Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет57/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

 
       6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, 
талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар; 
 
       7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса); 
 
       8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер; 
 
       9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның 
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды 
адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы; 
 
       10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс. 
 
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға 
құқылы.
 
      
Ескерту. 326-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
, 2012.02.17 
№ 
566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы 
 
                тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау 
 
      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, 
сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың 
орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде 
тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және 
ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-
шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін 
тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы 
есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды. 
 
   6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН  
 БАҚЫЛАУ  
   38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ  
      328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
 
               саласындағы мемлекеттік бақылау 
 
      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 
 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
 
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
 
      2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
 
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік 
еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек 
инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
 
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды 
адамдары жатады.
 
      3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару 
кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа 
алады. 
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі 
келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
 
      5. Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек 
туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы 


 
орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
 
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын 
уәкілетті лауазымды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторына теңестіріледі және осы 
Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
       Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган: 
 
       1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы 
еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге; 
 
       2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі 
туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға 
сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға 
міндетті. 
 
       6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау 
тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 
 
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік 
бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 
 
      Ескерту. 328-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19. 
N 9 
(алғашқы ресми 
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2009.07.17. 
N 188-IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз), 2011.01.06 

378-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің 
 
                принциптері мен негізгі міндеттері 
 
      Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен 
бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және 
жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. 
 
       Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: 
 
       ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды қамтамасыз ету; 
 
       қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары 
мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; 
 
       Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер 
мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады. 
 
      330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары 
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды 
жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының: 
 
       1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен 
кәсіпорындарда кедергісіз болуға; 
 
       2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті 
құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға; 
 
       3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, 
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, 
әкімшілік жазалар қолдануға; 
 
       4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 
 
       5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс 
орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау