Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51

      25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында 
белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек 
дауларын шешуге құқығы бар. 
      2. Қызметкер: 
      1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің 
актілеріне сәйкес орындауға; 
      2) еңбек тәртібін сақтауға; 
      3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ӛрт 
қауіпсіздігі мен ӛндірістік санитария жӛніндегі талаптарды сақтауға; 
      4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға; 
      5) адамдардың ӛмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер 
мүлкінің сақталуына қауіп тӛндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып 
қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға; 
      6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты ӛзіне мәлім болған 
мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын ӛзге де 
құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; 
      7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде 
ӛтеуге міндетті. 
      3. Қызметкердің осы Кодексте кӛзделген ӛзге де құқықтары болады және ол 
ӛзге де міндеттерді атқарады. 
     
 23-бап. Жҧмыс берушінің негізгі қҧқықтары мен міндеттері
 
      1. Жұмыс берушінің: 
      1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте кӛзделген тәртіппен және 
негіздер бойынша ӛзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 
      3) ӛз ӛкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар. 
      Еңбек жағдайларының ӛзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 
48-бабына сәйкес жүзеге асырылады; 
      4) ӛз құқықтары мен мүдделеріне ӛкілдік ету және оларды қорғау 
мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге; 
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек 
тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің 
орындалуын талап етуге; 
      6) осы Кодексте кӛзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді 
кӛтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық 
жауапкершілікке тартуға; 
      7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын 
ӛтетуге; 
      8) еңбек саласындағы ӛзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау 
мақсатында сотқа жүгінуге; 


      9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге; 
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, 
қызметкерді оқытуға байланысты ӛз шығындарын ӛтетуге құқығы бар. 
      2. Жұмыс беруші: 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық 
шарттың, еңбек шартының, ӛздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 
      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және 
жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі  бақылауды 
жүзеге асыруға; 
      4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; 
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық 
актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде 
кӛзделген жалақы мен ӛзге де тӛлемдерді уақтылы және толық мӛлшерде тӛлеуге; 
      6) қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен 
таныстыруға; 
      7) қызметкерлердің ӛкілдеріне ұжымдық келіссӛздер жүргізу, ұжымдық 
шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және 
дәйекті ақпарат беруге; 
      8) қызметкерлер ӛкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссӛздер 
жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға; 
      9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек 
шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 
      10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және 
еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті ӛзге де құралдармен ӛз қаражаты 
есебінен қамтамасыз етуге; 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және ӛзге де адамдардың 
ӛміріне, денсаулығына қауіп тӛндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 
      13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 
      14) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның ӛмірі мен 
денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін 
сақтандыруға; 
      15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 
      16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды 
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы 
деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз 
етуге; 
      17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс 
жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге; 


      18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді 
болғызбау жӛнінде шаралар қабылдауға, ӛндірістік және ғылыми-техникалық 
прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 
      19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме 
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы 
жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге; 
      20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан ӛтуін және 
олардың біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге; 
      21) қызметкердің ӛмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес ӛтеуге; 
      22) еңбек жӛніндегі уәкілетті органның және еңбек жӛніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның аумақтық бӛлімшелерінің лауазымды адамдарын, 
қызметкерлер ӛкілдерін, еңбекті қорғау жӛніндегі қоғамдық инспекторларды 
ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-
күйін және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ ӛндірістегі жазатайым оқиға мен 
кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге; 
      23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек 
шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті. 
      3. Жұмыс берушінің осы Кодексте кӛзделген ӛзге де құқықтары болады және 
ол ӛзге де міндеттерді атқарады. 
 
ЕРЕКШЕ БӚЛІМ
 
 
2-БӚЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
 
 
4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ
 
      
24-бап. Еңбек шартының нысанасы
 
      Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша 
жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал 
жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, 
тараптардың келісімінде кӛзделген жалақыны уақтылы және толық кӛлемінде 
тӛлейді және ӛзге де тӛлемдерді жүзеге асырады. 
      
25-бап. Еңбек шартын жасасу кезіндегі қҧқықтар мен
 
              мҥмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері
 
      1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін 
бұзуға тыйым салынады. 
      2. Осы Кодексте кӛзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа 
дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын 
жасасу құқығын шектей алмайды. 
      Осы тармақтың бірінші абзацында кӛрсетілген адамдар санатының талабы 
бойынша жұмыс беруші бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. 
      3. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің 
бұзылу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 
      
26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
 
      Еңбек шартын: 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау