Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



жүктеу 12,01 Mb.
бет36/51
Дата07.12.2017
өлшемі12,01 Mb.
#3402
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51

техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
617-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға

шығару және пайдалану қағидаларын

өзге де бұзушылықтар
1. Осы Кодекстiң 619-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын орындамауы –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды

қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып,

жаңа көлік құралдарының сәйкестігін растайтын

сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру


1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру –

осы қызметпен айналысу құқығынан бір жыл мерзімге айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының немесе өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –

осы қызметпен айналысу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жеңіл және орташа ауырлықтағы дене зақымын келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

осы қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік

құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған

жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғаның көлiк құралын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


620-бап. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын

өзге де талаптарды бұзу


Кодекстiң осы тарауында тiзбеленбеген, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу –

ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларының нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
621-бап. Көлiкпен қауiптi заттектерді немесе нәрселерді

тасымалдау қағидаларын бұзу


1. Темiржол көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе қол жүгi нәрселерін тасымалдау қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың қауiптi заттектермен немесе нәрселермен жасалатын операцияларды тиiстi құжаттарда тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзу немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тарту –

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу –

көрсетілген заттектер мен нәрселер тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршруттық таксиде жарылу қаупi бар заттектерді немесе нәрселерді алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына тапсыру –

үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


622-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi

пайдалану қағидаларын бұзу


Трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану қағидаларын көлiк құралының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, жүрген кезде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi келтіру, кесiп кететiн нәрселерді тиiсті қаптамасыз алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын нәрселер мен заттарды тасымалдау түрiнде жасалған бұзушылық –

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


623-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру
Жолаушыларды билетсiз алып жүру:

1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –

сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

3) халықаралық қатынастағы поездарда –

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде –

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде –

алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде –

алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

9) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста –

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
624-бап. Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi)

сатуды, олардың қолданылу мерзiмiн ұзартуды және билет

кассаларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бұзу
Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды, олардың қолданылу мерзiмiн ұзартуды және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бұзу –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


625-бап. Темiржол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң

сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу


1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзетін және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау бейімдеме құрылғыларын бүлдiру –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзетін құралдардың басқа да жүк салатын орын-жайлардың пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттердi, жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жүк аулаларының, темiржол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


626-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз

ету жөнiндегi қағидаларды бұзу


1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


627-бап. Тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар

мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу
Осы Кодекстiң 333, 334, 590, 610, 612, 617, 619-баптарында көзделген қағидаларды қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу –

жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.


628-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен)

жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу


Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу –

жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


629-бап. Көлiк құралдарын басқаратын жеке

тұлғалардың пайдалану және жол жүрiсi

қағидаларын үнемі бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын үнемі бұзу, яғни осы Кодекстiң 333, 334, 590, 617, 619, 627-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет жасау –

бір жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

2. Көлiк құралдарын басқаратын жеке тұлғалардың жол жүрiсi қағидаларын үнемі бұзуы, яғни осы Кодекстiң 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 606, 607, 613-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет
жасауы –

бір жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының көлiк заңнамасын үнемі бұзу, яғни осы Кодекстiң 572 (екiншi бөлiгi), 574, 576, 589, 593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерi), 609-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет жасау –

жеке тұлғаларды көлiк құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзiмге айыруға әкеп соғады.


630-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және

басқа жол құрылыстарын бүлдiру


1. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру, оның iшiнде жол жабындысын ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрiнуiн шектеу –

жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан бұзушылықтар –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


631-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа

жол құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу


1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген өзге де талаптарды орындамау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан әрекеттер -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


632-бап. Жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын

күтiп-ұстау қағидаларын жол жүрісі қауiпсiздiгiне

қатер төндiре отырып бұзушылық
1. Жолдардың жүру бөлiгіндегi жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу, сол сияқты жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетінің бұзылуына, жол үстiне мұздың қатуына, көрiнудің шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соғатын жер асты коммуникациялардың ақауларын жоюға шаралар қолданбау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Адамдардың денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан дәл сол бұзушылықтар –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


633-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта

қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу


1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай, автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүктерді жинап қою, топографиялық және басқа да жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттарды, жерасты және жерүстi құрылыстарын немесе коммуникацияларын тұрғызу, жарнаманы және өзге де ақпаратты орнату, сондай-ақ бөлiнген жолақ шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне кәріздік, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды ағызу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану –

жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамдарға жеңiл дене зақымдарын келтіре отырып, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылықтар –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль

жолдарын және жол құрылыстарын

пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпiрлердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген жолаққа iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпiрлердi қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды күйде және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау –

жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


635-бап. Магистральдық құбыржолдарын

қорғау қағидаларын бұзу


Магистральдық құбыр жолдарын қорғау қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


31-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

БҰЗУШЫЛЫҚТАР
636-бап. Электр байланысы желiлерiне шеткі

құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу


1. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

шеткі құрылғылар (жабдық) тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Шеткі құрылғылар (жабдық) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы, абоненттер жiберген ақпаратты байланыс арналары арқылы беру және қабылдау үшiн электр және радиобайланысы сигналдарын қалыптастырудың техникалық құралдары (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң шеткі құрылғылары, кәбілдiк теледидар жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс

саласындағы заңнамасын бұзу


1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:

1) үстем байланыс операторының телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ трафиктi өткiзу тәртiбiн бұзу;

2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзiмдерiн бұзу;

3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;

4) шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтерді тегін жалғау нөмірлерімен байланысты өшіру және (немесе) шектеу;

5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;

6) байланыс операторларының өз желілерінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын таңдау бойынша абоненттердің құқығын шектеуі;

7) көрсетілетін зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде абоненттерді жалғанымның құны туралы хабардар етпеу;

8) пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету;

9) радиожиілік спектрін байланыс түрінің және (немесе) стандарттың мақсатына сай пайдаланбау, сол сияқты радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың техникалық параметрлерінің арнайы рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес болмауы;

10) байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіру қызметтерін көрсету кезінде абоненттік нөмірлер дерекқорының операторымен ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс қимылды сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –

лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

жекелеген қызмет түрін немесе белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын үш айға дейін тоқтата тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


638-бап. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын,

бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану





  1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсінде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiкті құрылғыларды, пошта байланысының техникалық құралдарын пайдалану –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

ескерту жасауға немесе сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
639-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын

пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу


Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес


жүктеу 12,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау