Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет31/43
Дата01.01.2018
өлшемі5,07 Kb.
#6585
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43

мен жұмыс берушілер санына байланысты пропорционалды өкілдік ету қағидаты негізінде 
келіссөздер жүргізу құқығы беріледі.
150-бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдер әзірлеу және жасасу тәртібі
      1. Екінші тараптан келіссөздерді бастау туралы жазбаша ұсыныстар алған тараптар 
күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті.
      Тараптар арасында келісімдердің жекелеген ережелері бойынша келіспеушіліктер болған 
кезде, тараптар келіссөздер басталған күннен бастап үш ай ішінде бір мезгілде 
келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген шарттарда келісімге қол қоюға тиіс.
      Егер тараптар келісімге келе алмаса, хаттама жасалады, оған келіссөздердегі 
келіспеушіліктерді жою және қайта бастау мерзімдері бойынша тараптардың түпкілікті 
тұжырымдалған ұсыныстары енгізіледі.
      2. Келіссөздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу және жасасу мерзімдерін, 
сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларға қосылуды комиссиялар бекітеді.
      3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келісімдерде белгіленген 
күннен бастап күшіне енеді. Келісімдердің барлық қосымшалары олардың ажырамас бөлігі болып 
табылады және солармен бірдей заңдық күшке ие болады.
      4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша не жаңа келісім 
қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс.
      5. Жұмыскерлерге бір мезгілде бірнеше келісімдердің күші қолданылған жағдайларда, 
жұмыскерлердің жазбаша өтініштері болған кезде келісімдердің жұмыскерлер үшін неғұрлым 
қолайлы шарттары қолданылады.
      6. Комиссиялардың шешімдері келіссөздерде барлық тараптардың келісіміне қол жеткізу 
негізінде ғана қабылданады және тиісті келісімдермен ресімделеді. Шешімдер қабылдау мен 
жұмысты ұйымдастыру тәртібін комиссиялар әзірлейді және бекітеді.
      7. Бас, салалық, өңірлік келісімдер әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің 
қолтаңбасымен бекітіледі.
151-бап. Келісімдерді тіркеу
      1. Тараптар қол қойған салалық, өңірлік келісімдер қосымшаларымен бірге он күн 
мерзімде хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі.
      2. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      3. Қалалық, аудандық деңгейлерде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді 
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
152-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары, түрлері


      1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің 
республикалық бірлестіктері мен республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында бас 
келісім жасалады.
      2. Салалық деңгейде тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары, жұмыс 
берушілердің өкілетті өкілдері мен салалық кәсіптік одақтар арасында салалық келісімдер 
жасалады.
      3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті 
өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, 
аудандық) келісімдер жасалады.
153-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің мазмұны
      1. Келісімдер:
      1) қолданылу мерзімі туралы;
      2) орындалуын бақылау тәртібі туралы;
      3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
      4) тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауаптылығы 
туралы ережелерді қамтуға тиіс.
      2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық 
тараптары немесе солардың біреуі ұсынған бас келісім жобаларын негізге ала отырып айқындайды
.
      3. Салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және өңірлік комиссиялар 
әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған келісімдер 
жобаларының негізінде айқындайды.
      4. Бас келісімде:
      1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау туралы;
      2) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау 
жөніндегі іс-шаралар туралы;
      3) еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы;
      4) ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және бекіту туралы;
      5) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік 
туралы;


      6) әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту туралы;
      7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін
байқаушылар тобын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс.
      5. Салалық келісімдерде:
      1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
      2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту туралы;
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау 
жөніндегі іс-шаралар туралы;
      4) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы, оның ішінде:
      саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақыларды);
      разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
      ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін 
жұмыскерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
      5) салалық біліктілік шеңберін бекіту тәртібі туралы;
      6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру тәртібі және 
оның қызметі туралы;
      7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті 
қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы;
      8) келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар 
тобын қалыптастыру тәртібі және оның құзыреті мен қызметі туралы;
      9) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын 
қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс.
      6. Өңірлік келісімдерде:
      1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту;
      2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі;


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау