Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



жүктеу 4,3 Mb.
бет32/51
Дата14.11.2018
өлшемі4,3 Mb.
#20206
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк

операцияларын және өзге де операцияларды

кеден органының рұқсатынсыз жүргізу
Кеден органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою,

алып тастау, өзгерту не ауыстыру


1. Кеден органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын кеден органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


536-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы

қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы


1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлiнің бiр жыл iшiнде қайталап жасаған әрекеті –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi

саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы


Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


538-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен

мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу


1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi кеден органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


539-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына

есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті

ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау
Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кеден қоймасы немесе еркiн қойма, бажсыз сауда дүкенi иелерiнiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi кеден органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды

сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу


Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне жылжыту тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу –

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу -

тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу

өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу


1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу -

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау –

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкелінген тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеуі –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


544-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсіммен орналастырылған

тауарлармен және көлiк құралдарымен құқыққа сыйымсыз

операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту,

оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету


Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты, егер бұған кедендік рәсімге сәйкес жол берілсе, тауарларға қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын беру арқылы кедендік рәсімді пайдалану құқығын, егер мұндай шешім міндетті болса, кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаға беру –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының

кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде

тыйым салулар мен шектеулерді қолдану

тәртiбiн сақтамау
Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай өткiзу –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


546-бап. Жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе)

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында

белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды

өткiзу тәртібін бұзып, тауарлар мен көлік

құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы

арқылы өткізуі

Осы Кодекстің 547-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысанда декларацияламауы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды

өткізу тәртібін бұзу


Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік

шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу


1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


549-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн

тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру


Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру арқылы жасыру –

құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік

шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру

құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу

Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салу мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кеден транзитінің кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ жасанды сәйкестендіру құралдарын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол жүру

чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды

декларацияламау немесе анық емес кедендік

декларациялау


1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдер және салықтар төлеуден босатуға немесе олардың мөлшерін төмендетуге негіз беретін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі –

жеке тұлғаға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын, Қазақстан Республикасының қолма-қол валютасын, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламауы немесе анық емес декларациялауы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


552-бап. Кеден одағының кедендік аумағына кеден

қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар

мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау,

сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету


1. Кеден одағының кедендік аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық емес декларацияланған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген

тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған

тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және

(немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берілгеннен өзге мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


554-бап. Төленген кедендiк төлемдерді және салықтарды тиiстi

негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер

алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер
Қазақстан Республикасының кеден органына төленген кедендiк төлемдердi тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –

заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


555-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды

төлеу мерзімдерін бұзу


Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар тұлғалардың кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатуды беруге байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді және салықтарды кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі –

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


556-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының

кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың

төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде

төлеу туралы талабын орындамау


Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы кеден органының талабын орындамауы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


557-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн

жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы

кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы
Кеден органдарының кедендік төлемдердi, салықтарды және өсімпұлдарды өндiрiп алу туралы немесе кедендiк төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмдерiн банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен орындамау –

заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


558-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының

талаптарын орындамау


Кедендік декларациялауды, кедендік жете тексеруді, кедендік декларацияларды тексеруді, кедендік тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізу кезінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және өзге де тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды орындамауы –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


30-тарау. КӨЛІКТЕГІ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн

қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу


1. Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Темiржолды, қорғаныштық ағаш екпелерін, қардан қорғайтын қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiру –

жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау –

жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Темiржолдарға поездар қозғалысының бұзылуын туындатуы мүмкін заттар төсеу, тастау немесе қалдыру –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту –

ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Қазақстан Республикасының темiржол көлігі туралы заңнамасының талаптарын:

1) теміржол желісінің станциялық және магистральдық жолдарын және темір жол кірме жолдарын күтіп-ұстау;


2) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жылжымалы составты, техникалық құралдарды, теміржолдың жасанды құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –

жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол составының қалпына келтіруге келмейтін жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы составты ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген бұзушылық –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдардағы қауіпсіздік бойынша жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі –

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
560-бап. Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын


жүктеу 4,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау