Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


-бап. Еңбек шарты тарапының келтiрiлген залалды



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57

      160-бап. Еңбек шарты тарапының келтiрiлген залалды 
 
                (зиянды) өтеу жөнiндегi мiндеттерi 
 
      1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтiрген тарапы оны осы 
Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейдi.  
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушiнiң 
материалдық жауапкершiлiгi нақтылануы мүмкiн.  
      3. Еңбек шартының залал (зиян) келтiрiлгеннен кейiн тоқтатылуы еңбек 
шарты тарапын басқа тарапқа келтiрiлген залалды (зиянды) өтеу жөнiндегi 
материалдық жауапкершiлiктен босатуға әкеп соқпайды.  
      161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтiргенi 
 
                үшiн материалдық жауапкершiлiгi басталатын 
 
                жағдайлар 
 
      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзi келтiрген 
залал (зиян) үшiн материалдық жауапкершiлiгi, егер осы Кодексте және 
Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы 
кiнәлi мiнез-құлық (әрекет немесе  
әрекетсiздiк) нәтижесiнде келтiрiлген залал (зиян) үшiн және құқыққа қарсы 
кiнәлi мiнез-құлық пен келтiрiлген залал (зиян) арасындағы себептi байланыс 
үшiн басталады.  
      2. Жұмыс берушi қызметкер алдында:  
      1) қызметкердi өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкiндiгiнен заңсыз айыру 
арқылы келтiрiлген залал үшiн;  
      2) қызметкердiң мүлкiне келтiрiлген залал үшiн;  
      3) қызметкердiң өмiрiне және (немесе) денсаулығына келтiрiлген зиян 
үшiн материалдық жауаптылықта болады.  
      3. Қызметкер жұмыс берушiнiң алдында:  
      1) жұмыс берушiнiң мүлкiн жоғалту немесе бүлдiру арқылы келтiрiлген 
залал үшiн;  
      2) қызметкердiң әрекетi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде туындаған залал 
үшiн материалдық жауаптылықта болады.  
      4. Қызметкер мен жұмыс берушi ұжымдық шартта, еңбек шартында 
белгiленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.  
      162-бап. Жұмыс берушiнiң қызметкерге оны еңбек ету 
 
                мүмкiндiгiнен заңсыз айыру арқылы келтiрiлген 
 
                залал үшiн материалдық жауапкершiлiгi 
 
      1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына 
жiберiлмеген, еңбек шартының талаптары бiржақты өзгертiлген, қызметкер 
жұмыстан шеттетiлген, еңбек шарты негiзсiз бұзылған жағдайда, жұмыс берушi 
қызметкердiң алмай қалған жалақысы мен оған  
тиесiлi өзге де төлемдердi оған өтеуге мiндеттi.  
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң қызметкерлер 
өкiлдерiмен келiсiлген актiлерiнде қызметкердi еңбек ету мүмкiндiгiнен заңсыз 
айыру арқылы келтiрiлген залалды жұмыс берушiнiң өтеуiнiң қосымша жағдайлары 
белгiленуi мүмкiн.  
      163-бап. Қызметкердiң мүлкiне келтiрiлген залал үшiн 
 
                жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi 
 
      Қызметкердiң мүлкiне залал келтiрген жұмыс берушi оны еңбек шартының, 
ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге мiндеттi.  
      164-бап. Қызметкердiң өмiрiне және (немесе) 
 
                денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс 
 
                берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi 
 
      1. Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты оның өмiрiне 
және (немесе) денсаулығына зиян келтiрiлгенде жұмыс берушi қызметкерге 


келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген 
көлемде өтеуге мiндеттi.  
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде сақтандыру 
төлемдерi болмаған кезде толық көлемде өтеледi. Сақтандыру төлемдерi болған 
кезде жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi 
арасындағы айырманы өтеуге мiндеттi.  
      3. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлердiң өмiрiне және (немесе) 
денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбi Қазақстан 
Республикасының заңнамасында айқындалады.  
      165-бап. Қызметкердiң жұмыс берушiге залал келтiргенi 
 
                үшiн материалдық жауапкершiлiгi 
 
      1. Қызметкердiң жұмыс берушiге залал келтiргенi үшiн материалдық 
жауапкершiлiгi осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады.  
      2. Қызметкер жұмыс берушiге келтiрiлген тiкелей нақты залалды өтеуге 
мiндеттi.  
      3. Егер залал еңсерiлмейтiн күштiң не аса қажеттiлiктiң, қажеттi 
қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге берiлген мүлiктiң сақталуы 
үшiн тиiстi жағдайларды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамауы 
салдарынан туындаған болса, қызметкердiң жұмыс берушiге келтiрiлген залал 
үшiн жауапкершiлiгi жойылады.  
      4. Қызметкерге қалыпты өндiрiстiк-шаруашылық тәуекел санатына 
жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.  
      5. Жұмыс берушi қызметкерлердiң қалыпты жұмысы және оларға сенiп 
тапсырылған мүлiктiң толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар 
жасауға мiндеттi.  
      6. Тiкелей нақты залал деп жұмыс берушiнiң бар мүлкiнiң азаюы немесе 
аталған мүлiктiң (оның iшiнде, егер жұмыс берушi осы мүлiктiң сақталуы үшiн 
жауаптылықта болса, үшiншi тұлғалардың жұмыс берушiде жатқан мүлiктерiнiң) 
жай-күйiнiң нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлiктi сатып алу немесе 
қалпына келтiру үшiн шығындалуына не артық төлем төлеуiне деген қажеттiлiгi 
түсiнiледi.  
      166-бап. Қызметкердiң материалдық жауапкершiлiгiнiң шегi 
 
      Қызметкер келтiрiлген залал үшiн, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, 
өзiнiң орташа айлық жалақысы шегiнде материалдық жауаптылықта болады.  
      167-бап. Қызметкердiң жұмыс берушiге келтiрiлген залал 
 
                үшiн толық материалдық жауапкершiлiкте болу 
 
                жағдайлары 
 
      Мынадай:  
      1) қызметкерге толық материалдық жауапкершiлiктi өзiне алу туралы 
жазбаша шарт негiзiнде берiлген мүлiктiң және басқа да бағалы заттардың 
сақталуы қамтамасыз етiлмеген;  
      2) қызметкер бiржолғы құжат бойынша есебiне алған мүлiктiң және басқа 
да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етiлмеген;  
      3) алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) 
жағдайда залал келтiрiлген;  
      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнiмдер), оның iшiнде 
оларды әзiрлеу кезiндегiнi қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге 
пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар, арнайы киiмдер мен 
басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдiрiлген;  
      5) қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгiленген 
тәртiппен расталған заңсыз iс-әрекеттерiнен залал келтiрiлген жағдайларда 
жұмыс берушiге келтiрiлген залалдың толық мөлшерiндегi материалдық 
жауапкершiлiк қызметкерге жүктеледi.  
      168-бап. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық 
 
                жауапкершiлiк туралы шарттар 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау