Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет34/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65

 
актіге сілтеме жасай отырып); 
 
       дауыс беру нәтижелері көрсетіледі. 
 
       Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған көшірмелері шешім қабылданған 
күннен бастап үш күн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі. 
 
      176-бап. Келісу комиссиясының шешімдерін орындау 
 
      Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. 
 
       Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер 
немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы. 
 
      177-бап. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның 
 
                қызметкерді жұмысына қайта алдыртуы 
 
      1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты 
бұған заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс орнына заңсыз 
көшіру, еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан заңсыз шеттету себебінен 
тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметтерді бұрынғы 
жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады. 
 
       2. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан 
шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетін жұмысты 
орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді. 
 
       3. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердің өтініші бойынша қызметкерге 
осы баптың 2-тармағында көрсетілген мөлшерде жалақы төлеу туралы шешім шығарумен 
шектелуі мүмкін. 
 
       4. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның қызметкерді бұрынғы жұмысында 
қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу 
туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган 
қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе 
жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады. 
 
   3-БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН  
 РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
   16-тарау. ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН  
 РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      178-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек 
 
                саласындағы құқықтары 
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша 
кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс 
уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгіленген қосымша 
кепілдіктерді пайдаланады. 
 
      179-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің 
 
                еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар 
 
      1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек 
жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ 
орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін 
жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь 
өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды 
өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады. 
 
      2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті 
нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады. 
 
       3. 
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


 
      180-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді 
 
                міндетті медициналық тексерулер 
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала 
міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан әрі қызметкерлер он сегіз 
жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс. 
 
      181-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін 
 
                жұмыс уақытының ұзақтығы 
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге: 
 
       1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 
сағаттан аспайтын; 
 
       2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 
сағаттан аспайтын; 
 
       3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар 
алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, он 
алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 
 
      182-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін 
 
                еңбекке ақы төлеу және өндірім нормалары 
 
      1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы ескеріле отырып жүргізіледі. 
 
       2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өндірім нормалары қызметкерлерге 
арналған жалпы өндірім нормаларын негізге ала отырып, осы Кодекстің 181-бабында 
белгіленген жұмыс уақытының барабар қысқартылған ұзақтығымен белгіленеді. 
 
       3. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін 
жұмысқа кіретін, сондай-ақ өндірісте кәсіптік оқытудан өткен он сегіз жасқа дейінгі 
қызметкерлер үшін өндірімнің азайтылған нормалары белгіленуі мүмкін. 
 
       4. Жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың 
толық ұзақтығы кезінде қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу деңгейіне дейін қосымша 
ақы төлей алады. 
 
      Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. 
N 320 
(қолданысқа енгізілу тәртібін  
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      183-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек 
 
                және тынығу режимінің ерекшеліктері 
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме 
жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға 
және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы 
ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады. 
 
      184-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің 
 
                материалдық жауапкершілігін шектеу 
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік 
туралы шарт жасасуға тыйым салынады. 
 
   17-тарау. ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР ӨЗГЕ  
 АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      185-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын шектеу
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа 
дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған 
жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де 
адамдармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстiң 54-
бабы 1-тармағының 1), 3) – 19) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау