мемлекеттік орган айқындайды.
Ескерту. 203-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
204-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне
ақы төлеу
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда
істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда
істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған
лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгілеу жолымен
жоғарылатылған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық
келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудің ең төменгі
стандарттарына негізделіп белгіленгеннен төмен емес мөлшерде белгіленеді.
Оларда жұмыс істеу еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық
беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган айқындайды.
Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше
зиянды), қауіпті жағдайлардағы еңбегі жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен
расталған қызметкерлерге қолданылады.
Ескерту. 204-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
205-бап. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету
Ұйым қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің қаражаты
есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетіннен төмен емес нормаларда
арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да дара қорғану құралдары, жуу және
зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық тағамдары беріледі.
Ескерту. 205-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
20-тарау. МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
206-бап. Маусымдық жұмыстар
Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір
жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
207-бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу
ерекшеліктері
1. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы
талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңі көрсетілуге тиіс.
2. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің
өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатындағы сынақ мерзімі
белгіленбейді.
208-бап. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен
еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзудың қосымша негіздері
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен еңбек шарты, осы Кодекстің 54-
бабында көзделген негіздерден басқа:
1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі
аптадан артық мерзімге тоқтатылған;
2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бір ай бойы
жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
209-бап. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен
еңбек шартын бұзу тәртібінің ерекшеліктері
1. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкер, бұл туралы жұмыс берушіні
күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы
бойынша бұзуға құқылы.
2. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерді еңбек шартының осы
Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер
бойынша бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
3. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде,
жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа
барабар төлейді.
4. Маусымдық жұмыста істейтін қызметкермен еңбек шарты ұйымның таратылуына,
қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екі
апталық орташа жалақы мөлшерінде демалыс жәрдемақысы төленеді.
21-тарау. ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
210-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу ерекшеліктері
1. Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып
келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары
жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
2. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс өндірісі
объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен,
жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен
және
ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын ұйымдастыруға
міндетті.
Жұмыс беруші қызметкердің жұмыс өндірісі объектісінде болу жағдайларын еңбек
шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етеді.
Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
211-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеуге қойылатын
шектеулер
Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер,
жүкті әйелдер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер жіберілмейді. Өзге
қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды негізінде олардың
денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы
мүмкін.
212-бап. Вахтаның ұзақтығы
1. Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық демалыс уақытын қамтитын
кезең вахта болып есептеледі.
2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.
Жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығы қызметкердің жазбаша келісімімен
Достарыңызбен бөлісу: |