Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет13/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53

 
келмеген;
 
      5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған;
 
      6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және 
одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
 
      7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық 
масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде 
алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын 
заттарды пайдаланған;
 
      8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп 
соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі 
жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған;
 
      9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), 
оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе 
қаулысымен анықталған;
 
      10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің 
кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе 
әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;
 
      11) тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен 
сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған;
 
      12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған 
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді 
жария еткен;
 
      13) егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз 
қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
 
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің 
мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған;
 
      15) еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек 
шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге 
көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған;
 
      16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс 
беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық 
залал келтіруге әкеп соққан;
 
      17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер 
ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым 
ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, 
қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт 
жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
      Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты 
еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке 
қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін 
сақталады;
 
      18) қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
      2. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері көзделген.
 
      
55-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын
 
              бұзу мүмкіндіктерін шектеу
 
      Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды 
қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл сайынғы 
ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы 
бойынша бұзуға жол берілмейді.
 


 
      
56-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын
 
              бұзу тәртібі
 
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі 
белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге 
бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек 
шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. 
 
      2. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстің 54-
бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын 
бұзу, сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек 
шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіптік одағы 
органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі.
 
      3. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын 
бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық 
жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік 
сараптама қорытындысымен расталған болуға тиіс. 
 
      4. Еңбек шартын осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекстің 73-бабында көзделген 
тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып 
жүргізіледі.
 
      5. Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында 
көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші 
оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
 
      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер 
біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын 
жұмысына сәйкес келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу 
аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер 
өкілі қатысуға тиіс.
 
      Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, 
ал ол жоқ болған жағдайда жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
 
      
57-бап. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
 
      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс 
берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы 
бойынша бұзуға құқылы.
 
      2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы 
баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
 
      3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты 
жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс 
берушіге жазбаша ескертеді.
 
      4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған 
жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек 
шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен 
кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.
 
      5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу 
туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.
 
      6. Осы бапта көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты 
тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар 
мен оған тиесілі ақшалай төлемдерді беруге міндетті.
 
      7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын 
қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.
 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау