамастан, Қазақстан Республикасында жуғыш ұнтақтар өндiрiлмейдi.
      Қазақстандық өнiмдердi отандық нарыққа енгiзу, сондай-ақ қазiргi қаржылай қиындықтар осы сала сегментiнiң негiзгi қиындығы болып табылады. Қазақстан Республикасында кiшi саланың өнiмдерi жылына шамамен 30 млн. АҚШ долларына өндiрiледi (сабындар, жуғыш құралдар, шампуньдар), осы кезде жыл сайынғы импорт 400 млн. АҚШ долларын құрайды. Шағын мөлшерi Моңғолия, Тәжiкстан, Қырғызстанға экспортталады (17,5 млн АҚШ доллары).
      Нарық сұранысын қажеттi көлемде ұнтақ өнiмдерiмен қамтамасыз ету импорт алмастыру бойынша негiзгi мәселе болып табылады.
      Синтетикалық жуғыш заттарды елiмiзде өндiру, химиялық өнiмдердiң осы түрiнде қазақстандық үлестi арттыруға мүмкiндiк бередi. Одан бөлек, импорт алмастыру жыл сайын үлкен көлемде СЖЗ сатып алатын мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк сатып алуы арқылы мүмкiн. Бұлар - күштiк органдар, медицина - әлеуметтiк мекемелер, бiлiм, мәдениет және басқа әлеуметтiк бағыттағы мекемелер, соңдай-ақ мемлекеттiң қатысы бар компаниялар («Аir Аstana» АҚ, «Казмортрансфлот» ҰҚ» АҚ, «Қазақстан Темiр Жолы» ҰҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ»).
      СЖЗ өндiрудi Қарағанды облысындағы бұрынғы Шахтинск СЖЗ (қуаттылығы 60 мың тонна) зауыты және Алматы СЖЗ зауыты (24 мың тонна) базасында жолға қойған дұрыс (қуаттылығы 60 мың тонна).
      Аталған өнiмдерден бөлек тиiмдi және бәсекеге қабiлеттi өнiм түрлерiн ұйымдастыру бойынша «тауаша» жобалар бар. (4-қосымшаны қараңыз).

4. Саланы дамытудың мемлекеттiк реттеу саясатын талдау

      Химиялық өнiмдердi өндiру, тасымалдау, сертификаттау және пайдалану қауiпсiздгi нормаларын реттейтiн негiзгi Заң «Химия өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi» Заңы болып табылады, ол адамның өмiр мен денсаулығын қорғау, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және тұтынушылар мүдделерiн қорғау үшiн химия өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық негiзi белгiлейдi. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көрсетiлген ережелер белгiленсе халықаралық шарт ережесi қолданылады.


      Аталған Заң химиялық заттардың токсикологиялық қасиеттерi, жiктелулерi, қауiптiлiк түрлерi, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және өкiлеттi органдардың қызмет аясын реттеп, тексеру нысандары мен жиiлiгi, олардың кезеңдiлiгiн бөлдi, өндiрiс, тасымалдау, қолдану, таңбалау, персоналдың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, химиялық өнiмдердi тiркеудiң мiндеттiлiгi, қатердi бағалау, сәйкестiктi растау кезiнде химия өнiмiне қойылатын негiзгi талаптар ретiндегi осындай формаларды енгiздi және сипаттады.
      ДСҰ қосылуға байланысты нормативтiк құқықтық базаны, техникалық регламенттердi және стандарттарды халықаралықтармен бiр iзге салу процесi үнемi жүруде. Мәселен, «Қазақстан Республикасының Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясына қосылуы және оны ратификациялауы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ратификацияланды.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен осы саланың техникалық регламенттерi мен стандарттарын техникалық реттеудiң халықаралық жүйесiне көшiру жанданды, бұл Қазақстан Республикасының тауарлары мен қызмет көрсету айналымын халықаралық нарықтармен бiрiктiруге мүмкiндiк бередi.
      2007 жылдың басынан «2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттердi әзiрлеу бойынша жоспарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына сәйкес республикада техникалық регламенттердi әзiрлеу бойынша жұмыстар алғашқы рет басталған.
      Сонымен қатар, салада техникалық регламенттер мен стандарттарды жаңарту және үйлестiру, осы заманғы әдiстермен физика-химиялық оптика-физикалық және микробиологиялық өлшемдердi жүргiзу үшiн спектрометрия меншiктi электрлiк өткiзгiштiк рН-метр бойынша мемлекеттiк эталондар модернизация жүргiзудi қажет етедi.
      Химиялық өнiмдердi бiрыңғай республикалық сынау лабораторияларын құру қажеттiлiгi бар.
      Жаңа кедендiк саясат Кедендiк одақтың құрылуына байланысты қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес жүргiзiледi.
      Жалпы, осы саясат қазақстандық химиялық индустрияға пайдалы әсер бередi, өйткенi КО мемлекет-мүшелерiнен тыс өндiрушiлерiнен кедендiк сақтанудың үлкен деңгейiн қамтамасыз етедi. Алдында қолданылған режиммен салыстырғанда КО мемлекет-мүшелерiне (РФ мен БР) бұл жөнiнде өзгерiстер болмайды, өйткенi бұл елдер бұдан бұрын да Қазақстанмен бiрге алымсыз сауданың бiрыңғай кедендiк аймағына кiрген.
      Проблемалар сонынан алыс шет елге өнiмдердiң экспортын ұйымдастыру кезiнде шығуы мүмкiн, өйткенi Қазақстан БСҰ-на кiрмейдi, ал КО ену ДСҰ-на кiрудi РФ мен БР ДСҰ-на кiруiнен тәуелдi етiп қояды, олар бұл оқиғадан Қазақстанға қарағанда әлдеқайда алыс орналасқан.
      Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық негiздерi «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi. Заң халықаралық тәжiрибеде қабылданған, кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерiн, мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi кепiлдiктерiн, шарттардың тұрақтылық кепiлдiктерiн деген сияқты инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепiлдiгiн берудi қарастырады.
      Инвестициялық преференциялар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы қаржы заңнамасына сәйкес берiледi.
      1992 жылдан бастап 2009 жылға дейiн Қазақстан Республикасы тiкелей шетел инвестицияларының бiрқатар көлемiн тартты, бiрақ тартылған инвестициялардың шамамен 70 пайызы кен орындарын барлауға және мұнай мен газды өндiруге бағытталған.
      Тiкелей шетел инвестицияларын тарту үшiн еркiн экономикалық аймақтарды, индустриалды аймақтарды бұдан әрi дамыту, мемлекеттiк реттегiш органдарды күшейту қажет.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекет басшысының 2009 жылғы 15 мамырдағы «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII съезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне берген тапсырмаларының негiзiнде «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрi - Заң жобасы) әзiрленуде (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 Өкiмi).
      Заң жобасын қабылдау мемлекеттiк индустриалды саясаттың, өнеркәсiптi мемлекеттiк қолдаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерiн реттеу қажеттiлiгiмен негiзделедi.

5. Қазақстан Республикасының жағдайына бейiмдеуге келетiн бар проблемаларды шешу бойынша шетелдiк оң тәжiрибелерге шолу

      Химия өнеркәсiбiнiң қазiргi даму кезеңiнде Қазақстан үшiн анағұрлым нәтижелi, бiрнеше елдердiң индустрияландыру тәжiрибелерiнiң көрсеткенiндей - саланың дамуын басқарудың директивтi және индикативтi әдiстерiн қолдану болып табылады.


      Шетелдерде саланың өмiрлiк кезеңдерiнiң қисығына байланысты саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң алуан түрлi әдiстерi қолданылып келдi.
      Директивтi әдiстердiң қатарына мыналар жатады:
      салалық инвестициялық жобалардың iске асырылуы үшiн қажеттi инфрақұрылымның құрылысына арналған бюджеттiк шығындар;
      өнiмнiң әлемдiк нарықтағы оңтайлы логистикалық сызбаларды және бағалық бәсекеге қабiлеттiгiн ескере отырып, химиялық өнiмдердi тасымалдауға жеңiлдiктi тарифтер жүйесiн қалыптастыру;
      халықаралық уағдаластықтар жүйесiн қалыптастыру, ол жүйе химия өнiмдерiн сатуға және химия өнеркәсiбiне қажеттi шикiзаттарды сатып алуға анағұрлым жеңiлдiктi шарттар қалыптастыратын едi;
      жобаларды iске асыру кезеңiнде және пайдалану кезеңiнде сатып алулардағы жергiлiктi қамту мiндеттi талаптарды, жергiлiктi персонал бойынша талаптарды белгiлеу;
      жобаларды мемлекеттiк-жеке әрiптестiк қағидаттарындағы жобаларды iске асыру
      Анағұрлым радикалды директивтi жоспарлау әдiстерi индустрияландырудың бастапқы кезеңдерiнде Оңтүстiк Корея мен Қытайда қолданылды:
      жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жасанды нағайту, олардың бәсекеге қабiлеттiктерiн арттыру және ауқымда үнемдеу мақсатында холдингтер, конгломераттар қалыптастыру;
      әлемдiк еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейiне шығу мақсатында еңбек өнiмдiлiгiнiң жоспарын, өндiрiс көлемi мен экспорттың жоспарын белгiлеу;
      нақты қайтарылмайтын мемлекеттiк кредиттер және терiс нақты пайыздық ставкалары бойынша мелекеттiк банктердiң кредиттерiн беру;
      банктердi мемлекет меншiгiне алу;
      кәсiпорындардың шетелдiк қарыздары бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру;
      құнсыздану және төмендетiлген валюта бағамын ұстап отыру;
      импорттық және экспорттық квоталарды енгiзу.
      Директивтi әдiстер саланың жылдам өсу қарқынына қол жеткiзуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндiрiстi «нөлден» бастауға, импортты алмастыру мен өнiмдердi экспорттауға мүмкiндiк бередi. Дегенмен мемлекеттiк ресурстарды тиiмсiз инвестициялау қатерлерi, кәсiпорындардың «қарыздық шұңқырларға» түсiп кету қауiптерi, экспорттық нарықтық жағдайға тәуелдiлiк, iшкi нарықтағы монополияландыру, шетелдiк инвестицияларға тәуелдiлiк секiлдi қауiптер бар.
      Тiкелей емес (индикативтi) әдiстер мемлекеттiң қызметтiң жалпы қолайлы жағдайларын жасаумен сипатталады, бiрақ оған тiкелей араласпайды. Мемлекеттiк реттеудiң тiкелей емес әдiстерi саласына мыналарды жатқызуға болады:
      химия өнеркәсiбiнiң дамуы үшiн заңнамалық шарттар жасау, тұрақты заңнаманы қалыптастыру;
      мемлекеттiк кредиттердi төмендетiлген пайыздық үстемемен беру және кепiлдiк беру;
      тiкелей шетелдiк инвестицияларды өнеркәсiптiк аймақтар құру және әлеуметтiк-экономикалық аймақтар құру арқылы ынталандыру;
      сала үшiн персонал даярлау;
      саланың өнiмдерiне сұранысты ынталандыру.
      Бұл модельдiң кемшiлiгi реттеу құралдарының күрделiлiгi болып табылады, сонымен қатар жұмыс iстеп тұрған жеткiлiктi дәрежеде қуатты өндiрiстер болуы қажет.
      Өңдеушi салалардың деңгейi айтарлықтай жоғары болған кездерде, бұл өткен ғасырдың 60-70 жылдарында, мысалы үшiн, Жапония мен Германияда болды, мемлекет негiзiнен сала дамуының инновациялық және бәсекелестiк түрiне өтуiне әсер ететiн шараларға басты назарын аудара бастайды, ал ол ұзақ мерзiмдi болжау мен ғылыми-техникалық прогрестi басқаруды талап етедi:
      технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құру;
      ҒЗТКЖ инвестициялау;
      зияткерлiк меншiктi қорғауды және зерттеулер жүргiзушiлер үшiн роялти құқығын қамтамасыз ету;
      кәсiпкерлермен бiрлесiп жасалған саланың ұзақ мерзiмдi жоспарларын құрастыру негiзiнде дамуы;
      ұзақ мерзiмдi даму жоспарларының базасына сәйкес ұзақ мерзiмдi жобаларды қаржыландыру үшiн зейнетақы салымдарын қолдану;
      қатаң техникалық стандарттарды қолдау;
      мамандануды, ұсыныс икемдiлiгiн, инновациялық әзiрлемелердi қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнеске, оның iшiнде инновациялыққа қолдау көрсету;
      қатаң монополияға қарсы бақылау, бәсекенiң тең шарттарын жасауды бақылау;
      сыбайлас жемқорлықты жаныштау.
      Бұл модельдiң кемшiлiгi реттеудiң күрделiлiгi, монополияға қарсы және бәсекелестiк туралы заңнаманың, зияткерлiк меншiктi қорғау туралы заңнаманың қатаңдығы болып табылады, бұл кәсiпорындар үшiн қосымша транзакциялық шығындар тудырады, сонымен қатар дайындықты қамтамасыз ету, еңбекақысы жоғары деңгеймен бiлiктiлiгi жоғары мамандарды ұстау және тарту қажет.
      Саланың айтарлықтай дамыған деңгейге жеткен кезiнде (атап айтқанда АҚШ-та) демпингке қарсы шараларды қолдану және қосымша ынталандыру шараларын жүргiзу қажет:
      жергiлiктi өндiрушiлердi артып келе жатқан шетелдiк бәсекелестердiң агрессивтi және заңсыз демпингтiк саясаттарынан қорғау;
      iшкi тұтынуды ынталандыруды күшейту;
      әскери сектордан азаматтық секторға технологиялар трансфертi;
      сұранысты мемлекеттiк сатып алу жолымен ынталандыру.
      Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, шетелдерде отандық химия шаруашылығының дамуына мемлекет тiкелей атсалысады. Экономиканың нақты секторын индустриялық - инновациялық дамыту кезеңiнде аталған шаралар Қазақстанның жағдайында да табыспен қолданылуы мүмкiн.

жүктеу 479 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау