146-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердiң
еңбегiн реттеу
Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердiң еңбегі "
Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының
көзделген ерекшелiктермен бiрге
Заңында
осы Кодекспен реттеледi.
3-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
13-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
147-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидаттары және міндеттері
1. Мемлекет атынан тиісті атқарушы органдар, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер атынан
белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері әлеуметтік әріптестік тараптары
болып табылады.
2. Әлеуметтік әріптестікті:
1) республикалық деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі – республикалық
комиссия);
2) салалық деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі – салалық комиссия);
3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар
(бұдан әрі – өңірлік комиссия) әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өзара
іс-қимыл жасасуы нысанында;
4) ұйымдар деңгейінде – Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде жұмыскерлердің
өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді
белгілейтін ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етеді.
3. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай
қағидаттар:
1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен
жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі;
2) тараптардың өкілеттілігі;
3) тепе-тең өкілдік ету;
4) тараптардың тең құқықтылығы;
5) тараптардың өзара жауаптылығы негізінде қалыптастырылады.
4. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы
өз бетінше қалыптастырады.
5. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай міндеттерді шешуге
бағытталған:
1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің
тиімді тетігін жасау;
2) қоғамның барлық топтарының мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік
тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге,
оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
4) барлық деңгейлердегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен
келіссөздер процесіне жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау.
148-бап. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру
1. Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар тараптардың орындауы үшін міндетті
тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік
әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін
органдар болып табылады.
2. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету:
1) республикалық деңгейде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
2) салалық деңгейде тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына;
3) өңірлік деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы
органдарына жүктеледі.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.
3. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыскерлердің
республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті
өкілдері;
2) салалық деңгейде – тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының
өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері;
3) өңірлік деңгейде – жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс
берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері комиссияларға қатысушылар болып табылады.
4. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – республикалық кәсіптік одақтар бiрлестiктері;
2) салалық деңгейде – салалық кәсіптік одақтар;
3) өңірлік деңгейде – аумақтық кәсіптік одақтар бiрлестiктері жұмыскерлердiң өкiлеттi
өкiлдерi болып табылады.
5. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,
жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының),
шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып
табылады.
Көрсетілген одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін
республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорционалды негізде жүзеге асырылады;
2) салалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және (
немесе) салалық ұйымдардың өкілдері;
3) өңірлік деңгейде:
өңірлік палаталардың өкілдері;
облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын
кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
қалалық, аудандық деңгейлерде – шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық
бірлестіктер жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
149-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер жүргізу құқығы
1. Әлеуметтік әріптестіктің кез келген тарапы келісімді әзірлеу, оның мазмұны, оны
жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде жұмыскерлер мен жұмыс берушілер
уәкілеттік берген бірнеше өкіл болса, олардың әрқайсысына өздері өкілдік ететін жұмыскерлер
Достарыңызбен бөлісу: |